Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет204/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(81 кесте).
Жеңіл өтуі:
Ұстама жылына 3-4 рет, яғни сирек байқалады, жалпы қал-жағдайы 
онша азап шекпейді, ұстама аралық кезеңде балалар өзін сау сезінеді. Ұстама жеңіл 
тарайды да, тұрақты эмфизема болмайды. 
Орташа өтуі:
Ұстама неғұрлым жиі, ай сайын ұстайды. Ұзақтығы бірнеше күнге 
созылады. Ұстама тарағаннан кейін басқа мүшелер жағынан клиникалық өзгерістер кетеді 
де, тек арнайы тексергенде ғана ауытқулар анықталады. Ұстамалар аралығындағы кезеңде 


337 
тез шаршау, ашуланғыш, дене дамуының қалыс қалуы, бозару және еріннің сұрғыштануы, 
ауыз айналасының, саусақ ұштарының аздап көгеруі, кеуде клеткасының деформациясы 
байқалады. 
Ауыр түрде өтуі:
Ұстамалы тұншығу жиі, ауыр өтеді және қиын таралады. Кейде 
ауру демікпелік жағдайда жатады. Ұстама айына, аптасына, кейде тәулігіне бірнеше рет 
ұстайды. Ұстама аралық кезең өте қысқа. Жалпы қал-жағдайы азап шегеді, кейбір 
ауруларда созылмалы өкпе текті жүрек қалыптасады.
Бронхтардың арнайы емес гиперреактивтілігін анықтау: Бронх реактивтілі-
гіне баға беру кеселдің тек тұрақты ремиссия кезінде жүргізіледі. Ең жиі қолданылатын 
физикалық жүктемемен жүргізілетін сынақ. Спирометр арқылы жүктеме беру алдында 1 
секунд ішіндегі форсирленген демді сыртқа шығару көлемі (FEV1) анықталады. Содан соң 
6-8 минуттік физикалық жүктеме беріледі (тредмилде жүгіру немесе велоэргометрия- лық 
тұрақты жүктеме – 1,5 вт/кг). Сыртқы тыныс қабілетіне бағаны жүктемеден соң бірден 
және 8-10 минут өткен соң береді. Егер жүктемеден соң пикфлоуметр қолдануда FEV1 
15%-ға кемісе, сынақ оң (+) болып есптелінеді. Бұл жәй сынақ барлық БД-қосарланған 
түрлерінде оң, ал таза атопиялық түрлерінде тек 40% болады.
Асқынулары:
астматикалық жағдай (жоғарыдан қараңыз), өкпе эмфиземасы, 
пневмосклероз, (созылмалы пневмонияны қараңыз). 
Жедел немесе жеделдеу жүрек шамасыздығы: науқастың жағдайы тез нашарлайды
мойын веналары мен еріні ісініп, көгереді, салыстырмалы жүрек тұйығының оң жақ 
шекарасы үлкейеді, бауыры өседі. Ал, кейде шоктық реакцияның белгілері байқалады: 
бозаруы, артериялық қысымның төмендеуі, әлсіз және толықтығы кішірейген пульс
денесінің ісінуі, жайылған цианоз анықталады. 
Ателектаз: ауыр ұстамада бронхтың қою, жабысқақ қақырықпен бітеліп қалуынан 
пайда болады, көбінесе бөбектерде және мектеп жасындағы балаларда байқалады. 
Балаларды ылғалды, кейде зорланып жөтелу, іштің тіке бұлшықетінің және кеуде 
қуысының бөліктері ауырып мазалайды. 
Клиникасы
: тері жамылғысының цианозы (көбіне 
ауыз айналасының, саусақ ұштарының, қол басының), кеуде қуысының бір бөлігінің 
тыныс алудан қалыс қалуы, кеуде қуысының деформациясы, өкпенің семген бөлігінің 
тұсында перкуссиялық дыбыстың тұйықталуы және осы жердегі дауыс дірілінің өзгеруі, 
дем алысының әлсіреуі, крепитациялық және плевраның үйкелу шулары естіледі. 
Қорытынды диагноз рентгеннің көмегімен қойылады. 
Спонтанды (жедел) пневматорокс бронхиальды астманың сирек кездесетін 
асқынуларының бірі болып саналады. Айқын тыныс тапшылығы, кеуде қуысының 
зақымдалған бөлігінің ауруы, оның тыныс алудан қалыс қалуы, орталық көкірек 
қуысының қарсы жаққа ығысуы, қорап реңді өкпе дыбысы байқалады. Пневмоторакс 
туралы күдік туғанда рентгенография жасау керек. 
Медиастинальды эмфизема және тері асты эмфиземасы бронхиальды 
астманың асқынуларының сирек кездесетін түрі. Өкпе тканінің жыртылуы, ауаның интер-
стициальды тканға, одан әрі бронхтардың бойымен өкпе түбіріне, орталық көкірек қуысы-
на және мойын терісінің астына таралуынан пайда болады. Клиникалық белгілері шамалы 
байқалады (басқанда крепитация байқалады) немесе тіптен болмайды, тек рентгенограмма 
жасағанда анықталады. Кейде кеудесі ауырып, цианоз, коллапс байқалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет