Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет226/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Жедел ағымды
: клиникалық және лабораториялық өзгерістер айқын, күрт дамиды да, 
2-3 ай ішінде жағдайы жақсарады, жүрек ақауы сирек болады. Дамудың бұл түрі көбіне 
алғашқы ревматизмде байқалады. 
Жеделдеу ағымы
: клиникалық белгілері жайлап дамиды, полисиндромдыққа 
бейімділігі байқалмайды. 2-6 айға созылады, ревматизмге қарсы емнің тиімділігі айқын, 
көбіне жүрек ақауы пайда болады. 
Баяу (созылыңқы), енжар-торпидті ағымы
: ауру 4-6 ай бойына, айқын қайталанусыз 
және толық сауығусыз (ремиссиясыз), созылады. Әдетте бұлай орташа және төмен активті 
ревмокардит дамиды. Жасалған емге қарамастан, көбіне жүрек ақауы пайда болады.
Толассыз (үзіліссіз) қайталама (рецидивті) ағымы
: ревматизмнің өту барысының ең 
ауыр түрі. Ересек балаларда жиі кездеседі. Айқын қайталану белгілерімен, полисиндром-
дыққа бейімділікпен сипатталады. Емдеу барысында толық сауықпай (толық ремиссия 
байқалмай) жатып, жағдайы қайтадан ауырлап, ревматизмнің белгілері байқалады. 
Жасырын (бүркеме) ағымы
– ревматизмнің активтік белгілері бұрында және қазіргі 
ақауы, көбіне митральды (қос жармалы) қақпаның жетіспеушілігі анықталады. Бұл жағ-
дайда науқастың шағымдарына және кішкене белгілеріне (сәл ғана тахикардия, себепсіз 
жалпы шаршағыштық, терінің бозаруы, мұрнынан қан кету және т.б.) көңіл аудару керек. 
Жүрек шамасыздығы Стражеско-Василенко жіктелісі бойынша анықталады, болмаса 
– сол және оң қарынша декомпенсациясы болып бөлінеді. 
Ревматизмнің анықтау (диагностикалау) шектерін (критерияларын) балалар 
ревматизмі ғылымының негізін қалаушы А.А. Кисель (1930-1938 жылдарда) құрастырған. 
Анықтау (диагностикалық) шектерін негізгі (үлкен, арнайы) және қосымша (кішкене, 
бейарнамалық) болып, екіге бөлінеді. 
Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша, ауруға ревматизм қою үшін екі немесе бір 
негізгі және екіден артық қосымша көрсеткіштер анықталу керек.
 
91 КЕСТЕ 
РЕВМАТИЗМНІҢ КИСЕЛЬ-ДЖОНСОН БОЙЫНША ҚАЙТА ҚАРАЛҒАН 
АНЫҚТАУ ШЕКТЕРІ (төртінші қайта қарау, 1992) 
Негізгі шектер 
Қосымша шектер 
Стрептококктік инфекция
белгілері 
1. Кардит 
2. Полиатрит 
3. Хорея 
1. Артралгиялар 
2. Қызба 
3. Шежіресінде ревматикалық 
1. Жақында стрепткокктік 
инфекциямен ауруы; 
2. Тамағынан алынған 


370 
4. Теріасты 
түйіндер 
5. Анулярлы 
эритема 
шабуылдың немесе жүрек 
ақауының болуы 
4. Лейкоцитоз, ЭТЖ, сиал 
қышқылдарының, С-реактивті 
белок деңгейінің артуы 
5. ЭКГ-де Р-R аралығының ұзаруы 
6. Басқа белгілері: іштің ауыруы, 
мұрнынан қан кету, ревматикалық 
пневмония және т.б.
себіндіден А тобындағы 
стрептококктің анықталуы; 
3. АСЛ-О немесе басқа 
антистрептококктық 
антиденелердің титраның 
артуы. 
Негізінен тұрақты, өте маңызды клиникалық белгілері болып кардит, хорея, содан 
кейін полиартрит есептелінеді. Лабораториялық көрсеткіштер, кез-келген инфекциялық 
процесстің ауырлық дәрежесін анықтайтын бейарнамалық белгілер болып есептеледі. 
Алғашқы ревматизм 
Алғашқы ревматизмге жедел немесе жеделдеу даму тән болып келеді. Жоғарғы 
тыныс жолдарының инфекциясынан (ЖРВИ, баспа, фарингит) 2-3 аптадан кейін 
ревматизмнің алғашқы белгілері пайда бола бастайды: қызуының күрт көтерілуі, 
интоксикация (уыттану) белгілері, артралгия немесе полиатрия. Буындардың өзгеруі 
науқастардың 1/3 бөлігінде байқалады. Ревматизмдік полиатрит негізінен үлкен және 
орташа буындардың (тізе, шынтақ, балтыр-табан, иық, білезік буындары) симметриялық 
зақымдалумен, онын ұшпалығымен және көшіп-қонғыштығымен (миграциялығымен) 
сипатталады. Бұл зақымдалулар 1-7 күндерде бірнеше буындарда байқалады. Буындар 
ісініп, нұсқасы тегістеліп, енжар және белсенді қимылдар қатты шектеледі де, терісі 
қызарады, қолымен сипалағанда ыссылығы байқалады. 
Патологиялық процесс қанша жедел дамыған болса да, тиімді емнің буындарадғы 
өзгерістер салдарсыз жойылып кетеді. Дегенмен, жиі қайталанған жағдайларда, жүрек 
ақаулары пайда болған науқастарда, өте сирек кездесетін ерекше (казуистикалық) жағдай 
ретінде созылмалы постревматикалық Жаку артриті байқалуы мүмкін. Бұл артрит қол 
және аяқ бастарының ұсақ буындарының, қол басының ілгері майысып, алақан-саусақ, 
буындарының бүгілуімен және дистальдық (шеткі) буындардың кейін жазылуының 
қосарлануымен сипатталады. 3-күн бойы дене қызуы көтеріледі де, буын синдромы 
басыла бастағанда қалыптасады. 
Буындардың зақымдалумен қатар, ревмокардит белгілері пайда болып, 
клиникасында басым бола бастайды. Ревматикалық кардитке патологиялық процесске 
жүректін үш қабатының да ұшырауы тән болып келеді. Дегенмен, миокардит 
ревматизмнің ерте пайда болатын және міндетті түрде байқалатын белгісі болып 
саналады. Миокардитпен қатар дамыған вальвулитті, қабырғалық немесе хордиальдық 
эндокардитті және (немесе) клиникалық нашар білінетін перикардитті анықтап, диагноз 
қою өте қиын болғандықтан, клиникадан жалпы түсінік беретін “ревмокардит” деген ұғым 
қолданады. А.И. Нестеров кардиттерді айқын, орташа, шамалы білінген деп үшке бөледі. 
Миокардит 75-80% жағдайларда отраша және шамалы, ал 20-25% жағдайда айқын 
білінеді. Миокардитте тахи- және брадикардия байқалады, кейде (науқастардың 1/3) 
жүрек соғу жиілігі қалыпты жағдайда болуы мүмкін. Негізінен жүрек шектері, көбіне 
солға, кеңиді, тондары әлсірейді. Жүрек ұшының немесе бесінші нүкте тұсында, жүрек 
аймағына жайылмайтын, систолалық шу естіледі. Жүректің негізінде, қан ағысының 
жылдамдығының өзгеруіне байланысты “айдау шуы” естілуі мүмкін. Бұндай шулардың 
қарқындылығы, науқасты тікесінен тұрғызып немесе салмақ түсіргеннен кейін тыңдағанда 
төмендейді. Айқын білінетін миокардитте қабынудың экссудативті компоненті мен 
миокардтың тін аралығында жайылма (диффузды) өзерістер басым болып келеді. 
Науқастың жағдайы ауырлап, терісі қуқыл тартып, ентігу және цианоз пайда болады. 
Пульс әлсізденіп, артериялық қысым төмендеп, жүрек соғу ырғағы бұзылады. Жүрек 
шекарасы едәуір кеңиді, тондары қатты әлсірейді. Жүрек шамасыздығының белгілері 


371 
пайда болады. Алғашқы ревмокардитте қан айналым жетіспеушілігі, әр уақытта да активті 
кардит белгісі болып есептеледі. Отраша және шамалы білінгенде кардиттердің 
клиникалық белгілері онша айқын және көп болмайды. 
ЭКГ: тахи- немесе брадикардия, жүрек ырғағының жүргізушісінің миграциясы, 
экстрасистолия сияқты ырғақ бұзылыстары, миокардта биоэлектрикалық өзгерістер (Т- 
тісшесінің төмендеуі және деформациясы, ST бөлігінің төмен ығысуы, электрлік 
систоланың ұзаруы) байқалады. ЭКГ-дегі өзгерістердің айқындылығы ревмокардит 
клиникалық белгілерінің ауырлық дәрежесіне байланысты болады. ФКГ: Жүрек ұшында І 
тонның амплитудасы төмендейді, кеңейеді және деформацияланады. ІІІ және ІV тон, 
бұлшық ет жұмысына байланысты систолалық шу анықталуы мүмкін. 
Рентгенологиялық тексерістерде айқын немесе орташа білінген кардиттерде ғана 
өзгерістер (сол қарыншаның өсуі, оның миокардының пульсациясының амплитудасының 
төмендеуі) байқалады. 
Эндокардит барлық жағдайларда миокардитпен бірге байқалып, науқастардың 50-
55% анықталады. Белгілері бірінші күннен бастап білінетін, көбінесе қос жармалы 
қақпақтың вальвулиті анықталады. Негізгі клиникалық белгісі болып жүрек ұшы тұсында, 
Ү нүктесінде естілетін “үрлеген” систолалық шу есептелінеді. Науқас шалқасынан, сол 
қырына жатқанда және денеге салмақ түсіргенде, бұл шудың қарқындығы арта түседі. Шу 
қолтық астына жақсы тарайды. ФКГ-де эпицентрі жүрек ұшы тұсында кішкене немесе 
орташа амплитудалы жиілігі жоғары және ортопансистолалы немесе протосистолалы шу 
анықталады. Рентгенограммада сол жақ шекарасының үлкеюімен қатар, жүректің 
митральдық конфигурациясы (пішіні) анықталады. 
Бірқатар ауруларда аорталық қақпа зақымалады да, төс сүйегінің сол жақ қырының 
бойында диастолалық шумен анықталады. Бұл жағдайда ФКГ-да сол аймақта жоғары 
жиілік протодиастолалық шу анықталады. Эхокардиографияда қос жармалы қақпақтың 
қалыңдаға-ны, жармалар мен хордалардан түсетін эхосигналдар өзгереді, жүректің сол 
қуысының дилатациясы (созылуы), митральдық және аорталық регургитация белгілері 
байқалады. 
Перикардит әрқашанда эндо- және миокардитпен бірігіп байқалады да, ревматизмдік 
полисерозиттердің бір бөлігі болып есептелінеді. Клиникалық белгілері бойынша сирек 
(1-1,5%), рентгенологиялық белгілері бойынша 40% жуық жағдайда, ал комплексті 
инструментальдық зерттеулер (эхокардиографияны қосқанда) анықтау мүмкіндігін 
арттыра түседі. Перикардит құрғақ, фибринозды және экссудатты болады. Фибринозды 
перикардитте жүрек тұсының ауыруы және төс сүйегінің сол қырының бойында 
перикардтың үйкелу шуы естіледі. 
ЭКГ-да Р-тісшесі ұштанады және ST аралығы және Т-тісшесі өзгеріс табады. 
Жалқық (экссудатты) серозды-фиброзды перикардит науқастың жалпы жағдайына әсер 
етеді. Жағдайы қатты нашарлап, күрт сұрланып, бозарады. Науқас төсекте жартылай 
отырып, мәжбүр қалып ұстайды. Пульс жиіленеді, толысуы азаяды, артериялық қысым 
төмендейді. Кейде жүрек шекарасы едәуір үлкейіп, тондары қатты әлсірейді. ЭКГ-да 
миокардтық электрлік активтілігінің төмендеуі анықталады. Рентгенограммада 
шекараларының үлкеюі және пульсация амплитудасының төмендеуімен қатар, жүрек 
контуры тегістеліп, көлеңкесі шар немесе трапеция тәрізденеді. 
Ревматизмде жүрек буындарымен қатар, орталық нерв жүйесінде зақымдалады 
(хорея, менингоэнцефалит, лептоменингит, энцефалопатия, нейроревматизм). 
Кіші хорея – қыртыс асты түйіндерін таңдап зақымдайтын қыртыс асты және бірең-
сараң қыртысты энцефалит. Хорея балаларда жиі (барлық алғашқы ревматизмнің 11-13% 
жағдайында), негізінен 5-10 жас аралығында кездеседі. Көбіне қыз балалар, әсіресе
жыныстық жетісу кезінде, ауырады. Хорея ревматизмнің активтілігін көрсетеді, баяу 
(сызылмалы) және шамалы белгілі түрлері болады. Морфологиялық көрсеткіші болып 
мидың стриопаллидарлы жүйесінің васкулиті және дистрофиялық өзгерістері 
есептелінеді. 


372 
Балаланың күрт психикасы бұзылып, өзімшілдік, эмоциялық беріксіздік немесе 
керісінше енжарлық, ұмытшақтық, шаршағыштық, жаугершілік (агрессивтік) пайда 
болады. Бұлармен қатар, гиперкинездер мен қимылдық активтілік және бұлшық ет 
гипотониясы мен бұлшық ет әлсіздігі пайда болады. Науқас баланың бет-аузы жыбырлап, 
сөзінің анықтығы жойылады, буындарының қимылдары бұзылады, жазуы өзгереді, 
қолына зат ұстай алмайды, ұстаған заттары түсіп кетеді. Бұл көбіне мектептегі 
балалардың қолындағы қаламының жерге түсіп кетуіне, жазып келе жатқан сөзінің, 
әріптерінің қисық болуы, тіптен жаза алмауына әкеліп соқтырып, “қиын бала” (“жаман 
бала”) деген ұғым туғызуы мүмкін. Қыз балалар дастарханға тамақ әкелгенде, қолындағы 
ыдыстары түсіп кетуі мүмкін. Жалпы қимылдарының мазасы кетіп, дәлдігі бұзылады. 
Ауыр жағдайларда сөйлей алмау қалуы, тыныс алуының бұзылуы, зәрінің және нәжісінің 
тоқтамауы, көзін тоқтатып қарау мүмкіншілігі бұзылуы мүмкін. 
Кейде бұлшық ет гипотониясының маңызы артады. Балалар отыра, жүре алмайды, 
жұту және басқа физиологиялық процесстер бұзылады. Хореяның көптеген белгілерінің 
ішінде “бос иық” (науқасты екі қолтығының астынан алып көтергенде, басы екі иығының 
арасына түсіп кетеді). Черни (ауаны ішіне тартқанда төс өсіндісінің астының ішке қарай 
тартылуы). Филатовтың “көз және тіл” (бір уақытта көзін жұмып, тілін шығара алмауы). 
“хореялық қол” (қолын ілгері созғанда қолының басының буыны бүгіліп, алақан-саусақ 
аралық буындардың кейін жазылу). Гордон (тізенің сіңірлік рефлексін анықтағанда, 
жоғары көтерілген балтырдың төмен түспей тұрып қалуы) белгілері анықталады. 
Иогихес сынамасы: науқас пен дәрігер біріне бірі қарсы тұрады. Содаң соң дәрігер 
қолымен жан-жаққа әртүрлі бағытта қимылдар жасайды, оны ауру бала қайталауы керек. 
Бұл сынама қимылдың дәлдігінің сәл ғана бұзылыстарын да анықтауға мүмкіндік береді. 
Хореялы гиперкенездер ұйықтағанда жойылып кетеді. Сонымен қатар, саусағымен мұр-
нының ұшын табу, өкше-тізе сынамасы, баланы Ромберг қалпына қойып тексеру қолда-
нылады. Нашар білінетін гиперкинездерді төсегінде шалқасынан көзін жұмып жатқан 
баланың аяқ-қолын 1 минут бойына жоғары көтергенде, баланың өзі киіну, шешіну, 
киімдерін жинау, әсіресе ілгектерін ағыту және салу кездерінде анықтауға болады. 
Хореяның айқын түрлерімен қатар, тән емес (типті емес) түрлері де кездеседі. Бұл 
түрлері соңғы кезде, әсіресе мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы 
балаларда жиі кездесетін болып жүр.
1. Көбіне шамалы білінетін түрлері байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет