Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет283/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

диагностикалық
тәсіл – УДЗ.
11.1. БИЛИАРЛЫ ЖОЛДЫҢ ДИСФУНКЦИЯЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ 
Билиарлы жолдың дисфункциялық бұзылыстары (БЖДБ) – 
ішекке өттің 
өтуін бұзуға әкелетін, 3 айдан ұзақ әсер ететін өт қабының және өт өзектерінің
моторикасының және/немесе сфинкторлық аппаратының тонусының бұзылысы және 
дискоординациясы.
Этиологиясы.
Провокациялаушы факторлар болып келеді:
-
жағымсыз тағамдар (майлы және қуырған тамақтарды көп қабылдау); 
- ішек паразитоздары (әсіресе лямблиоз); 
- кейбір инфекциялар (жедел гепатит, сальмонеллез, дизентерия); 
- тағамдық аллергия; 
- дуоденит, ойық жара ауруы, бауыр, ішек аурулары, дисбактериоз; 
- физикалық және психоэмоциялық салмақтың деңгейінің сәйкесіздігі; 
Патогенезі.
Ауру механизмі байланысты: 
- нейроциркуляторлы дисфукнциялар және невротикалық реакцияларда 
нейрогуморальдық реттеудің бұзылуларына; 
- өт қабының деформациясы; 


454 
- патологиялық висцеро-висцеральдық рефлекстену. 
Жіктелісі.
Өт жолдарының және қабының дисфункциясымен сфинктерларының 
дискоординациясының әртүрлі деңгейде қосарлануы. Клиникалық тұрғыдан гипер- және 
гипотониялық, гипер- және гипокинетикалық дискинезия деп бөледі. 
Клиникалық көрінісі.
Вегетативті дисфункцияның жалпы белгілері, невротикалық 
белгілер тән, кейде іштік белгілерде байқалуы мүмкін 
(110 кесте).
 
110 КЕСТЕ 
БАЛАЛАР БИЛИАРЛЫ ЖОЛЫНЫҢ ДИСФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ 
КӨРІНІСТЕРІ (КРИТЕРИЯЛАРЫ) 
КРИТЕРИЯЛАРЫ 
Дисфункция түрлері 
гипертониялық 
гипотониялық 
Анамнез 
отбасылық бейімділік 
өршуінің жыл мерзіміне 
байланыстылығы 
аурудың ұзақтығы 
Ауырсыну синдромы
тұрақты ауырсыну
емдәмдегі қателіктерге 
байланысты 
ұстама тәрізді ауырсыну 
ауырсыну оң қабырға 
астында орналасады
сыздап ауыратын доғал 
ауырсынулар 
иррадиация
Невротикалық реакциялар, 
эмоциялық салмақтар, 
вегетативті нерв жүйесінің 
өзгерімпаздығы
Тән 
Күзгі-көктемгі кезең 
1 жылға дейін 
Тән емес 
Салқын тамақ ішкеннен 
кейін 30-40 минуттан соң 
Тән 
Сол сияқты
Тән емес 
Сол сияқты 
Тері эмоциялар, 
физикалық салмақтар 
Тән
Тән емес 
1-1,5 жыл 
Тән 
Тағам, әсіресе майлы, іш-
ке-ннен 1-1,5 сағаттан соң. 
Тән емес 
Тән 
Сол сияқты 
Тән емес 
Диагностикасы.
БЖДБ (билиарлы жолдың дисфункциялық бұзылыстары) анықтау 
әдістері болып, холекинетиктермен (неохолекс, жұмыртқа сарысы, сорбит) функциялық 
сынама жүргізіп, жасалатын өт жолдарының ультрасонографиясы есептеледі. Өт қабының 
көлемінің өзгеруіне динамикалық бақылау жүргізу сфинктердің дисфункциясы және 
қабының жиырылу жылдамдығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Дуоденальды зондтау физиологиялық болмаса да, мәліметтер береді: 
-
Одди сфинктерінің жабық кезеңінің ұзаруы (6 минуттан артық), В және С бөліктерінің 
көлемі азайып, бөлінуінің жылдамдауы (1,5 минуттан артық) бұзылыстардың 
гипертониялық- гипокинетикалық сипатты екенін көрсетеді
-
Одди сфинктерінің жабық фазасының қысқарып (2 минуттан кем), өттің қабықтық 
бөлігінің көбейіп (50 мл артық), оның бөлінуінің бәсеңдеуі (1,1 мл/мин-тан төмен) 
гипотониялық-гипокинетикалық бұзылыстарға тән болады. 
Өтті микроскопиялық зерттеу, дисхолияның куәсі бола алатын холестерин мен 
билирубин кристаллдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дуоденальды 
зондтау лямбиозды анықтауға мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс. Гипотониялық типте өт 
шығару жолдарының, әсіресе өт қабы мен Одди сфинктерінің қозғалыс белсенділігі мен 
тонусы төмендейді, осыған орай өт іркілісі дамиды. Гипертониялық типте – өт қабы және 
сфинктер тонусы күшейген, бұл он екі елі ішекке өттің айдалу процессін бұзады. 
Клиникалық көрінісі дискенезия типіне байланысты. ӨШЖД негізгі клиникалық 
көрінісі – оң жақ қабырға астының ауырсынуы. Дискенезияның гипотониялық типінде оң 


455 
жақ қабырға астында керіп, сыздап ауырсыну болады. Ауру жиі тұрақты, жүрек айну, 
ауыздағы ащылықпен қосарлана жүреді. Ал, гипертониялық түрінде ауырсыну ұстама 
тәрізді, жедел, бірақ аз уақытта болады. Олар жиі эмоциональды не физикалық жүктеме, 
тағам қабылдаумен байлансыты. Көп науқастарда өттік симптом оң мәнді болады. 
Сонымен қатар, бауыр жолдарында өт іркілісіне байланысты гепатомегалия дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет