309
арнамалы
IgE-мен
әртүрлі
аллергендерге
антиденелерді
радиоаллергосорбентті немесе иммуноферментті тестілер арқылы анықтау;
базофильдер дегрануляциясының реакциясы;
лейкоцитолиз реакциясы, тағам аллергендерімен
лейкоцит миграциясының
тежелуі.
Ажырату диагнозы
. Тағамдық аллергияны аллергиялық емес этиологиялы тері,
асқорыту жолы, тыныс жүйесі ауруларынан ажырату қажет болады.
Емі.
Тағамдық аллергияларды емдеуде қолданылатын негізгі бағыттар:
1. Емдәм;
2. Байқалған аллергиялық аурулар мен реакцияларды емдеу (аллергиялық
реакцияның иммунологиялық, патохимиялық кезеңдерін тежеу шаралары);
3. Қосарланған аурулар мен асқынуларды анықтап, емдеу.
Емдәмі.
Тағамдық аллергияны емдеудің негізі. Анасы гипоаллергенді емдәмді
сақтаса, балаларды емшекпен тамақтандыру тиімді келеді. Анасында сүт жоқ немесе ана
сүтіне жоғары сезімталдық байқалғанда, ақуыз гидролизі жоғары қоспаларды (Альфаре,
Алиментум, Пепти-Юниор және басқа) және сүт ақуызының бөліктік гидролизин
(Хумана ГА1, Хумана ГА2, Фрисопеп) қолданады. Қосымша тамақтарды көкөніс
пюрелерінен (қырық қабат, картоп, кәді, самсар (патиссон) ) бастайды. Екінші қосымша
тамақ ретінде сүтсіз ботқа (арпа, жүгері, күріш) береді. Сиыр сүті белоктарымен
аллергендігі ұқсас сиыр
етіне аллергия байқалғанда, жылқы, шошқа, тауық етін
қолданады. Жұмыртқа, сүт. Бидай, сояға аллергиясы бар балалар тағамдық
элиминацияны бірнеше жыл қата сақтаса, аллергия жойылуы мүмкін, бірақ IgE-
антиденелер сақталады. Клиникалық белгілері айқын болғанда,
толеранттылық дамуы
мүмкін. Арахис, орман жаңғағы, шаян тәріздестер, балық аллергендеріне сезімталдық
өмір бойы сақталады.
Элиминацияның ұзақтығы емдәмді қай жастан сақтайтынына байланысты.
Өмірінің алғашқы жарты жылында рационнан сүт тағамдарын алып тастау элиминация
уақытын 3-6 айға шектейді. Одан кем болса, ем 6-12 айға созылады.
Аллергиялық емес жоғары сезімталдықта және ішек-қарын жолдарының кедергілік
қызметінің төмендеуі мен фермент тапшылығы себебінен болатын екіншілік тағамдық
аллергияда бөлікті элиминация қолданылады.
Толық емес элиминацияға табиғи сүт орнына сүтқышқылды тағамдарды қолдану
жатады, ақуыздардың бөлектік гидролизінің нәтижесінде олардың антигендігі біршама
төмен болады. ТА-да толық емес элиминацияны қолданғанда
клиникалық белгілерінің
басылуы бұл аурудың өткінші және ағымының қолайлы екенін көрсетеді. ТА бар
баланың диетасынан гистамин либераторлары болатын немесе өздерінде гистаминнің
көп мөлшері бар облигатты аллергендерді алып тастайды (бүлдірген, цитрус, қырық
қабат, жаңғақтар, кофе және т.б.).
Тағамның антиген арнамалы әсері төмендететін шараларға жатады: тағам
дайындау технологиясын сақтау, тағамдарды қажетті шарттар
мен мерзімдерге дейін
қолдану, тыңайтқышсыз өсірілген жеміс-жидектерді пайдалану, етті екі рет қайнату,
ауыз суды тазарту. Қант пен ас тұзын 50%-ға шектеу.
Элиминациялық диета минеральды заттарды, соның ішінде кальцийді, В
6
, А, Е, В
5
витаминдерін қалыптастыруды талап етеді. ТА бар балаларда ішек-қарын жолдарының
бездерінің қызметінің бұзылғанын ескеріп, емде ферментті препараттарды (фестал,
панзинорм, ораза, креон) кең қолданады. Хеликобактериоз, лямблиоз, гельминтоздарды
уақытында анықтап, ем қолдану керек. ТА бар балаларда холецистопатияның әсер
механизмі толық зерттелмеген, дегенмен өт айдаушы терапия кешенді терапиясының
маңызды бөлігі.
Басталған аллергиялық реакцияларды емдеу үшін клетка мембранасын тұрақтанды-
ратын антигистаминді дәрілерді (налкром, кетотифен, димефосфан, ксидифон)
қолданылады. Налкром (натрий недокормилі, 100 мг капсулада).
Асқазан жолының
310
клеткаларынан биологиялық активті заттардың бөлініп шығуын тежеп аллергиялық
жауаптың ерте фазасының алдын алады. Бұл дәрілерді антигистаминді препараттармен
қосып аллергиялық реакцияның жедел фазасында (1-3 жастағы балаларда күніне 3-4 рет
1 капсуладан, тағамнан 30-40 минут бұрын береді; 4-6 жас аралығында 4 рет күніне 1
капсуладан; 7-14 жастағы балаларға 2 капсуладан күніне 4 рет) қолданады. Ем ұзақтығы
1,5- 6 ай.
Достарыңызбен бөлісу: