Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет270/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Ажырату диагнозы.
Өңештің пептикалық жарасы
әдетте Баррет ауруында 
байқалады. Қарқынды төс артының ауруы, дисфагия тән, кейде қан аралас құсу немесе 
анемияға әкелетін жасырын қан кету байқалады. Олар эндоскопия арқылы анықталады.
 


437 
Өңештің тарылуы 
– тамақ ішкеннен кейін бірден қатты құсу және регургитация, 
дене салмағының төмендеуі, рентгенологиялық немесе эндоскопиялық зерттеулермен 
анықталады.
Туа біткен өңештің ахалазиясы.
Алғашқы белгілері (дисфагия, регургитация) 3-5 
жастан асқан балаларда байқалады. Өңешке эндоскопия (немесе рентгеноскопия) 
жасағанда гипертонус жағдайда тұрған өңештің төменгі сфинктерінің жұтынған кезде 
босаңсымауы анықталады.
Емі және алдын-алуы.
Емдәмі және өмір режимі қалыптастырылады: 
1.
тағамды көп мөлшерде ішпеу, түнге қарай тамақ ішпеу; 
2.
тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағат бойына жатпау, еңкейіп жұмыс жасамау; 
3.
өңештің төменгі сфинкторының тонусын төмендететін тағамдарды (майлар, қуырған 
тамақтар, кофе, шокалад, цитрусты жемістер, газдалған сусындар) және дөрекі 
клетчаткалы тағамдар (жаңа пияз, сарымсақ, қырыққабат, бұрыш, редис) шектеледі
4.
шылым шегуден бас тарту; 
5.
керуеттің бас жағын көтеріңкіреп (15 см) жатып ұйықтау; 
6.
белбеуді қатты тартпау; 
7.
өңештің төменгі сфинктернінің тонусын төмендететін дәрілерді (холинолитиктер,
тынышталғыштар, ұйықтатындар, нитраттар, теофиллин, ß-блокаторлар, кальций 
каналдары блокаторлары және т.б.);) мүмкіндігінше қолданбау.
Дәрі-дәрмектік ем бағытталады:
1.
асқазан сөлінің жаугершілігін төмендету (антацидтер, антисекреторлы дәрілер); 
2.
өңештің моторикасын қалыптастыру (прокинетиктер). 
Рефлюкс – эзофагитті емдеу үшін, өңештің клегей қабатына тұнатын, құрамында 
альгия қышқылы бар топалкан (топаал) және альгикан 
селективті антацидтер
болып
есептеледі. Антацидтер әдетте, тамақтан 1-1,5 сағат кейін күніне 3-4 рет және түнге қарай, 
қосымша күю және төс артының ауруы байқалғанда беріледі.
Антисекреторлы заттар 
– эрозивті эзофагитте қолданылады. Н
2
-гистаминблока-
торлардың 2 және 3 ұрпақтары (ранитидин немесе фамотодин) немесе Н
+
К
+
АТФазы 
ингибиторлары (омеперол, ланцепрозол, пантопрозол), 3-4 апта бойына қолданылады.
Прокинетиктер
өңештің төменгі сфинктернінің тонусын артырады және асқазаннан 
эвакуацияны жылдамдатады. Дофа-рецепторлар блокаторларын (мотилиум 1мг/кг есебі-
нен тамақтан 30 минут бұрын тәулегіне 3 рет); холиномиметиктер (препульсид тәулігне 
0,5мг/кг есебінен) қолданылады. ГЭРА-ны емдеу басында антисекреторлы заттар (2-4 
апта), содан кейін антацидтерге прокинетиктер қосып, 4-6 апта бойына беріледі.
3 және 4 дәрежелерінде Н
+
К
+
АТФазылар ингибиторларына прокинетиктер қосып, 4-
6 апта бойына тағайындалады.
Эзофагиттің алдын-алу
гастроэзофагальды рефлюксті мүмкіндігінше ерте анықтап, 
емдеуді, тамақтануды және өмір салтын оңтайландыруды қамтиды.
Диспансерлік бақылау
3 жыл бойына жүргізіледі: 
- өршу кезеңінен 1-ші жылы бақылау жылына 4 рет; 
- 2-ші жылдан бастап жылына 2 рет. 
Динамикалық бақылаудың негізгі әдістері: 
- сұрастыру және объективті зерттеу; 
- жылына 1 рет эзофагоскопия.
Өршуге қарсы ем әдістері – емдәм, антацидтер, поливитаминдер, биостимуляторлар, 
фитопрепараттар, бальнеотерапия. 
10.1.2. ФУНКЦИЯЛЫҚ ДИСПЕПСИЯ 
 
Функциялық диспепсия (ФД) - 
ең болмағанда 12 апта бойына қайталанатын 
соңғы жыл бойына байқалатын, асқорыту жолдарының негізінен моторикалық бұзы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет