440
Этиологиясы:
жедел гастрит дамуында негізгі себептер: тағамдық токсикоинфек-
ция, зиянды тағамдар қолдану, асқазанға шектен тыс жүктеме түсіру, тағамды жеткілікті
шайнамау, тұрмыстық улармен улану, аллергия, әртүрлі дәрілік заттарды ұзақ қолдану
(сульфаниламидтер, салицилаттар).
Патогенезі:
асқазанның кілегей қабатында бактерия токсині, олардың ыдырау өнімі,
адекватты
емес тағамдар әсер етіп, оның трофикасын бұзады. Бұл асқазанның сөліністік
қызметінің бұзылыстарына әкеледі.
Клиникалық көрінісі
: жедел гастрит көрінісі этиологиялық фактор әсерінен соң 8-12
сағаттан кейін көрініс береді. Алиментарлы себепті жедел гастрит дискомфорт, жалпы
әлсіздік, жүрек айну, сілекей ағу, ауызда жағымсыз дәм пайда болумен білінеді. Кейін бас
айналу, тәбет төмендеу, бара-бар тәбеті толықтай жойылады, қайталамалы құсу, ол
жақсаруға әкеледі және іштің жоғарғы жартысында ұстама тәрізді сипаттағы ауырсынулар
қосылады. Құсық құрамында тағам қалдықтары анықталады.
Объективті қарағанда бала бозғылт, тілі ақ-сағыш жабындымен жабылған, метеори-
зм, эпигастрий аймағында пальпацияда ауырсыну анықталады. Ауру ұзақтығы – 2-5 күн.
Токсико-инфекциялық себепті гастритте жоғардағы шағымдарға анық интоксикация-
лық симптомдар қосылады:
дененің фибрильді қызбасы, ұзаққа созылған диарея,
сусыздану симптомдары. Ауру ұзақтығы 7-10 күн.
Емдеу:
алғашқы 2-3 күні төсектік режим тағайындалады. Емді асқазанды, ішекті
тағам қалдықтарынан тазалауды бастайды. Асқазанды жылы NaCl ерітіндісімен 1%-дық
натрий гидрокарбонатымен, минеральды немесе қайнаған сумен жуады, ал ішекті тазарту
үшін клизма қолданады. Ішекке тұзды іш жүргізетін препараттар береді. Сусыздану
байқалса, изотониялық натрий хлориді ерітіндісін 5%-дық глюкоза ерітіндісімен, Рингер
ерітіндісін қосып парентеральды түрде тағайындайды. Тоқтаусыз құсық кезінде 0,1
мл
/
жасына
аминазин тағайындайды.
Маңызды орынды емдік тамақтандыру алады. Бұл кезде ана сүті,
көп мөлшерде
сұйықтық – мұздатылған шай, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 5%-дық
глюкозамен қосып тағайындайды. Сұйықтықты аз мөлшерден жиі-жиі береді. Ересек
балаларға кілегейлі суп-пюре, майсыз сорпалар, қытырлақ нан, кисель, ботқалар беруге
болады, 5-7 күннен кейін баланы қалыпты тамақтандыруға ауыстырады.
Тағамның
рационынан ащы тамақтар, қуырылған ет, консервілер алынып тасталынады.
Токсико-инфекциялық гастритте антибактериальды терапия (ампицилин, оксацил-
лин, ципорин, гентамицин), ферменттер, В-тобының витаминдерін тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: