Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет195/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

типіне негізделген 
(IgE реагиндері мен IgG). Ол аллергиялық реакцияның ауыр формасы 
және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдай. АШ жайлы алғашқы деректер б.э. 
дейінгі 2641 жылдан белгілі: деректерге қарағанда Египеттік Мензес фараон сона 
шаққаннан өлген.
Анафилактикалық шок анафилактикалық реакциядан еш айырмашылығы жоқ – 
аллергиялық емес жоғары сезімталдық, сыртқы орта себептерінен туындаса да 
патогенетикалық антиген-антидене әсерімен байланысты емес. 
Этиологиясы.
Антиген ағзаға кез келген жолмен түсуі мүмкін: 

дәрілер еккенде парентеральды – жиі пенициллин (6 миллион егуге 1 рет), В

витамині, 
полипептидтер гормондар (АКТГ, ТТГ, инсулин), новокаин, лизоцим және т.б, 
сіреспеге қарсы сарысулар, профилактикалық егулер

оральді – тағам аллергендері (жиі жаңғақтар, крабтар), консерванттар 
(метилбисульфат, глутамат, аспартат және т.б), сапасы нашар жасанды майлар; 

ингаляциялық жолмен; 

жергілікті – жыландар және жәндіктер шаққанда
Қайталамалы ем курстары және ем арасындағы ұзақ интервалдар анафилаксия даму 
мүмкіндігін жоғарылатады.
АШ тағамдық элиминациядан соң провокациялық сынама жасаған кезде, экзогенді 
аллергендермен терілік сынама жасағаннан соң, АСИТ жасаған соң туындауы мүмкін.
Латекске анафилаксия (каучук ағашының қалдық ақуыздарына сенсибилизация) 
балада зәр шығару жолдарының ауруларын емдеуде катетер қолданғанда дамиды.
Анафилактоидты реакция күрт салқындауда, үлкен физикалық жүктемеден кейін, 
йодты рентген контрасты заттардың, декстран, ванкомицин, В
1
витамині, каптоприл, 
ацетилсалицил қышқылының әсерінен дамиды. Соңғы жылдарда идиопатикалық 
анафилаксия жиі тіркелуде. 
Патогенезі.
ББЗ (тек гистамин ғана емес простогландиндер мен лейкотриендерден 
синтезделген) массивті бөлінуімен жүретін жедел типті аллергиялық реакция нәтижесі 
микроциркуляцияның бұзылысы, жүйелі қан қысымының төмендеуі, қанның портальды 
жүйеде жиналуы, бронхоспазм, көмей, өкпе, ми ісінуі болады. Кез келген шок 
кезіндегідей, заңды түрде тамыр ішінде шашырап ұю ( ТІШҰ) синдромы дамиды. 
Аллергиялық емес жоғары сезімталдық базофилдер мен семіз жасушалардың С
З
а 
және С
5
а анафилотоксиндері әсерінен белсенуіне байланысты реагиндердің қатысуынсыз 
жүреді, сондай-ақ ол аллергия медиаторларының босап шығуына және жедел тамырлық 
коллапстың клиникалық көріністерінің дамуына әсер етеді.
Клиникалық көрінісі.
АШ ауырлығы, әдетте, аллергенмен қатынас уақытына кері 
пропорциональды, яғни аллергенмен қатынастан кейінгі клиникалық көрінісі байқалу 
мерзімі неғұрлым аз болса, соғұрлым АШ ағымы ауыр болады.


323 
Аллерген парентеральды түскеннен соң, бірнеше секунд немесе минут қысқа 
мерзімді алғашқы белгілерден кейін (әлсіздік, қорқу сезімі, мазасыздық және т.б.) тері 
гиперемиясы, қышынуы, іште ауырсыну пайда болады. Уртикарлы бөртпе мен 
ангионевротикалық ісік дамуы тән. Тыныс алу жүйесінің симптомдары көмей ісінуінен 
басталып, бронх обструкциясы мен асфиксияға дейін жетуі мүмкін. Ауру «босап», есінен 
танады, аққан тер шығып, терісі бозарып, аузынан көбік көрініп, зәрі мен үлкен дәрет 
ұстай алмай, құрысу, кома дамиды. Науқасты тек қарқынды, белсенді ем ғана құтқара 
алады. Бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін.
Аллергенді жұтқаннан соң шоктың клиникалық белгілері біршама уақыттан соң 
дамиды, ол тамақтың қорытылып, аллергеннің асқазан ішек жолына сіңуіне байланысты. 
Кей науқастарда АШ басқаннан кейін кешіккен әсер түрінде анафилаксияның қайталануы 
мүмкін.
Физикалық жүктемеден болған анафилаксиялық реакция шамадан тыс бұлшықет 
қажуынан кейін теріде уртикарлы бөртпелер мен ангоневротикалық ісік түрінде көрініп, 
лоқсу, құсу, іште толғақ тәрізді ауырсыну, диарея, ауыр ағымында – көмей ісігі
бронхоспазм, коллапспен өтеді. Реакция физикалық жүктемеден соң бірден дамуы мүмкін. 
Толық механизмі анықталмаған. Жоғары физикалық жүктемеде эндогенді опиодты 
пептидтердің босап шығуы сезімтал адамдарда анафилаксия медиаторларының көбеюуі
мен сарысулық лактаттың, креатинфосфокиназа артуына әкеледі деген пікір бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет