445
-
қайтпайтын, ұстаматәріздес, кескен тәрізденіп, тесіп ауырады;
-
арқасына, оң иыққа, жаурынға беріледі;
-
ортаңғы сызықтың оң жағында эпигастрия аймағында орналасады;
-
өршуі жыл кезіне (күз-көктем) байланысты.
Диспепсиялық көріністер тән:
-
жүрек айнусыз, ауырсыну шыңында құсады, кекіру, қыжылдау байқалады;
-
тәбеті сақталған, тіптен жоғары болуыда мүмкін;
-
іш қатуы.
Кейде вегетативті дистонияның ваготониялық түрінің клиникалық белгілері –
шаршағыштық, тершеңдік, эмоциялық өзгерімпаздық, артериялық гипотензия,
брадикардия байқалуы мүмкін. Науқас балаларда тілде жамылғының байқалуы, кейде
торланудың төмендеуі, пальпациялағанда іштің эпигастрияда және мезагастрияда
ауырсынуы сияқты гиповитаминоз белгілері анықталады. Науқас неғұрлым жас болса
солғұрлым ОЖА-ның клиникалық белгілері тән болмай келеді.
Диагностикасы.
Негізгі маңыз, жараның орналасқан жерін, аурудың сатысын және
сөліністік-моторикалық бұзылыстардың сипатын анықтауға мүмкіндік беретін
эндоскопиялық (немесе рентгенологиялық зерттеуге) беріледі.
Эндоскопиялық тұрғыдан бөледі:
- жаңа жараның сатысын;
- эпителизацияның басталу сатысын;
- жараның тыртықтану сатысын;
- жаралық мүкістіктің толық жазылуын.
ОЖА ағымының ауырлық дәрежесі жараның жазылу мерзімімен, асқынудың бар-
жоқтығымен, ремиссияның ұзақтымен және қайталау жиілігімен анықталады.
Ағымының ауырлық дәрежесінің критериялары:
1.
жеңіл -жараның 1 ай мерзімге дейін жазылуы, ремиссия 1 айдан артық;
2. орташа дәрежелі – жараның жазылуы 1айдан артық, ремиссия 1 жылдан қысқа;
3. ауыр дәрежелі-асқынулары бар, рецидивтері жиі (жылына 2 қайталаудан артық),
қосарланған және көптеген жаралар болады, жаралардың жазылуы өте ұзақ.
Асқазан сөлінісінің жаугершілік қасиетін бағалау үшін рН-метрияны, асқазан
интрагастральды протеолитикалық активтілігін зерттеу пайдалынылады. Асқазанның
моторикалық функциясын бағалау үшін УДЗ, электрогастрографиялық немесе ренгеноло-
гиялық зерттеулер қолданылады. Хеликобактериозды анықтаудыңда маңызыда үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: