Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет185/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Патогенезі.
Бөгде антиденелердің әсерін ішек-қарын жолдарының иммунды және 
иммунды емес кедергілер жүйесі төмендетіп отырады. 
Иммунды емес жүйеге ақуыздар мөлшерін кішірейтіп және құрылысын өзгертіп 
ұсақ антигендік молекулаға дейін ыдырататын асқазанның тұз қышқылы мен 
протеолитикалық ферменттері жатады. Физикалық кедергілер (клегейді өндіру және 
бөліп шығару, перистальтика) потенциальды аллергендердің ішек-қарын жолдарының
кілегей қабатымен қатынаста болу ұзақтығы мен қарқындылығын төмендетеді. Ішек 
эпителийі макромолекулалар сіңірілуіне кедергі болады. 
Ішек-қарын жолдарының өзіндік иммундық жүйесі бар – лимфоидтық 
фоликулдардың дисеретті жинағынан тұратын ішекпен ассоцияланаған лимфоидты тін; 
эпителий ішілік лимфоциттер: кілегей қабатының плазматикалық жасушалары: іш 
майдың лимфа түйіндері. 
Тағамға толеранттылықтың қалыптасуы (лат. tolerantia – шыдамдылық, көтере алу-
шылық) жергілікті және жүйелі иммунитет фолликуларысмен қамтамасыз етеді. Ішекте 
антигенді аллергиялық емес (толерантты) түрге ауыстыру жүреді. Бастапқы түріне 
қарағанда бұл аллергеннің құрлысы бойынша сәл айырмашылығы болады, бірақ ол СД 
8+ Т-жасушаларды белсендіру арқылы жасушалық иммундық жауапты төмендетеді. 
ТА-ға бейімділігі бар балаларда тағам аллергендеріне толеранттылық төмендегенде 
немесе жойылғанда пайда болады, оған көптеген себептер: 

иммундық жүйе мен асқорыту мүшелерінің функциялық жетілмеуі; 

үлкендермен салыстырғанда sIgA және Т – жасушалардың СД 8+-ң аз 
өндірілуі; 

тұз қышқылы мен асқорыту ферменттерінің активтілігінің төмен болуы; 

кілегейдің аз өндірілдуі. 
Осы айтылған факторлар анигеннің ішек иммундық жүйесінің жасушаларымен
қатынасының күшеюіне алып келеді, соның нәтижесінде арнайы антиденелердің 
өндірілуі күшейіп, сезімталдық жоғарлайды. Ішек-қарын жолының клегей қабатындағы 
атопиялық реакциялар оның өткізгіштігін артырып, тағамдық аллергендердің қан 
айналымына түсуін күшейтеді. Тағамдық аллергендер жеке мүшелерге барып (өкпе, 
бүйрек және т.б.), онда «мес» клеткаларды белсендіреді. Сонымен қатар 
патофизиологиялық кезеңде түзілген биологиялық белсенді заттар (ББЗ) қанға түсіп, 
ішек-қарын жолдарынан тыс дистанционды реакцияларды анықтауы мүмкін. 


307 
Аллергиялық реакциялардың жекеленген иммунды механизмдері (реагинарлы, 
цитотоксикалық, иммунокешені, жоғары сезімталдықтың баяу түрі) сирек кездеседі. 
Көптеген ауруларда тағамдық аллергия уықыт өте келе құрамдасқан түрде дамиды. ТА 
механизмінде басты орынды жоғары сезімталдық алады, ол кезде антигендердің 
элиминациясы (лизис) лимфоидты жасушалармен іске асады. 
Аллергиялық емес жоғары сезімталдықтың әтүрлі механизмдері атопиялық 
реакциялармен бірге (параллелді) жүруі мүмкін немесе одан тәуелсіз іске асады. Бұндай 
жағдайда ББЗ-тардың жасушалардан бөлінуі иммунологиялық кезеңнің қатысуысыз
жүреді, бірақ клиникалық көрінісі кәдімгі жергілікті реакциялардан айырмашылығы 
болмайды. Сондықтан да, ТА бар балалардың 30-45%-да қанында IgE қалыпты болады. 
«Жасуша мембраналарының тұрақсыздығы (стабильді еместігі)» синдромының 
феномені аллергиялық емес жоғары сезімталдығының туындау себебі көп: ксенобио-
тиктер мен анутриенттерді (тағамдық өнімдерді өндірістік консервлеуде қолданылатын 
әртүрлі қосымшалар) шектен тыс көп қолдану, тығайтқыштарды (сульфиттер, 
алколоидтар) пайдалану, гиповитаминоздар мен микроэлементтердің тапшылығы. 
«Жасуша мембраналарының тұрақсыздық» синдромы ішек-қарын жолдарының 
созылмалы ауруларында, дисбакетриозда, адам конституциясының экссудативті-
катаральды және лимфатикалық-гипопластикалық ақауларында туындайды. 
Клиникалық көрінісі:
ТА-ның клиникалық белгілерінің дамуын 3 кезеңге бөлуге 
болады: 
1. Клиникалық белгілердің тағаммен пайда болуы және элиминациялық шаралардың 
айқын нәтижелелігі (клиникалық белгілерінің толық жойылғанша); 
2. Тағамға тәуелді созылмалы ағымы: клиникалық белгілердің айқындылығы 
аллергендік ем дәмге байланысты, бірақ ұзақ уақыт элиминация шараларын 
қолданған күнде де тұрақты ремиссияға қол жеткізу мүмкін емес; 
3. Толық тағамдық тәуелсіздік. Қалыптасқан созылмалы ауру екіншілік патогенетика-
лық тізбектердің қосылуынан әрі қарай дами береді.
ТА-да ішек-қарын жолдарының зақымдалуының клиникалық көріністері 
процесстің орналасуы мен баланың жасына байланысты. Ерте жастағы балалар үшін 
процесстің жеделдігі мен жайылмалылығы тән. Клиникалық айқын гастроинтестиналық 
синдром 1 жасқа дейінгі балаларда 1,9%-да кездеседі. Бұл кезде диарея, құсу, іштің 
ауруы, колит көріністері, нәжіспен энтероциттердің жоғалуы жүреді.
Бір жастан асқан балаларда жиі жеделдеу, созылмалы ағымды, айқын жергілікті 
зақымдалулармен білінеді. Іштің ауруы тағамдық аллергияның барлық жастағы 
балаларда ең жиі болып келеді. Іштің ауруы тағамдық аллергияда кіндік аймағында, 
қысқа уақытқа созылатын, дискинетикалық жағдайлармен байланысты түйілу түрінде 
өтуі мүмкін. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну түзілген гистамин әсерінен болатын 
гиперацидті жағдайға негізделген. Іштің ауырсыну себебі ішек-қарын жолдарының 
жедел және созылмалы аллергияның зақымданулары (гастрит, дуоденит). 
Тағамдық аллергияның ішек-қарын жолдарының жара ауруларында тудыратыныны 
дәлелденбеген. Аллергиялық қабыну ішектің клегей қабатының микрофлорасының 
біршама өзгерісіне әкеледі (бифидобактериялар саны азайып, ішек таяқшасы мен 
энтерококктардың саны артады). Аурудың ұзаққа созылуы екіншілік ферменттапшылық 
жағдайын тудырып, лактозаның мальабсорбция синдромына, глиадин (екіншілік 
целиакия), экссудативті энтеропатияға әкеледі. Жиі холецистопатия дамиды, қарынасты 
безінің ферменттерінің тапшылығы пайда болады, соның нәтижесінде ақуызды 
антигендердің сіңірілуі күшейеді. 
ТА-ның бірден-бір белгісі таңдамалы тәбеттің байқалуы болады. ТА-да баланың 
терісінің зақымдалу жиілігі мен ауырлық дәрежесі жасына байланысты. Өмірінің 
алғашқы жартыжылдығында ана сүтімен немесе жасанды қоректендендіргенде экзема, 
шектелген атопиялық дерматит дамуы мүмкін. ТА-ға тән симптом Квинке ісігі мен
есекжем. Терінің жергілікті зақымдалуы өсімдік тектес тағамды қолданғанда дамитын 


308 
периоральды аллергия синдромы болады. IgE қатыспайтын тағамдық аллергияның бір 
түрі герпетикалық дерматит. Ол глютенді энтеропатия белгілерімен қатар қышымалы 
бөртпелердің болумен көрінеді. Жиі 2-7 жас аралығындағы балалар ауырады. 
Эритроматозды полиморфты бөртпелер жиі тізе, шынтақ, иық, жамбас, бастың шашты
бөліктерінде пайда болады. Алақан, тілерсек аймағында геморрагиялық бөртпелер 
болады. Тері, ішектегі өзгерістер глютеннің азаюына байланысты қалыптасады, 
дегенмен терінің қалыптасу динамикасы ішек қызметінің қалыптасуынан қалыс қалады. 
ТА-да тыныс жүйесінің бұзылыстары ринит, риносинусит, түрінде білінеді. 1 жасқа 
дейінгі балаларда аллергиялық ринит сиыр сүті мен шырынға аллергия байқалғанда 
болады. Ересек жастағы балаларда дәнді дақылдар маңыздырақ болып келеді. Ерте 
жастағы балаларда ТА себепті маңызды тағамды қабылдағаннан кейін, бірнеше 
минуттан кейін жедел дауыс желбезегіасты ларингитпен білінеді. ТА-да байқалатын 
лимфоидты тіндердің гиперплазиясы аденоидиттің, созылмалы тонзиллитің дамуына 
ықпал етеді. Бронхиальды астма салыстрамалы түрде сирек кездеседі. И.М. Воронцов 
«екіншілік нысана астмасы» деген термин ұсынған, себебі бұл жағдайда тұншығу 
ұстамасы аллергенді қабылдағанда, биологиялық активті заттардың дистанционды 
әсеріне байланысты дамиды. 
Аллергенмен аэрозольді қатынас нәтижесінен, балық исіне, жаңғақ аллергеніне 
болуы мүмкін. Экзогенді аллергенді альвеолит тағамдық аллергендерге байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет