Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет233/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

2. Инфекциялық емес факторлар 
(сирек кездеседі).
 
Дәнекер тіндерінің иммунопатологиялық аурулары.
Кавасаки синдромы. 
Аллергиялық аурулар 
(сарысу ауруы, өкпе эозинофильді инфильтраты, Стивен-
Джонсон синдромы, дәрілік аурулар және басқалар). 
Метаболикалық бұзылыстар
(уремия, микседема және басқалар). 
Лейкоз және залалды ісіктер метастазы.


387 
Химиялық немесе физикалық әсерлер: 
сәулелі зақымдалулар (ионизациялық 
радиация); токсиндер әсері (қорғасын және басқалар); дәрілік препараттардың әсері 
(доксорубицин және басқалар); жануарлар шағуы (жылан, қарақұрт және басқалар); жүрек 
жарақаты (доғал немесе тесіп өтетін), посткардиотомиялық синдром. 
Патогенезі. 
Миокардиттер патогенезінде, патологиялық процессте өзіндік жеке 
ағымдық көрініс қалыптасуға ықпал ететін, механизмдерді төрт негізгі топқа бөледі:
1. 
Патогендік фактордың кардиомиоциттерге тікелей әсер етуі
(инфекциялық, 
паренхиматозды миокардит). Бұндай механизм, әдетте вирусты инфекцияларды 
байқалады. 
2. 
Миокардтың тамырлық зақымдалуы
келесілермен: а). Кейбір қоздырғыштардың
«эндотелиотроптығы» (грипп вирусы, аденовирус, микоплазма және басқалар);
б). Инфекциялық және инфекциялық емес иммунокомпонентті зақымдалулар (дәнекер 
тіннің иммунопатологиялық аурулары). 
3. 
Жүрек тіндерімен қарама-қарсы әсерлесетін антиденелер және активтелінген 
лимфоциттердің зақымдау әсері
. Бұл механизм, өз патогенезі бойынша ревматикалық 
миокардитке жақын, бірақ одан жалпы белгілері болмауымен ажыратылатын, 
постстрептококкты миокардитке тән.
4. 
Миокардтың іріңді метастатикалық зақымдалуы
септикопиемиялық 
процесстерде байқалады және балаларда сирек кездеседі.
Жіктелісі.
Миокардиттердің жалпы қабылданған жіктелісі педиатрияда жоқ. Н.А. 
Белоконь мен М.Б. Кубергер ұсынған жіктеліс (1987) 
92 кестеде
берілген. 
92 КЕСТЕ 
Н.А. БЕЛОКОНЬ МЕН М.Б. КУБЕРГЕР ҰСЫНҒАН МИОКАРДИТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛІСІ
(1987 ж.)
 
 
Аурулардың пайда 
болу кезеңі 
Туабіткен (антенатальды) – ерте, кеш. 
Пайда болған 
Этиологиялық фактор 
Түрі (процесстің негізгі 
орналасуы бойынша) 
Ағымы 
Кардиттің ауырлығы 
Жүрек жетіспеушілігінің 
түрі және дәрежесі 
Ақыры және 
асқынулары 
Вирустық, вирусты-бактериальды, бактериальды, 
паразитарлы, саңырауқұлақты, иесиниозды, аллергиялық 
(дәрілік, сарысулық, поствакцинальды), идиопатиялық 
Кардит
Жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы 
Жедел – 3 айға дейін. 
Жеделдеу – 18 айға дейін 
Созылмалы – 18 айдан артық (рецидивті, алғашқы-созылмалы):
іркілістік, гипертрофиялық, рестриктивті варианттар 
Жеңіл, орташа, ауыр 
Солқарыншалық І, ІІА, ІІБ, ІІІ дәрежелі 
Оңқарыншалық І, ІІА, ІІБ, ІІІ дәрежелі 
Жайылған (тотальды) 
Кардиосклероз, миокард гипертрофиясы, ырғағының және 
өткізгіштігінің бұзылуы, өкпе гипертензиясы, қақпақтық 
аппараттың зақымдалуы, констриктивті миоперикардит, 
тромбоэмболиялық синдром 
Клиникалық көрінісі.
Шағымы:
«әлсіз, тез арытатын» мазасыздық, әлсіздік, шарша-
ғыштық, бас айналуы, ентігу, жүрек соғу, жүрек тұсында шалыс соғу сезімі, кеуде 


388 
қуысында ауырсыну (әдетте, перикардитпен немесе коронарлық тамырлардың 
зақымдалуында).
Кардиальды синдром:

жүректің көлденең мөлешерінің ұлғаюы (көбіне солға қарай);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет