Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет310/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Клиникасы:
ЖГН көп ауруларда жұқпалы аурулардан соң бірнеше күннен соң 
дамиды. Бұл жасырын /латентты/ кезең 5-20 күнге созылады. Ал, жасырын кезең салқын 
тиген соң, жарақат немесе вакцинация алған соң басталады. Клиникалық көрінісі екі топ 
белгілерден тұрады:
экстраренальды
жән е 
ренальды.
Экстраренальды белгілері балаларда жалпы интоксикация белгілерімен байқалады: 
аурудың жалпы жағдайы нашарлап, әлсіздік және шаршағыштық білінеді, тәбеті 
нашарлайды, қызуы көтеріледі, тәуліктік диурезі азаяды. Ертеңіне таңертенгілік мезгілде 
бозару, бетінің, қол-аяғының ісінуі байқалады, кейде бала басынан ауруатынына, құсқысы 
келіп, жүрегі айнығанына, зәрінің түсі өзгергеніне шағым айтады. Несебінің түрі ет 
жуындысы сияқты немесе қоңырланып кеткенін байқалады. Мектепке дейінгі балаларда 
бел тұсынан ауруы, дизурия пайда болады. Үлкен балаларда жүрек-тамыр жүйесінің 
қызметі бұзылып, жүйке және т.б. жүйелерінің жұмыстары бұзылуы мүмкін. Мұндай 
жағдайда ауыру біртіндеп дамып ісік көп байқалмайды.
Ренальды белгілер
: Олигурия, несептің түсінің өзгеруі (қызаруы) немесе гематурия, 
анализ жасағанда табылады, бел тұсының ауырсынуы (бүйректің капсуласының созылуы-
нан). Кейбір балаларда айқын гематурияда дизуриялық белгілер білінеді. Айтылған белгі-
лер ауруда барлық уақытта бола бермейді. Мектеп жасына дейінгі балаларда гипертензия 
сирек кездеседі, ал, мектеп жасындағы және ересек балаларда гипертензия ұзақырақ 
сақталады. Балаларда жедел жүрек жарамсыздығы, жедел бүйрек жетіспеушілігі сирек 
кездеседі. Сонымен, негізгі ГН-ке тән белгілер: гипертензия, ісіну және зәр белгілері. 
ЖГН-тің ерте сатысында жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылады. Негізгі 
зақымдалу белгілерінің біріне қан қысымының /ҚҚ/ жоғарлауы жатады. Ол сынап 
бағанасы бойынша 20-30 мм-ге артуы мүмкін.
Ісіну синдромы: балаларда интоксикацияға байланысты қабақтың, беттің ісінуі 
мүмкін. Бұл әсіресе таңертенгі мезгілде жақсы байқалады. Сосын, ісік тұрақталып басқа 
жерлерде де пайда бола бастайды. Ісікті алақанның және үлкен балтыр сүйегінің алдыңғы 
бетінен оңай анықтауға болады. 3-4-ші күні ісіктер ұлғайып, кейде көкірек қуысында, іш 
қуысында, жүрек қабаттары арасында да пайда болуы мүмкін.
Несеп синдромы:
1. Олиго- және анурия сирек кездеседі. 
2. Бел тұсы ауырады /бүйрек паренхимасының ісінуіне және олардың капсуласының
керілуіне байланысты/ 
3. Екі жақтанда Пастернацкий белгісі анықталады. 
4. Тәулігіне 1-2 г-ға дейін протеинурия байқалады.
Протеинурия деңгейі шумақтардың зақымдалуына байланысты болады. Әлсіз 
байқалатын және оңай өзгеретін протеинурия подоциттердің зақымдалуына тән болса: 
тұрақты, ұзақ және ауыр өзгеретін түрі базальды мембрана және эндотелийдің 
зақымдалуына байланысты болады. Жазылар алдында зәрде белок жоқ болып кетеді.


493 
113 сурет.
Ісік синдромы

5. Гематурия – бұл ЖГН-тің маңызды диагностикалық белгісінің бірі. 
Микрогематурия /бірең-сараңнан – 30-40 эритроциттерге дейін/ макрогематуриядан 2 
есе жиі кездеседі, яғни эритроцитердің диапедез арқылы зақымдалған шумақтардан 
зәрге өтуі. Микрогематурия жайлы белгі, бірақ, ол ұзақ байқалатын протеинуриямен 
қосарлануы жәйсіз болады. 
6. Лейкоцитурия – ЖГН-те 20-30-дан аспайды. Лейкоцитерде зәрге эритроциттер сияқты 
диапедез бойынша өтеді. 
7. Цилиндурия – ісік синдромында жиі кездеседі. Олардың пайда болуы бүйректің
зақымдалуын көрсетеді және олардың пайда болу себебі – белок несепте қышқыл 
реакцияда бүйрек түтікшелерінде оралады, олардың пішінің қабылдайды, сүйтіп 
гиалинді цилиндрлер пайда болады. Оған эритроциттер қалдықтары жабысса, дән 
тәрізді цилиндрлер пайда болады, ауыр жағдайда эпителиалды және воск тәрізділері 
байқалады. Жедел гломерулонефритте эритроцитарлы және гемоглобинді, сиректеу 
лейкоцитарлы түрлері анықталады. 
Биохимиялық өзгерістер:
1. Қандағы азот пен мочевина деңгейі шумақтардың зақымдалу дәрежесіне байланысты 
өседі. 
2. Шумақтық сүзілудің төмендеуі. Дерттің беті қайтуына байланысты оның деңгейі өседі. 
3. Қандағы белоктың өзгеруі - ісіну синдромдағы гипопротеинемия, λ
2
және G 
глобулиндердің артуына байланысты пайда болатын дисглобулинемия. 
4. Холестерин мөлшерінің өзгеруі 
5. Қанның электролит құрамының өзгеруі /әсіресе гиперкалиемия/ 
6. Стрептококктық антиденелердің титрі жоғарлауы 
7. Стрептококктардың 12, 4, 25 типтеріне М-антиденелердің болуы 
8. Комплименттің және оның фракцияларының деңгейінің төмендеуі. 
9. Қандағы өзгерістер: анемия, лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ-ның артуы /30-40 мм 
дейін/ қан ұйыту жүйесінің бұзылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет