450
ерекшелігіне, қабыну процессінің айқындылығына, құрт тәрізді өсіндінің ішек қуысында
орналасу ерекшеліктеріне байланысты болады.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда ауырсыну эпигастрияда немесе
кіндік аймағында басталады да, бірнеше сағат өткеннен кейін оң жақ мықын аймағында
орналасады. Ауырсыну әдетте алғашында сыздап ауру сипатты болады. Құсу мен жүрек
айну жиі байқалады, бірақ ЖА-тың тұрақты белгісі емес. Дене қызуы қалыпты немесе
субфибрильді. ЖА-пен ауырған баланың жалпы жағдайы қабыну процессінің артуына
байланысты нашарлайды. Тілінде ақ түсті жамылғы пайда болады. Іш пердесінің қабыну
белгілері (Щеткин-Блюмберг, Ситковский, Ровсинг белгілері), ересектерге қарағанда,
балаларда айқын дәлелдей алмайды.
Тән:
- Ішті пальпациялағанда оң жақ мықын аймағының бұлшық еттерінің керілуі;
- ректальды температурасының аксилярлы температурадан айырмашылығы 1
о
С-дан
артық болуы;
- дене қызуының деңгейіне сәйкес келмейтін, тахикардия;
- қанда – лейкоцитоз, таяқшаядролы ығысумен нейтрофилез, ЭТЖ-ның жоғарлауы;
ЖА-ға күмән тууы науқасты бала хирургімен бірігіп бақылауды талап етеді.
ЖП емі.
Алғашқы 1-3 тәулікте аштық, сілтілі минеральды су ішу қажет. ЖП-тің
ауыр түрлерінде сусын да берілмейді, зонд арқылы асқазандағы сұйықтықты сорып алып
отырады. Жағдайы жақсарғанда емдәмді біртіндеп кеңітеді. 7-ші күннен бастап Певзнер
бойынша № 5 емдәм тағайындайды.
Дәрілік ем келесі мәселерді шешуге бағышталады:
1.
Ауырсынуды жою.
Ол үшін қолданылады:
-
анальгетиктер: анальгин, баралгин, трамал, промедол;
-
спазмалитиктер: папаверин, но-шпа, дюспаталин;
-
холинолитиктер: платифиллин, бускопан, метацин;
2.
Ұйқы безенің функциялық активтілігін тежеу
. Ол үшін қолданылады:
-
антисөліністік заттар – Н
2
-гистаминблокаторлар
(фамотидин), Н
+
К
+
АТФазы
ингибиторлары (омепразол)
- холинлитиктер: гастроцепин, пирензепин, телензепин
- антацидтер: альмагель, маалокс, фосфалюгель, протаб және т.б.
-
синтетикалық простагландиндер (мизопростол), соматостатин (сандостатин, окреотид)
3.
Ферменттік токсемияны азайту
. ЖП - ның ауыр түрлерінде қолданылады:
- протеолаза ингибиторлары: контрикал, трасилол, гордокс, зимофен;
- глюкоза – тұз ертінділері, альбумин 10%, плазма, С, В
1
дәрумендері;
- плазмофорез немесе гемосорбция.
Ұйқы безенің функциясын дәрілік тежеу фонында орынын басу мақсатымен
ферменттік дәрілер (панкреатин, панцитрат, креон), іріңді қабынудың алдын-алу үшін кең
әсерлі антибиотикетер қолданылады.
Диспансерлік бақылау
ЖП-тен кейін 3 жыл бойына жүргізіледі. Клиникалық тексеру,
зәрді амилазаға зерттеу, копрограмма, УДЗ бірінші жылы квартылына бір рет, одан кейін
жылына екі рет жасалады.
10.1.8. СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ
Созылмалы панкреатит (СП) –
Достарыңызбен бөлісу: