Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет294/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Біріншілік ерте ЛЖ
өмірінің бірінші күндерін бастап тамақтандырғаннан кейін 
мазасызданумен, ішінің құрылдауымен, жиі көпіршікті ащы иісті нәжіспен біліне 
бастайды. 
Біріншілік лактазалық жетіспеушіліктің
кеш түрі сүтпен тамақтандыру кезеңі 
аяқтала келгенде, көбіне 3-5 жастан кейін қалыптаса бастайды. 
Бұл түрінде лактозаның 
интолеранттылығы түгел байқалмайды, сондықтан бала 100-200 мл сүтті қорыта алады, ал 
одан көп болса ішінде кесіп ауырсыну, ішінің құрылдауы, нәжісінің сұйылуы және орташа 
интоксикация белгілері пайда болады. Бұл түрінің кездесуінің, ұлттық тамақтану 
ерекшеліктеріне байланысты, этникалық ерекшеліктері болады.
Екіншілік лакатазалық жетіспеушілік аш ішектің әртүрлі инфекциялық-қабынулық 
ауруларында, дистрофиялық процесстерде, аллергиялық ауруларында, дәрілік әсерлерде, 
сонымен қатар целиакияда кездеседі.
Дегенмен, тек целиакияда ғана ЛЖ дисахаридаза 
жетіспеушілігінің басқа түрлерімен (сахаразалық, мальтазалық, изомальтазалық) 
қосарланады.
Екіншілік ЛЖ сүт ішкесін 1-1,5 сағаттан кейін ішінің кесіп ауыруы, кебуі, 
құрылдауы және кейде жүрек айну, әлсіздік сиқты интоксикация белегілерінің пайда 
болумен білінеді. Нәжісі жиіленеді, ащы иіс байқалады. Тағам құрамынан сүтті алып 
тастаса диспепсиялық бұзылыстар тез (бір тәулік ішінде) жойылп кетеді, ал сүтті қайта 
бере бастаса қайталайды.
ЛЖ диагнозы аурудың айқын (манифесті) түрлерінде анамнезге сүйеніп және 
лактозасыз әмдәмнің тиімділігіне байланысты қойылады. ЛЖ-нің субклиналық түрлерінде
қосымша зерттеу қажет (лактозотолерантты тест-ЛЖ болса гликемиялық қисық сызық 
жалпайған; сутегілік тыныстық тест лактозамен салмақ түсіргеннен кейін ЛЖ-те 
шығаратын ауада сутегі концентрациясы 0,1 мл/мин)- ден артық болады; зәрдегі лактоза 
хроматографиясы. 


469 
ЛЖ емі төмен лактозалы және лактозасыз емдәм тағайындауға негізделген. Құра-
мында лактоза бар қоспалар қолданғанда лактаза препараты (тилактаза), саңырауқұлақтық 
(грибоктар)- лактраза- және бактериялық бета- галактозидаза беріледі.
Емі.
Целиакиямен ауырған науқастарды емдеуде емдәм ерекше орын алады: 
1. өмір бойына құрамында глютен бар тағамдарды (манная, арпа, сұлы, бидай жарма-
лары, бидай, қара бидай, арпа астығы, қара кебектер, кептірілген нандар, ащытылған 
нандар, печенье, вафльдер, торттар, пирожныйлар, балмұздақ, сосискалар, 
сарделькілер, колбасалар, майонез, тәттілер, карамель, еритін кофе, қыша) бермеу; 
2. баланың негізгі тағамдық заттарға және энергияға физиологиялық мұқтаждығын 
құрамында глютен жоқ өнімдер есебінен қамтамасыз ету. 
В, А, С, D дәрумендерін, кальций препараттарын, парентеральды темір 
препараттарын қолдану тиімді. Кей жағдайларда ферменттер (панкреатин, креон, 
панцитрат және басқалар) қолданылады. Кейбір аруларда (20% дейін) аглютенді емдәмді
сақтамаған ішек ісігі-лимфома дамиды.
Балаларда целиакияның алдын алуға мүмкіндігінше тағам құрамына манная және
арпа ботқаларын кеш (ең болмағанда 12 айдан кейін) енгізу, аглютенді емдәмді ұзақ 
сақтап, өршуінің алдын алу. 
Диспансерлік бақылау
өмір бойы жүргізіледі. Емдәмді және орынбасу емін 
қалыптастырып, дене салмағы мен ұзындығын бақылап, копрограмманы бағалап, массаж, 
ЕДТ жүргізеді. 
12.3.2. ЭКССУДАТИВТІ ЭНТЕРОПАТИЯ 
Экссудативті энтеропатия – 
ішек қарын жолдары арқылы плазматикалық 
ақуыздардың көп мөлшерде жойылуымен сипатталатын ауру
. Бұл ақуыз жетіспеушілі-
гіне және басқа метаболикалық бұзылыстарға әкеледі. Біріншілік экссудативті энтеропа-
тия сирек кездесетіні идиопатиялық интестинальды лимфангиэктазияда пайда болады. 
Оған интестинальды және мезентериальды тамырлардың дилатациясы, лимфаны ішек 
ішіне кетуі байланысты жоғалту тән. Біріншілік ішек лимфангиэктазия – белок жоғал-
татын синдромның ерекше түрі ретінде 1966 жылы T. Waldmann суреттеген. Ол аутосом-
но-рецессивті жолмен тұқым қуалайды деген болжам бар. Екіншілік (пайда болған) 
экссудативті энтеропатия әртүрлі патологиялық процесстерде (90 жуық ауруларда) ішек 
кілегей қабатының кедергілік функциясының бұзылуына бвайланысты дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет