446
•
панкреотогенді –
бикарбинаттар өнімі төмендеп, кининдер өнімі арытқанда;
•
гипоксиялық
– өкпе-жүрек жетіспеушілігінде;
•
дәнекер тіндердің диффузды ауруларында
– микроциркуляцияның бұзылуына бай-
ланысты;
•
созылмалы бүйрек жетіспеушлігінде
– бүйректерде гастрин бұзылуының азаюы және
асқазанда қорғаныстық кедергінің бұзылуы нәтижесінде болады.
Емі
режимді, емдәмді, дәрілік және дәрілік емес, сонымен қатар рецедивтік және
қабынудың алдын алуды қамтып, кешенді болуы керек.
Төсектік режим қарқынды ауру байқалған кезде тағайындалады.
Емдәм асқазанды механикалық, химиялық, термикалық аяушылық негізінде құрылу
керек. Тағам құрамынан ащы қосындылар, ас тұзы және холестеринге бай тағамдар алып
тасталады. Тағамды күніне 4-5 рет қабылдау керек. Аурдың жедел сатысында №1а, №1б,
№1 емдәмдер қолданылады.
Балалар ОЖА
фармакотерапиясы
. Келесі препараттар топтары қолданылады:
1.
Асқазан сөлінің құрамының жаугершілік қасиетін төмендететін дәрілер
:
• антацидті дәрілер (альмагель, фосфалюгель, маалокс, мегалак, викаир, викалин) 2-3
апта бойына тамақтан 1,5- 2 сағат бұрын және ұйқы алдында беріледі.
• сөлініске қарсы әсер ететін дәрілер:
-
протонды помпаның ингибиторлары (ППИ) (омепразол, лосек, лопрал, нексиум,
пантопрозол) балаларда тәулігіне 0,5-1,0 мг/кг есебінен тағайындалады;
-
Н
2
-гистаминрецепторлар блокаторларының ІІ-ІІІ ұрпақтары (фамотидин, гастросидин
тәулігіне 40 мг/кг; низатидин, аксид тәуілігіне 20-40 мг: роксатидин тәулігіне 2-40 мг)
қолданылады.
-
селективті м-холинолитиктер (пиренцепин, гастроцепин 2-3 апта бойына ертеңгісін
және кешкісін 25 мг, риабол күніне 1 мг\кг-нан 3 рет) қолданылады.
2.
Гастродуоденальды моторикасын реттеуші заттар:
• спазмолитиктер (папаверин, но-шпа, дюспаталин) спастикалық арусынуларда эпизодты
қолданылады;
• дофамин антагонистері (церукал -2-5мг, мотилиум 5-15мг) 10-14 күн бойына рефлюкс
байқалғанда тамаққа дейін және түнге қарай қолданылады.
Кілегей қабатының қорғаныстық қаситетін арттыратын заттар:
• кілегей түзушілер (карбеноксолон 50-100мг тамақтан кейін күніне 3 рет 1-2 ай бойына)
• пленкатүзуші дәрілер (сукральфат, денол);
• синтетикалық простогландиндер (мизопростол, реопростил, арбапростил);
• кілегей қабатының регенерциясын жақсартатын селективті емес заттар.
3.
Достарыңызбен бөлісу: