494
соғады. Себебі: аурулар, тек несебінің түсі «ет жуындысы» сияқты өзгерген кезде ғана,
дәрігерге қаралады. Аурудың алғашқы сатыларында бүйрек қызметі сақталады. Оны
қалдықты азот, мочевина және креатининге қарап ажырату қиынға түседі. Кей
науқастарда қалдықты азот көбеюі мүмкін, ацидоз, электролиттік бұзылыстар байқалып,
бүйректің концентрациялық және фильтрациялық қабілеттері төмендейді. Бұл 2-4
аптаға
созылады.
Нефротикалық синдромға тән: таралаған айқын ісіктер, протеинурия (3 г жоғары),
гипопротеинемия (55г/л төмен), гипоальбуминемия (40% төмен), альфа 2
гиперглобулинемия,
гиперлипидемия,
гиперхолестеринемия,
ЭТЖ
жоғарлауы,
Гипертензия және гематурия болмайды. Көбіне ерте жастағы балаларда дамиды.
Жекеленген несеп синдромына тән: аздаған интоксикация белгілері, ісіну. Несептің
түсі өзгереді және мөлшері азаяды. Несеп тұнбасында макро- және микрогематурия,
аздаған протеинурия аныталады.
ЖГН-тің белгілерінің кері даму кезеңінде – гипертония, ісіктер жоғала бастайды. 3-6
айдан кейін бүйректің қызметі қалпына келіп, несеп синдромы жойыла бастайды.
Жекеленген белгілердің сақталып қалуы ЖГН-тің ауыр түрлеріне тән. Егер І-жылдан
асқан соң сол белгілері қалатын болса, ол созылмалы түріне айналады.
ЖГН диагнозы клинико-анамнестикалық және лабораторлы-инструментальды
мәліметтер негізінде қойылады. Тексеру кезінде жүргізіледі:
1. Зәр анализі (қажет болса –Аддис-Каковский немесе Нечипоренко)
2. Зимницкий,
Реберг сынамалары
3. Ішкен сұйықтық пен диурезін күнде анықтау және пациентті өлшеп тұру.
4. Зәрді себу
5. Артериальдық қан қысымын күнде өлшеу
6. Қан сарысу құрамындағы креатинин, мочевина, хлоридтер, калий, натрий, жалпы бе-
лок пен белок фракцияларын, коагулограмманы, С3-комплемент титрін, антистрепто-
коккты антиденелерді анықтау.
7. Көз түбін қарау (түскен кездегі және алдағы уақыттағы көрсеткіш бойынша)
8. Бүйрек УДЗ,
таңдамалы-ренография, урография және т.б.
Ажырату диагностикасы
: ЖГН лабораториялық және клиникалық көріністер,
анамнездердің негізінде ажыратылады.
Гломерулопатияның басқа формаларын жоққа шығару қажет.
Гломерулопотиялар тобына қабыну рекцияларымен қосарланған шумақтық
мемебранадағы біріккен иммунопатогенитикалық процесс және әртүрлі клиникалық
симптоматикалармен бүйрек патологиялары кіреді.
Гломерулопатияларға жатады:
1. Гломерулонефрит
2. Идиопатиялық нефротикалық синдром (липоидты нефроз)
3.
Созылмалы гломерулонефрит
- перимембранозды
- мезенхимальды-пролиферативті ГН;
- фокальды ГН
4. Жалпы жүйелі аурулардағы гломерулонефрит
- капилляротоксикоз ( Шенлейн-Генох пурпурасы)
- жүйелі қызыл жегі
- түйінді периартрит.
5. Жалпы аурулардағы нефротикалық синдром:
- интоксикация;
- инфекциялар (күл, туберкулез,
бруцеллез, В гепатиті, цитомегалия, жұқпалы
мононуклеоз, малярия, мерез).
6. Тұқымқуалайтын гломерулопатиялар:
- Альпорт синдромы
495
- туа пайда болған нефротикалық синдром.
7. Гемолитикалық-уремиялық синдром.
13.2.2. Тез үд ейті н (қат ерлі, экст аркапиллярлық , жеделде у) гломе -
рулонефрит (ТҮГН) – бірнеше аптадан бірнеше айға дейін терминальды
уремия даму-
ымен әдеттегі ем кезінде тұрақты ұсталып тұратын және бүйрек жетіспеушілігінің тез
дамуымен сипатталады. Аурудың негізінде базальды мемебраналарда жоғарғы аффинді
аутоантидене-нің түзілуі, немесе көптеген иммунды кешендердің түзілуімен аутоиммунды
зақымдалу жатыр және мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит дамиды.
Жоғарғы сынып оқушылары неғұрлым көп ауырады. ТҮГН әдетте жедел,
олигуриямен тіптен ануриямен басталады. Науқаста айқын интоксикация байқалып,
ісіктер тез көбейеді, гипертензия, гипопротеинемия, анемия дамиды. Типті гемотурия
және селективті емес біршама протеинурия, сонымен қатар изостенурия және жоғарғы
салыстырмалы тығыздықтағы олигурия, зәрдің осмолярлығы дамиды.
ТҮГН диагнозын бүйрек зақымдалуының клиникалық көріністерінің тез дамып, үдей
түсуіне, шумақ мемебраналарында арнайы антиденелердің табылуы және бүйрек биопсия-
сы нәтижелерінің негізінде қойылады. Емінде метилпреднизолонмен пульс-терапия (500
мг/1,73м 3-5 күн тамыр ішіне), цитостатиктер, циклоспориндер,
антикоагулянттар,
антиагеганттар, плазмофарез, гемодиализ, бүйрек трасплантациясы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: