Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет312/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

ЖГН тағыда ажыратылады
:
А) пиелнефритпен инерстициальды нефрит, липоидты нефрозбен;
Б) геморрагиялық диатездермен (тромбоцитопатя, Виллебранд ауруы т.б)
В) зат алмасу аномалиялар және дисметаболиалық нефропатиялармен (гипероксалатурия, 
гиперуратурия);
Г) саркоидоз және ісікті аурулармен 
Жедел гломерулонефритті емдеу. 
Гломерулонефритпен ауыратын балаларды емдеу үшін физикалық жүктемені, 
диетотерапияны және, сонымен қатар, белсенді әдістер мен белгілеріне сай дәрі-
дәрмектерді қолдану керек. Бұларды ГН сатысымен түріне байланысты пайдалану керек: 
1. Физикалық жүктеменің және тамақтандырудың тәртібін бүйрек қызметіне және ГН 
активтілігіне сай етіліп, пайдалану. 
2. Белгілеріне сай дәрілер қолдану /диуретиктер және т.б./ 
3. Иммуносупрессивті емді ГН активтілігіне сәйкес қолдану. 
Физикалық жүктеменің тәртібі:
Экстраренальды белгілер мен макрогематурия кезінде қатаң төсектік тәртіп, бел 
аймағына жылу. Гематурия азайып, ісік пен гипертензия төмендегенде тәртіпті кеңейтеді.
Жедел ГН активті сатыларында қатал төсектік режим клиникалық белгілерінің 
айқындылығы айқын азайғанша (ісік, макрогематурия, гипертония және басқалар) 
сақталады. Толық емес сауығу кезеңінде, толық клиникалық-лабораториялық кезеңінде 5 
жыл бойынша алдын-ала егуден босатылады, физикалық жүктеме шектеледі (дене 
тәрбиесі сабағынан босату, қимылдарын көп ойындар ойнамау). 
Созылмалы бүйрек шамасыздығының сатыларында балаларда геморрагиялық 
синдром, ацидоз белгілері, жүрек-тамыр шамасыздығының белгісі байқалғанда, төсектік 
режим сақтау керек. Бұл белгілер жоқ болғанда немесе олар азайғанда, гиперкатаболизм-
нің алдын-алу үшін физикалық жүктемені шектеген жөн. 
Диеталық ем.
Диета тағайындағанда төмендегі принциптер сақталу керек.
 
1. Аурудың аллергиясы бар тамақтарды пайдаланбау. 
2. Құрамында натрий көп тамақтарды пайдаланбау. 
3. Калийі көп тағамдарды (жүзім, кепкен өрік) кортикостероиды гормондармен 
емделетін балаларда гипокалиемияның алдын-алу үшін қосу керек. 
Тамақты тұзсыз дайындайды және организмге тәуліктік мұқтаждықтан 1 граммнан 
артық болмауы керек. Белокты 1-1,5 г/кг дейін азайту үшін етті, ірімшікті, балықты 
шектеп, нанды алып тастау керек. 


496 
Қанша тамақты тұзсыз ішсе де, күніне 5 г тұз қабылдайды, сондықтан организмде 
гипонатриемия дамымайды. Ацидоз бен гиперазотемияның алдын-алу үшін тамақ 
рационы тәулігіне 2000-2500 калория қабылдауына бағышталған болуы керек. Ол үшін 
тәтті тағамдардан, жемістерден жасалған тамақтарды, майды, өсімдік майын көбірек 
пайдалану қажет. 
ГН-тың сауығу сатысында иммуносупрессивті ем қолданылады. Ол тамақты баланың 
жасына сай беріп, балада аллергия тудыратын тағамдарды алып тастаудан тұрады. 
Бала тамағындағы балықты, ірімшікті, етті, тұзды тиісті деңгейіне біртіндеп 1-2 айда 
жеткізіледі.
СБЖ-нің полиуриялық сатысында су шектелмейді, ал олигоанурия кезінде су тек 
шыққан несеп, нәжіс және құсық көлеміндей ғана берілуі керек және тыныс шығарған 
кездегі суды да есепке алу керек. 
Бұны Джиордани-Джиованетти үлкендерге қолдану үшін ұсынған диетасымен іске 
асыруға болады. Ал, балалар үшін осы кісінің диетасы қолданылады, бірақ балаларға 
сәйкестелініп белокты тәулігіне 0,6-0,7 г/кг/ дейін шектеп, жоғарғы калориялы 80-90 
ккал/кг немесе тәулігіне 2000-2800 ккалория қолданылады. СБЖ-мен ауыратын балада, 
ісік және гипертония болмаса, қосымша азотемияға қарсы, ас тұзын біртіндеп қосу 
арқылы /І0г дейін/, жақсы әсер алуға болады. Кейбір СБЖ-нің полиуриялық сатысында 
тұз жоғалту синдромы дамуы мүмкін. Мұнда тұзды шектеу бүйрек қызметі үшін қауіпті 
болады. СБЖ ауыратын адамдарда белокты күрт төмендетіп, жоғарғы калорияны сақтау, 
адам өмірін 3-5 жылға ұзарады. 
Инфекция болғандықтан, 
антибактериальды терапия
, көбіне пенициллин, 
қолданылады. 
Аздаған 
(қосымша)
 патогенетикалық терапия
: антикоагулянттар және антиагреган-
ттар. Антикоагулянт гепариннен бастайды, ол АҚ төмендетеді, гиперлипидемияны 
азайтады, тромбоциттердің агрегациялық қызметің тежейді және антигистаминді әсеріде 
бар. Гепаринді тәулігіне 150-200 бірлікте кг салмағына тағайындайды және қан ұюын 
анықтап отырады. Препаратты 2-4 рет тері астына немесе көктамырға жібереді. Орташа 
ем курсы 40 күн, кейін дозасын азайтады.
Антикоагулят пен антиагрегант препараттарын курантилды қосып береді. Дозасы 10-
15 мг/кг салмағына 3-6 ай. Және бірге антиоксидант препараттарын, А және Е 
витаминдер қосуға болады. 
Симптоматикалық ем
ретінде диуретиктер тағайындалады. Оны су балансын 
тексере отырып беру керек. Фуросемид тәулігіне 40-120 мг және гипотиозидты тәулігіне 
100-150 мг-нан қосып беруге болады. 2-4 сағат ішінде әсері байқалмаса, фуросемид 100 
мг-нан бір рет қайта беріледі. Лазиксті үлкен дозада анық байқалатын және күрт дамитын 
олиго-ануриялық бүйрек.
Диуретиктер
науқаста айқын ісік болғанда тағайындалады, гипертензионды 
сидромда – бүйрек аймағына никотин қышқылымен, эуфиллин, тренталмен электрофорез 
жасалады. Лазикс (фуросемид) бұлшықетке немесе тамырішіне (1,0-1,5-2,0 мг/кг), 
гипотиазид (0,5-1,0 мг/кг);
- бүйрек қан ағысын жақсартатын препараттар – дипиридамол (курантил) 5 мг/кг 
тәулігіне 3 рет ішуге, эуфиллин 2 мг/ кг 3 рет тәулігіне, трентал 5 мг/кг 3 рет тәулігіне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет