316
Диетотерапия тағамдық аллергия еміне арналған тарауда берілген. Кез келген
жастағы балаларда элиминациялық диетаны АД өршуіне қатысты дәлелденген тамақ
өніміне жүргізеді. Абсолютті шартына өзіндік аллергологиялық тексеру мен анамнезінде
бұл тағам рөлі дәлелінің қорытындысы жатады. Иммунопатологиялық және иммундық
емес дерматит емінде басты мән қант, тұзды (экссудативті көріністерді күшейтеді), сорпа,
ащы, өткір, қуырылған
тамақтарды шектеуге беріледі, олар аллергендердің асқазан ішек
жолдары өткізгіштігін арттырады. Ас дайындауға сүзгіштен (фильтрден) өткен су
қолданылады. Тағамға құрамында бояғыштары, консервант,
эмульгаторлары бар
өндірістік консервіленген өнімдерді қолданудан аулақ болу керек. Тұрмыстық
аллергендерді элиминациялау керек. Жүйелі әсер ететін дәрілік заттарды таңдағанда
науқастың жасын, ауру кезеңін, қосымша аурулардың болуын негізге алады.
Аурудың өршуі антигистаминді дәрілерді тағайындауға бірден бір көрсеткіш. І, ІІ,
және ІІІ буын препараттарын қолданады. І буын седативті әсері бар дәрілерді бала
ұйқысын бұзатын, қышуды азайту үшін тағайындайды. Ұзақ мерзімді ем қажет болғанда
(рецидивке қарсы) ІІ және ІІІ буын препараттарын қолданады (зиртек, кларитин, телфаст).
Клетка мембранасы тұрақсыздығы синдромында мембрана тұрақтандыратын таңдау
препараттары кетотифен, ксидифон, антиоксидант (А, В,С
витаминдері, аса қанықпаған
ұзын тізбекті май қышқылдары), налкром болып келеді. Ем тиімділігіне В
6
витамині (500-
600мг/тәулігіне 2 реттен – 1ай), В
12
(кальций пантоненаты 0.05-0.01г/тәулігіне) қажет.
Бета- кератинді қолданудың маңызы бар деп есептелінеді: ол А витамині организмге түсу
көзі, лизосома мен митохондрий мембраналары тұрақтылығын токсикалық заттар,
метаболиттерге арттырып, иммундық жүйені ынталандырып,
липидтердің аса тотығуын
реттейді. Са препараттарын (глюканат, лактат, глицеринфосфат 0.25-0.5гр ішуге, 2-3 рет
күніне), фосфор, фитоем (бүйрек үсті безінің функциясын белсендіретін мия түбірі)
қолданған тиімді. Кейбір балаларда (иммундық емес А.Д бар) асқазан тамшыларын
элеутерококк сығындысын (экстрактымен) қосып берудің 3 айлық курсы пайдалы.
Дерматиттің туындауындағы асқорыту ферменттерінің жетіспеушілігінің рөлін
ескеріп, копрограммадан соң асқорыту ферменттері мен (фестал, дигестол, панкреатин
және т.б) өт айдайтын дәрілерді қолдануды шешеді.
Егер лямблиоз, хеликобактериоз,
гельминтоз болса, арнайы ем қолдану керек. Ішек дисбактериозын емдеу міндетті.
Айқын пиодермия, сыртқы антибактериалды емнің тиімділігі болмағанда флора
сезімталдыңына қарай антибиотиктерді парентеральды тағайындайды. Антибиотиктерді
эмперикалық түрде тағайындағанда
негізгі орынды макролидтер, І, ІІ буынды
цефалоспориндер, линкомицин алады.
Достарыңызбен бөлісу: