459
гепатит
(В, дельта, С, G, F)
Аутоиммунды гепатит
Созылмалы токсика-
лық немесе дәрілік-
ндукцияланған гепатит
(>АЛТ 3 ретке дейін)
Орташа (>АЛТ 10
ретке дейін)
Айқын (>АЛТ 10
реттен астам)
Активті емес гепатит
перипортальды
фиброз
Портопортальды септа-
лармен орташа фиброз
Бөліктік құрылымының
бұзылуы
Бауыр циррозының
қалыптасуы
созылмалы
гепатитте:
репликация
интеграция
Аурудың балалардағы және ересектердегі көбіне клиникалық ұқсас.
Созылмалы жеңіл (минимальды) активті (І дәрежелі активті) созылмалы гепатит
қатерсіз ағыммен сипатталады. Оң жақ қабырға астында доғал ауырсыну, орташа гепато-
мегалия анқталады. Тері мен кілегей қабатының шамалы сарғаюы (субиктериялығы) тек
өршу кезеңінде байқалады. Геморрагиялық синдром, «бүйректік белгілер» тән емес. 65-
70% науқастарда В гепатитінің беткей антигені (НBsAg),
кейде В гепатитінің ядролық
антигені (HBeAg) анықталады. Өршу кезеңінде цитолитикалық ферменттердің, гамма-
глобулиндердің, тұнба сынамалар активтілігі жоғары болады.
ІІ-ІІІ дәрежелі активті созылмалы вирусты гепатитте көбіне, жедел гепатитке ұқсас,
өршумен байқалатын қайталама даму болады.
Біртіндеп гепатоспленомегалия, дамиды, геморрагиялық көріністер болуы мұмкін.
Көптеген науқастарда «тамырлық жұлдыздар», «бауырлық тіл және алақан» пайда
болады. Субиктериялық, астеновегетативті және диспепсиялық
көріністер өршуден тыс
кезеңде де сақталып қалады. Цитолиз белгілері, қабыну процессінің және гепатодепрес-
сиялар активтілігі көріністері мен қатар, вирус репликациясы белгілері және иммундық
жүйенің гиперреактивтілігі тән. Жиілеу ауру үдемелі ағым алып, циррозға айналады.
Аутоиммундық гепатит көбіне қызбалаларда байқалады.
Айқын білінетін
бауырлық және бауырдан тыс гепатит белгілерімен қатар патоиммундық процесстің
(лимфоаденопатия, артриттер, полисерозиттер, анемия, цитопения,
гломерулонефриттер,
эндокринопатия) көріністері тән болып келеді. LE-жасушалардың, бауыр, тегіс бұлшық
ет, өкпе, бүйрек және т.б. тіндеріне аутоантиденелер (антитядролық, антимитохондри-
альды) байқалуы мүмкін. Дерт тез үдеп, бауыр циррозына айналуға бейм келеді.
Достарыңызбен бөлісу: