Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет288/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

4. Портальды гипертензия белгелерімен, бауыр-жасушалы және мезенхимальды-
қабынулы бұзылыстармен бөліктік-тамырлық қайта құрылуларымен сипатталатын 
бауыр циррозымен. 
5. Бауыр фиброзымен-бауырдың әртүрлі аурулырында (іріңдіктер, инфильтраттар, 
гуммдар, гранулемалар және т.б.) реактивтік және репаративтік процесстер 
нәтижесінде дәнекер тіндердің ошақтық өсуімен. 
6. Бауыр паразитарлық аурулары (эхинококкоз, альвеококкоз). 
7. Бауыр ісіктерімен (гепабластомалар, карциномалар, гемангиомалар, метаста-
здар). 
8. Бауырдың екіншілік (симптоматикалық) зақымдалуларымен: 
- портальды қанайналысының бауырдан тыс блокадасы; 
- жүрек-тамыр жүйесінің аурулары (Эпштейн аномалиясы, жабысқақ перикардит, жү-
рек жетіспеушілігі); 
- қан жүйесінің аурулары (лейкоздар, лимфогранулематоздар, ретикулогистоцитоздар, 
порфирийлер, орақтәрізді анемиялар, лимфомалар, миелопролиферативті аурулар, 
гемохроматоздар); 
- иммунопатологиялық аурулар (жүйелі қызыл жегі, амилоидоз, саркоидоз, біріншілік 
иммундық жетіспеушілік аурулары – Швахман синдромы және басқалар). 
Балалар СГ емінің
ересек адамдардың емдеу принципінен айырмашылығы жоқ. СГ 
өршу кезінде төсектік режим қажет. Режимді кеңейтуді біртіндеп, науқастың жағдайына 
сәйкес және бауырдың функциясына сәйкес жүргізеді.
Емдәм аурудың сатысына байланысты қарастырылады. Тәуліктік рационда май 
мөлшері азайтылады, ал көмірсулар, физиологиялық қажеттігіне қарағанда, көп. Бауыр 
жетіспеушілі-гінде ақуыз мөлшері 2 еседей шектеледі. 
Науқасты кезкелген, әсіресе бауырды зақымдайтын, дәрілерді көп беруден 
сақтандыру керек.
Вирусты гепатитте интерферрон препараттары тиімді болып келеді. Ең дұрысы 
виферон - Е және С дәрумендері бар генді-инженерлі рекомбинатты α -2-интерферон. 4 
жасқа дейінгі балаларға 250000 ХБ, 10 жасқа дейінгі балаларға 500000 ХБ (бір балауыз) 
тәулігіне 2 рет аптасына 3 реттен, 6-12 ай бойына береді.
В, С, D вирусымен шақырылған СГ 2 жастан асқан балаларға, сонымен қатар 
интерферон препараттары – α-2а-интерферон (роферон) және α-2b-интерферон (интрон 
А), интерферон индукторлары (циклоферон) немесе нуклеозидтер (СГВ-де ламивудин; 
СГС ремантадин, ал 16 жасан асқан балаларға – рибавирин) қолданылады. 
Орташа активті СГ-те фитотерапия (солмасгүл, жүгері үлпегі, үш құлақ (жатаған 
беде), бақбақ, жалбыз, түймедақ гүлдерінің қайнатпалары немесе өтшығаратын шай), 
холеритиктер, лив- 52 қолданылады. 
Айқын активті СГ-те бауыр жасушаларында заттек алмасу процессін жақсартатын 
заттарға жүгінеді: лагалон, гептрал, сирепар, карсил, силибор, кокорбаксилаза, Е, В
5
, В
6

В
15
, Вс, рибоксин, цитохром С, АТФ, липой қышқылы, липамид.
Аутоиммунды гепатитте кортикостероидтар және иммунодепресанттар немесе 
циклоспорин А тағайындау цирроздың қалыптасу мүмкіндігін төмендетеді. 
СГ-пен ауыратын науқас балалар жергілікті саноторияларда, сонымен қатар 
Железноводск, Ессентуки, Пятигорск, Шира көлінде, Исти-су, Моршин және басқа 
куроттарда емделуге болады. Курорттық емге бауырда активті деструктивті-некротикалық 
процесстің белгілері немесе ауыр бауыр жетіспеушілігі қарсы көрсеткіш болып келеді. 
Алдын алу.
Қазіргі кезде А және В гепатиттерде активті алдын алу шаралары 
жасалған.
СГ-пен науқас балаларды
 диспансерлік бақылау
педиатр ересек емханаға ауысқанша 
жүргізеді. 
Ауруханадан шыққыннан кейін алғашқы 2 жылда: 


462 
-
дәрігердің қарауы және биохимиялық зерттеулер (қандағы билирубин деңгейі, транс-
аминазалардың активтілігі, белок және оның фракциясы) 3 айда 1 рет жүргізіледі; 
- қан, нәжісі ішек құрттарына анализдер, отоларинголог (созылмалы тонзиллитке кү-
мәнді жоққа шығару үшін), стоматолог (тіс кариестерін жоққа шығару) кеңестері 6 
айда 1 рет жүргізіледі. 
- 1ай бойына аптасына 2 рет, физиотерапиямен және пробиотиктермен қосарлап, тюбаж, 
екі апталы витаминдер – (С, А, В
15
, В
5
, В
6
және басқалар) курсы 4 айда 1 рет
жүргізізіледі; 
- 1 ай бойына 6 айда 1 рет минеральды су ішу (Славяновская, Ессентуки №4, Исти-су, 
Арзни, Джермук, Аршан, Саирме: Витаутас, Ижевская, Миргродская ) ішкізіледі. 
Өршуден 2 жыл өткен соң: 
-
Дәрігердің қарауы, қанды биохимиялық және клиникалық зерттеулер, мамандар 
кеңестері 6 айда 1 рет жүргізіледі; 
-
тюбаждар, фитотерапия, пробиотиктер, мультивитаминдер және минеральды сулар 
курстары – 6 айда 1 рет.
12. ІШЕК АУРУЛАРЫ 
Балаларда ішек аурулары құрамында дискинетикалық бұзылыстар басым келеді, 
сиректеу біріншілік мальобсорбциялар, созылмалы колиттер байқалады.
12.1. ТОҚ ІШЕК ФУНКЦИЯЛЫҚ ДИСКИНЕЗИЯЛАРЫ 
Тоқ ішек функциялық дискинезиялары – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет