438
Балалар
гастродуоденальды
аруларының
ішінде
асқзанның
фукнциялық
бұзылыстары 40% құрайды.
Этиологиясы.
ФД этиологиясында көбіне бір емес бірнеше факторлардың, кейде
тұқымқуалаушалыққа бейімділік фонында, қосарлануы маңызды болып келеді.
Олардың
ішінде экзогенді және эндогенді себептер болып бөлінеді:
Экзогенді факторлар:
- нервті-психикалық салмақ түсуі;
- режим сақтамау, тамақтанудың сәйкес сипатты болмауы;
- зорлап тамақтандыру;
- физикалық және вестибулярлық салмақ түсуі;
Эндогенді себептер ретінде фондық аурулар болуы мүмкін:
- невроздар;
- нейроциркулярлық дисфункциялар;
- ішкі мүшелердің әртүрлі
аурулары;
- тағамдық аллергия;
- ошақтық инфекциялар және паразитоздар.
Патогенезі.
Асқазан функциялық бұзылыстары негізінде төменгі көрсетілген
себептер нәтижесінде асқазан сөлінісінің қалыпты тәуліктік ырғағының және
моторикасының бұзылуы жатады:
• гипоталамо-гипофизарлық жүйе арқылы нейрогуморальдық реттеудің бұзылуы;
• вегетативті нерв жүйесінің тонусы
мен реактивтілігінің өзгеруі;
• гастроинтестинальды гормондарының түзілуінің шектен тыс стимуляциялануы
(мысалы, шылым шегу, глистық инвазия және басқалар) немесе олардың тежелуі (шектен
тыс қызу, ауыр физикалық жұмыс, шаршау және басқалар).
Жіктелісі.
ФД
-ны жаратәріздес, дискинетикалық, арнаулы емес түрлерге бөледі.
ФД-
ның
клиникалық көрінісі
алуан түрлі. Олардың ортақтары келесідей:
-
белгілердің эпизодтылығы, олардың қысқамерзімділігі және стереотипсіздігі;
- макроқұрылымдық және гистологиялық деңгейде асқазанның органикалық зақымда-
лу белгілерінің болмауы;
- белгілердің орталық және вегетативті нерв жүйесінің функциялық жағдайына
байланыстылығы;
- белгілердің алиментарлы және алиментарлы емес
факторлармен байланыстылығы,
невротикалық фон немесе басқа мүшелер мен жүйелердің аурулардың болуы;
ФД үшін жиі нервтік-вегетативтік тұрақсыздық (жоғары эмоциональдық, қозғыштық,
тершеңдік, ұйқысының бұзылуы, пульстің және қан қысымының өзгерімпаздылығы) фон
болып келеді.
Ең тұрақты белгісі – іштің ауруы. Іштің ауруы көбіне ұстама тәріздес,
колика
сықылды, тұрақты орналасатын жері (көбіне кіндік аймағында) болмайды. Спазматикалық
дәрілердің тиімділігінің диагностикалық маңызы бар. Диспепсиялық көріністер тән емес,
дегенмен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Баланы қараған кезде пальциялағанда
ауырсыну негізінен эпигастриялық аймақта орналасады, дегенмен ұстамадан кейін
жойылып кетеді.
Диагностикасы.
ФД диагнозы, арнайы зерттеулер жүргізбей-ақ, анамнез және қарау
мәліметтер негізінде қойылуы мүмкін.
Эндоскопияда
асқазан
клегей қабаты әдетте, өзгермеген, бірақ, созылмалы
қабынудың гистологиялық өзгерістерісіз, беткейлі «жұмыстық» гиперемия (көбіне бұл
көрініс гастриттің гипердиагностикасына себеп болады) байқалуы мүмкін.
Асқазанның сөліністік функциясы (рН-метрия және фракциялық зондтау мәліметтері
бойынша )
қалыпты немесе бұзылған, көбіне жоғары болады.
Моторикалық бұзылыстар:
сфинктердің спазмы, перисталтиканың күшеюі,
дуоденогастральды рефлюкс, кардияның жетіспеушілігі.
439
Функциялық бұзылыстарды анықтау үшін асқазан функциясының базистік деңгейін
анықтаумен қатар, арнайы сынамалар жүргізу (сөлініс стимуляторларымен фармакология-
лық сынамалар, физикалық салмақпен сынамалар) қажет болады. Диагноз қойғанда фон-
дық ауруларды анықтау керек. Қажет болған жағдайда ОНЖ, вегетативті нерв жүйесінің
жағдайын бағалайды, инфекциялар ошағының, паразиттердің және басқалардың бар
жоғын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: