379
Мюсси белгісі (басының тербелуі), қарашықтың кеңеюі және тарылуы (Ландольфия
белгісі) балаларда сирек кездеседі. Жүрек ұшының серпінінің жайылып, биіктегені, жүрек
шекарасының негізінен солға, кеңейгені анықталады.
Аускультация жасағанда, екінші
қабырға аралықтағы протодиастолалық шумен қатар, оң жақта (кейде қатқыл болып
келеді) қолқаның салыстырмалы тарылуының систолалық шуы, жүрек ұшында митральды
қақпақтық салыстырмалы (сол қарыншаның дилатациясы) систолалық шуы, Флинттің
ирисистолалық шуы (митральдық салыстырмалы тарылу) анықталады. Бұның бәрі құрама
немесе қосақ ақаулар бар деген жалған болжам жасауға әсерін тигізуі мүмкін. Үлкен
тамырлар деңгейінде пистолеттің атылуы тәрізді. Траубенің қос тоны (артерияның
қабырғасының систола және диатола кезендегі тербелісіне байланысты), артерияны
фонендоскоппен басып, кішкене қысқанда
әдеттегі систолық шу орнына, Дюрозье қос
шуы (систолық және диастолық), қолқа деңгейінде 2 тонның әлсірегені анықталады.
Қолқа жарамсыздығында жүрек шамасыздығы, жиі қайталамаларда және қақпақтар
айқын деформацияланғанда, көбіне сол қарынша әлсіздігі түрінде пайда болады.
ЭКГ-да
сол қарынша гипертрофиясының белгілері болады. Қақпақтың кішкене
ақауларында шу тыңдағанда жақсы
естіледі, сол ФКГ-да ол өте айқын естіледі.
Рентгенограммада
веноздық іркіліс белгілері анықталады, жүрек көлеңкесінің (қара
дағы) аорталы конфигурациясы оң бөліктерінің үлкеюімен қосарланып байқалады.
Эхокардиографияда диастола кезінде аорталық жармалардың айырылып кетуі және
жоғары жиілікпен митральды жармалардың регургитация толқыны, сол қарынша
дилатациясы, өрме қолқаның кеңеюі қарынша перденің және сол қарынша
қабырғаларының амплитудасының артуы
әсерінен, дірілдегені байқалады.
Қолқа жарамсыздығы балаларда көбіне жайлы дамиды, жеке компенсация
белгілерінің пайда болуы ақаудың және миокардтың зақымдалуының ауырлық дәрежесін
көрсетеді.
9.2.5. ҚОЛҚА САҒАСЫНЫҢ ТАРЫЛУЫ (ҚОЛҚАНЫҢ ТАРЫЛУЫ)
Достарыңызбен бөлісу: