346
Үлкен адамдар мен 12 жастағы және одан үлкен балаларға 25 мкг сальметерол және
50 мкг флутиказон пропионат тәулігіне 2 рет, немесе тәулігіне 25мкг сальметерол және
125мкг флутиказон пропионат 2 рет, немесе 25мкг сальметерол және 250мкг тәулігіне 2
рет жасалады. 4 жастағы және одан үлкен балаларға 25мкг сальметерол және 50мкг
флуктизон пропионат тәулігіне 2 рет жасалады.
Эпизодтық БА (1-ші саты).
Жеңіл. Науқас ингаляциялық кортикостероидтармен
емді қажет етпейді. Элиминациялық шаралар, қосарланған риниттер бар болса,
соларды
емдеу тиімді болып келеді.
Жеңіл персистеуші БА (2-ші саты).
Кромондармен 3 айдан кем емес мерзім бойына
емдеу. Емнің басында антилейкотриендік дәрілерді, ұзақ әсер ететін β
2
-агонистерді,
ұзартылған теофилиндерді қолданған жөн. Нәтижесі шамалы болса иГКС-дың аз дозалары
үлкен спейсерлерді (0,75 л) пайдаланып беріледі.
Орташа ауыр персистеуші БА (3-ші саты).
иГКС-дың аз және орташа дозалары
иГКС-дың төменгі дозаларымен, антилейкотриенді дәрілермен қосарланып қолданылады.
Ауыр персистеуші БА (4- ші саты).
Күрделіленген дәрілер, иГКС орташа және
жоғары мөлшерде қолданылады. Антилейкотриенттық препараттар, жәйлап босайтын
теофиллиндер қолданылады.
Базисті
емнің тиімділігі тұрақты, пикфлоуметрия жүргізу арқылы бағаланып
отырады. БА-ны қадағалауға қол жеткізілгеннен кейін, 3 айдан кейін ғана базисті емді
өзгертуге болады. иГКС дозасын 25-50%-ға 3 ай сайын, науқастың жағдайы тұрақты
болса, азайтады.
Алдын-алу қасиеті бар дәрілерден
– интал (кромолин натрий)
педиатриялық
практикада жиі қолданыла бастады, ол фосфодиэстеразының белсенділігін жойып, «мес»
клеткаларда клеткалардағы цАМФ-тың концентрациясын көбейтеді. Сол себепті «мес»
клеткаларың мембраналары арқылы жүретін кальций иондарының тасымалдануы
нашарлап, олардың дегрануляциясын болдырмайды және аллергиялық медиаторлардың
шығуының алдын алады. Интал мукоцилиарлы тасымалдануды жақсартады. Ол
атопиялық демікпеде жақсы нәтиже береді. Нәтиже 2-4 аптадан кейін байқала бастайды.
Кейбір науқастарды инталмен емдеу кезінде глюкокортикоидтарды тоқтатуға немесе
олардың тәуліктік мөлшерін азайтуға болады. Сөйте тұра, интал демікпенің ауыр түрінде
оң нәтиже бере алмайды.
Демікпенің атопиялық түрінде бактериясыз аллергендермен арнайы
гипосенсибили-
зациялау
қолданылады. Арнайы терапия көп ауруларда (80-85%) жоғары нәтижелі әсер
етеді. Клиникалық динамикасының жақсаруымен қатар, арнайы гипосенсибилизациялау-
дың
әсерінен, қан сарысуындағы деңгейі жоғарылайды да, блокирленген антиденелердің
саны өседі. Клеткалық иммунитет күшейіп, бұрын саны азайып кеткен Т-лимфоциттер
қайта көбее бастайды, клетка-супрессорлардың субпопуляциясының деңгейі көтеріліп, ал-
лерген арнайы супрессияның индукциясы (орналасуы) күшейеді. Көп жылдар бойы қолда-
нылып келген арнайы гипосенсибилизация әдісі өте жоғары нәтижелер беріп келе жатыр.
Бірақ, арнайы гипосенсибилизациядан соң науқас толық сауығып кетпейді және бактерия-
лы вакциналар аллергиялық ауруларда емдеуде оң нәтиже беретіні дәлелденбеген.
Атопиялық демікпеде Т-лимфоциттердің деңгейі азайып кетуіне байланысты,
иммундымодурлеуші
дәрілерді қолданған жөн. Көбіне девамизол қолданылады. Сонымен
қатар, кейбір авторлардың айтуы бойынша, иммундымодурлейтін дәрілерді өте сақ түрде,
міндетті түрде иммунологиялық бақылау жүргізе отырып тағайындаған жөн.
Соңғы жылдары дәрісіз емдеу әдістеріне көп көңіл бөлінуде:
емдік дене шынықтыру,
физиотерапия, рефлексотерапия, инетерапиялар
кеңінен
қолданылып, біршама оң
нәтиже көрсетіп отыр, яғни, клиникалық динамикасы жақсарып, орталық жүйке жүйесінің
биоэлектрлік белсенділігі қалпына келеді, өкпелік вентиляция жақсарады, қан
сарысуындағы кортизолдың деңгейі көтеріледі. Дегенмен, рефлексотерапия тереңірек
зерттеуді қажет етеді.
347
Орташа және ауыр ұстамадан науқас шыққаннан кейін ең болмағанда 3 күн бойына
күнде бақылап, қадағалап отыру керек
Демікпемен ауыратын науқастарды реабилитациялаудың маңызды бөлігіне науқасты
жергілікті және климаттық санаторияларда емдеу жатады.
Спелеотерапия
– демікпемен
ауыратын науқастарды тұзды
шахтаның микроклиматында емдеу, ол әрі қарай зерттеп,
тексеруді қажет етеді.
Қосарланған ауруларды емдеу.
БА- мен ауыратын балаларда бақа қосарланған
аурулар анықталса олардың этиологиялық факторларының немесе патогенетикалық
механизмінің бір болуы мүмкін екені туралы ойлау керек. Анықталған
нерв жүйеснің
ауруларын (ОНЖ резидуальды органикалық бұзылыстар, церебральды ангиодистониялар,
мидың орталық құрылымдарының дисфункциясы, мидың құрысуға жоғары дайындығы,
немесе есінің клиникалық манифесті пароксизмальды бұзылыстары, нейроциркуляторлық
дисфункция) емдеу БА- ның ағымына оң әсер етеді. Көрсеткішетрі бар болса, ноотропты
дәрілер (пирацетам, фенибут), микроциркуляцияны
қалыптастыратын препараттар
(циннаризин, актовегин, кавинтон), инстенон, М-холинилитикалық әсер алу үшін
құрамында белладонна бар дәрілер қолданылады. Омыртқа жотасының мойын бөлігі
қызметі өзгерсе жаға аймағына массаж, 1% эуфиллин және 1% никотин қышқылымен
электрофорез жасайды.
БА-мен ауыратын балаларда
ішек-қарын аурулары
50-70% жағдайда кездеседі. Олар
тағамдық сенсибизация байқалатын балалардағы жүйелік атопиялық аурудың көрінісі
болса керек. Бұндай ауруларда БА ұзақ байқалатын атопиялық дерматитпен бірге жүреді.
Осындай жағдайда лейкотриендық рецепторлар антагонистерін (аколат, сингуляр), Н
1
-
гистаминдық рецепторлардың блокаторларының ІІ ұрпағын қолдану БА, ішекқарын жол-
дарының аллергиялы аурулары мен атопиялық дерматиттің патогенетикалық еміне жата-
ды. Ішек-қарын жолдарының ауруларының белгісіне сәйкес емдеу қажет.
Өттің ағуын,
әсіресе өт жолдарының ақаулары бар болса, қалыптастыру (сілітілі минеральды сулармен
тюбаж, өт жүргізетін шөптер, жоғары сезімталдығы болмаса) маңызды болып келеді.
БА патогенезінде жасушалар мембранасының тұрақсыздығы синдромы маңызды
орын алады. Бұндай балаларды тексергенде оксалурия, жалпы және тіке емес билирубин-
нің ұлғаю, тромбоцитопенияның анамнестикалық, клиникалық, лабораториялық белгілері
байқалады. БА- ның емінің тиімділігін артыру үшін жасушалар мембранасының
тұрақтылығын артыруға бағышталған ем жүргізіледі: Е, А, С- витаминдері, В
6
витамині,
магний тотығы, ксидифон, эссенциале.
Достарыңызбен бөлісу: