353
Емі.
Кішкене (рестриктивті), гемодинамикалық бұзылыстар байқалмайтын ҚАПМ-де
оталық ем жүргізілмейді.
Дегенмен, екіншілік асқынуларды дер кезінде анықтау үшін
тұрақты бақылап отырады. Үлкен ҚАПМ-терде (солдан оңға қан құйылу айқын байқал-
ғанда) оталық ем гемодинамикалық бұзылыстардың айқындық дәрежесіне және консерва-
тивті емнің тиімділігіне байланысты, тағайындалады. Ота жасауға ең тиімді болып 3 және
одан үлкен жас есептеледі. Дегенмен, көп жағдайда, екіншілік асқынулардың алдын-алу
үшін, балаларға емшек жасында хирургиялық ем қолдануға тура келеді. Оталық емді
науқастарда өкпе гипертензиясының склеротикалық сатысында жасауға болмайды.
9.1.2. ЖҮРЕКШЕ АРАЛЫҚ ПЕРДЕНІҢ МҮКІСТІГІ
Жүрекке анатомиялық
көзқараспен қарағанда, жүрекшеаралық перденің
мүкістігінің бірнеше түрлерін бөлуге болады:
1. Екінші реттік мүкістік – 60% жағдайларда кездесетін сопақша (овальды) шұқыр
аймағының мүкістігі, жоғары қуыс венасының сағағы жанындағы мүкістік 5%
деңгейінде кездеседі. Бірден 2-3 мүкістік байқалуы мүмкін.
2. Бі рінші реттік мүкіс перденің төменгі 1/3 бөлігінде атриовентрикулярлық
қақпақтың үстінде орналасады. Бірінші реттегі мүкістік екінші реттегімен қосарлануы
мүмкін. Жекелеген бірінші реттегі мүкістік сирек кездеседі.
3. Жүрек шеарал ық перд енің б олма уы – жалпы (бір) жүрекше.
Достарыңызбен бөлісу: