456
Өттас ауруы –
өт қабында немесе өт өзектерінде тастың пайда болуымен
сипатталатын дистрофиялық-дисметаболикалық ауру.
Балаларда олардың себептері
болуы мүмкін:
-
күшті (айқын) гемолиз байқалатын аурулар;
- отбасылық гиперхолестеринемия;
- гепатит және билиарлы жүйенің қабынулық зақымдалулары;
- холестаз дамуға әкелетін факторлар (мысалы, муковисцидоз);
- қант диабеті.
Патогенезінде
өттің тоқырауы, дисхолия, қабыну маңызды болып келеді. Көп
жағдайда холелитиаз жасырын дамиды.
Клиникалық көрінісі холециститтің немесе өт жолдарының обструкциясы белгілері –
өт коликасымен білінеді
(111 кесте)
. Асқынуы (өт қабының шемені, эмпиемасы немесе
гангренасы) балаларда сирек кездеседі.
Диагностикада сонография, рентгенохолецистография,
компьюторлық томография
маңызыды орын алады. Конкремент құрамын анықтау үшін тастың құрамын зерттеу
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: