Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет230/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Ревматизмдегі аорта саңылауының тарылуы көбіне
қолқа қ ақпақтарының 
жарамсыздығына 
қосарланады.
 
Гемодинамикасы:
жармалардың бір-біріне жабысып қалуынан қанның аортаға 
айдалуына қарсылық пайда болады да, сол қарынша гипертрофияланады. Жүрек 
тамырларында қан айналуының бұзылуынан бұл ақауға дистрофиялық және 
склеротикалық өзгерістер тән болып келеді. 
Шағымдары
көпке дейін байқалмайды, тек ұйқы артериясына (күре тамырға) 
тарайтын 2 тонның әлсіреуімен бірге байқалатын, оң жақтан екінші қабырға аралықтан 
анықталатын қатқыл систолалық шу бірден-бір белгісі болады. Алғашқы шағымдар 
миокардтың жарамсыздығының пайда болуымен байланысты болады да, ентігу 
(алғашқыда денеге салмақ түскенде, содан кейін ұдайы байқалады), жүрек тұсының 
ауыруы, басының айналуы және есінен тану (ми ишемиясына байланысты), жүрек соғуы 
сияқты белгілері пайда болып, науқас үдейі түседі. Пульстің толықтығы төмендейді, 
көбіне брадикардия байқалалды. Жүрек ұшының соққысының жоғары көтерілуі (сол 
қарыншаның гипертрофиясының белгісі) көңіл аударады, жүрек шекарасы ұзақ уақыт 
қалыпты болады немесе солға кеңейеді (көбіне орташа кеңейеді). Пальпациялағанда, оң 
жақтан екінші қабырға аралықта діріл анықталады. 
ЭКГ-да
қарынша гипертрофиясының белгілері, жүрек-қан айналу жетіспеушілігінде 
миокард ишемиясы белгілері анықталады. 
ФКГ-да
аорта тұсында жоғары жиілікті, ромб тәрізді, 1 тонмен байланысты, 2 тон 
басталғанша бітетін систолалық шу тіркеледі, 2 тонның аорталық компоненті әлсірейді. 
Рентгенограммада
жүрек пішіні қалыпты немесе етік тәрізденіп, мықын анықталады 
да, көк еттің үстінде ұшының көтерілуі байқалалды. Екінші қисық қалыпта аорта 


380 
бағанасының тарылудан кейінгі кеңеюі анықталады, аорта қақпақтарының кальцинозы 
байқалуы мүмкін. 
Эхокардиограммада
аорталық қақпақтардың систолалық айырылуы азаяды. 
Көптеген ғалымдар ақауы 5 сатыға бөлінеді: 1 сатысы – тек тарылу шуы естілетін 
толық компенсацияланған саты, 2 сатысы – ентікпе, шаршағыштық, басы айналу сияқты 
шағымдар пайда болатын жасырын қан айналу жетіспеушілігі сатысы (алғашқы белгілер 
сатысы), 3 сатысы – жүрек-қан айналу жетіспеушілігі: стенокардиялық ауру, есінен тану 
байқалады. 4 сатысы – сол қарынша жетіспеушілігі айқын білінеді (өкпеде іркілістік 
құбылыстар, өкпе шемені ұстамалары), 5 сатысы – жалпы декомпенсация сатысы. Жүрек 
ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы сияқты асқынулар болуы мүмкін. мүмкін. 
9.2.6. ҮШ ЖАРМАЛЫ ҚАҚПАҚТЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ 
Үш жармалы қақпақ шамасыздығы 
көбіне ревматимнің үздіксіз қайталама 
дамуында байқалады.
Бұндай науқастарда трикуспидальды шамасыздық немесе тарылу 
бұрын пайда болған митральды немесе аортальды ақаулармен қосарланады. Митральды 
қақпақтардың тарылуында немесе шамасыздығында трикуспидальды қақпақтың 
салыстырмалы (шала) жарамсыздығы, балаларда жиі байқалады. Үш жармалы қақпақтың 
жекеленген жарамсыздығы, балаларда ұзақ уақыт бойы оң бұғана асты венасында катетер 
тұру нәтижесінен пайда болатын, бактериальды эндокардитте байқалуы мүмкін. 
Клиникасы:
беттің цианозы, акроцианоз, мойын көк тамырларының кеңеюі, оң 
веналық пульс, декомпенсация пайда болғанда, жүргізілген емге қарамастан, аяқта ісік, 
асцит байқалады. Аускультация жасағанда, төстің төменгі қырында немесе семсерше 
өскінінің үстінде жоғары және оңға тарайтын, терең тыныс алғанда күшейетін және дем 
шығарғанда әлсірейтін (Риверо-Корваль белгісі) систолалық шу естіледі. Бауырды 
пальпациялағанда, қарыншалар систоласымен синхронды, оның үлкеюі мен пульсациясы 
байқалады. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі оң қарынша және жүрекшенің өсуі ретінен, 
ұшбұрышты пішінді болғаны, жоғарғы қуыс венасының кеңейгені байқалады. ЭКГ-да оң 
жүрекшенің шектен тыс салмақтану белгілері (биік ұштанған тісшелер) байқалады. ФКГ-
да пансистолалық шудың ырғағын амплитудасының тыныс алғанда үлкейгені байқалады. 
Жүре пайда болған ол атриовентрикулярлық тесіктің балалық шақта өте сирек 
кездеседі, ол көбіне туа болған ақауда (Эбштейн ауруында) болып келеді. 
Соңғы 10-15 жыл ішінде, клиникалық белгілері бұрынғыдай болып қала берсе де, 
ревматизм көптеген клиникалық-морфологиялық өзгерістерге ұшырап, қазіргі кездегі 
ерекшеліктері байқалатын болды: 
Ревматизмнің ауыр дамулары сирек байқалатын болды. 
Ревматизмнің жедел басталып дамитын түрлері азайып, көбіне жеделдеу, созылмалы 
және жасырын дамитын ревматизм жиі кездесетін болды. 
Жүрек зақымдалуының ауыр түрлері сирек кездеседі. 
Жиірек моноартриттер, полиартриттер сиректеу байқалатын болып отыр. 
Көбіне полиартриттердің орнына артралгиялар жиі кездесіп жүр. 
Хореяның жедел түрлері жоққа жақын болып, негізінде жеделдеу созылмалы хорея 
байқалатын болып жүр. 
Ревматикалық түйіндер жоққа жақын болды. 
Жүрек ақауларының пайда болуы азайды. 
Ревматизмнен балалардың шетінеуі 11-12%-дан 0,7-0,8%-ға дейін төмендеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет