142 кестеден
қараныз); 5) шеткі лимфа түйіндері-
нің үлкеюі (лимфоаденопатия) мен гепатоспленомегалия; 6) оппортунистік инфекциялар
(токсоплазмоз, кандидоз, цитомегалия, криптококкоз т.б.); 7) рецидивті немесе созылмалы
диарея; 8) сілекей бездерінің үлкеюі; 9) гематологиялық өзгерістер (лейко-, лимфоцито-,
тромбоцитопениялар, анемия); 10) сиректеу кардиомиопатия, гепатит, нефропатия.
ВИЧ-эмбриофетопатия әбден мүмкін, кейбір СПИД-пен ауру әйелдердің аборттық
материалынан (жүктіліктің 18-20- аптасы) ми, айырша безден вирус бөлініп алынған.
Біраз авторлардын зерттеулеріне сай ВИЧ-эмбриофетопатиясына құрсакішілік даму
кідірісінің диспластикалық типі тән: микроцефалия және баска бет-ми дисморфизмі (кең,
шығыңқы маңдай, экзофтальм, гипертелоризм, қисық қысынқы көз, толық ерін, көк көз).
Бірақ көпшілігі бұл сипаттаманың осы ауруға тәндігімен келіспей, бұлардың көбінің
аналарында тек СПИД-тен басқа наркомания, алкоголизм, токсикомания, бірқатар
соматикалық аурулар болғанын ескертеді.
142 КЕСТЕ
ПНЕВМОЦИСТАЛЫК ПНЕВМОНИЯНЫҢ (ПЦП) ӨКПЕ-ЛИМФОИДТЫҚ
ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ (ӨЛГ) МЕН ЛИМФОИДТЫҚ ИНТЕРСТИЦИАЛЬДЫҚ
ПНЕВМОНИТПЕН (ЛИП) САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТЫ
(А. Рубинштейн, 1990)
Симптомдар
өлг/лип
ПцП
Жедел басталу
-
+
Бірте-бірте басталу
+
сирек
Қызыну
-
+
Ентігу (төстің кірігіуімен)
кеш
ерте, жедел
Гипоксия
кеш
ерте, жедел
Тыныс шуларының азаюы
-
+
Стридор, шулы тыныс
-
+
Сырылдар
-
+
Саусақ тәрізді және өкпе
рентгенограммасындағы түйінді өзгерістер
+
-
+
-
Сілекей бездерінің үлкеюі
++
+
Жайылмалы лимфоаденопатия
+
++
Қанда лактатдегидрогеназа белсенділігінің
жоғарылауы
++
+
GIg денгейінің қанда көтерілуі
++
-
Т
8
-лимфоциттерінің бронх жуындысында көбеюі
+
-
Тіндер: ВИЧ геномы
+
-
Эпштейн-Барр геномының вирусы
638
Диагнозы
– клинико-лабораториялық. Арнайы түрлі диагностикалық тәсілдер
ұсынылған: бірі – әртүрлі вирус антигендеріне қарсы пайда болған денелерді анықтаса,
екіншісі – ВИЧ-ке антиденелер түзетін лимфоциттер санын есептесе, үшіншілері –
вирустың өзін немесе оның гендерін, түрлі антигендерді іздеуге арналған. Иммунофер-
менттік анализ (ИФА – ен оңайы және арзаны) көмегімен көп жалған оң жауаптар
алынады (жүктілер, гемотрансфузия немесе иммуноглобулин алғандар, қан жүйесі, бауыр,
созылмалы жүйелі, патогенезінде иммундық дертті-аутоиммундық компоненті бар
ауруларда), бірақ скрининг-сынақ ретінде ИФА-ның толық негізі бар. Бұдан сезімталдығы
жоғары әрі сенімді тексеру иммундық блот (Western blot – «вестерн-блот» – батыстық
салтақ) көмегімен жүргізіледі: антиденелердің арнайы беткей гликопротеиндерге ғана
емес, вирус орталығының белоктарынада барын анықтайды. Иммундық блоттың оң
жауабы ИФА-ға қарағанда 80-100 есе аз. Вирус пен оның антигендерін және 9 генді ДНК-
полимераздық әдіс («гендік зонд») көмегімен анықтауға болады, бірақ бұл тәсіл әзірше
өте қымбат болғандықтан кең таралмай отыр.
ВИЧ-ке антиденелердің 1,5 жаска дейінгі балаларда (15 ай) табылу қорытындысын
жариялауға абай болған жөн, себебі олар аналық негізде (әрине, егер антиденелер сол
әдіспен анасында да табылған болса) болуы ықтимал, бірақ ВИЧ-тің балаға енбеуі де
мүмкін. Сондықтан бұл жаста ВИЧ-инфекция жөнінде сөз қозғау үшін екеуіңде де (бала
мен анасында) белгілі біртекті антиденелер табылып, бұған қоса: 1) иммуноглобулиндер-
дін М және G
3
класына жататын ВИЧ-ке антиденелер – ВИЧ-ке антиденелер түзуші
лимфоциттер; 2) тіндер мен қанда вирус; 3) айқын иммунодефицит (1 мкл қанда Т
4
саны
500-ден кем, Т
4
/Т
8
қатынасы 1,0 ден кем); 4) «жіктелудін» Р - 2 класынан 2 ауру; 5) СПИД-
ке тән екіншілік инфекциялар (оппортунистік инфекциялар) анықталуы тиіс.
Емі.
Осы уақытқа дейін СПИД-ке қарсы тиімді дәрілер болмай тұр, яғни СПИД –
қайтымсыз ауру. Осымен қатар, ВИЧ-теріс транскриптазасының түрлі тежеушілері (инги-
биторлары) вирустар өсуі үдеуін азайтып, ми бұзылыстары мен лимфоаденопатияны кері
қайтара алады. Ең тиімдісіне азидотимидин (зидовудин, ретровир, АЗТ) жатады. Оны
ішуге тәулік мөлшерін 720 мг/м
2
есебінен, 4-ке бөліп, әрбір 6 сағат сайын береді.
Зидовудин беру көрсеткішіне ВИЧ- инфекцияның симптоматикалық формасы, (Д
4
Т
4
) —
лимфоциттер санының 1 мкл-де 500-ден кем болуы жатады. Жанама әсерлеріне (бұлар
үлкендерге қарағанда балаларда сирек) жататындары: гемопоэз тежеліп, лейкопения,
анемия, тромбоцитопения өрбуі, диспепсиялық өзгерістер, түрлі жердегі ісіктер, артралгия
және басқа аурулар, қан ағу, тері бөртпелері, дизурия, эмоциональдық құбылмалылық пен
депрессия. Балаларды ВИЧ кері транскриптазасының басқа ингибиторларымен (дидеокси-
нозин – ДДИ, дидеоксицитозин – ДДЦ) және СД
4
ерігіш рецепторларымен емдеу әдісі әлі
ойластырылмаған. Үлкендерде ДДИ панкреатит, сүйек сырқырауына әкелуі мүмкін.
Көптеген ЖИТС ауруларын емдеу орталықтары ВИЧ-инфекциясының симптоматикалық
формаларында 2-4 аптада 1 рет 0,3 г/кг есебінен иммуноглобулинді қанға уақытылы
жіберуді ұсынады. Басқа орталықтардың тұжырымы бойынша иммуноглобулин тек
ЖИТС-ауруларына беріліп, көрсеткіштеріне СД
4
-лимфоциттері қанның 1 мкл-де 200-ден
кем, ал GIg 7,0 г/л-ден аз болуы жатады.
Өкпенің
лимфоцитарлық
гиперплазиясы
мен
лимфоцитарлық
интерстициальдық пневмонит – преднизолон тағайындау көрсеткіші (тәулігіне 1-2
мг/кг есебінен, 2-4 апта бойына) болып келеді.
Пневмоцисталық пневмония. ВИЧ-ке ұшыраған балаларда (ЖИТС аурулары
немесе СД
4
-лимфоциттері саны қанның 1 мкл-де 400-ден кемдері) алдын-алу үшін
триметоприм (75 мг/м
2
) мен сульфаметоксозил (375 мг/м
2
күніне 2, аптасына 3 рет) немесе
қанға пентамидин (4 мг/кг айына 1-2 рет) беруге болады. Үлкендерде пневмоцисталық
пневмонияның алдын-алу үшін пентамидин аэрозоль түрінде қолданылады, бұл әдіс
тиімділігі балаларда әлі анықталған жоқ.
Пневмоцисталық пневмониямен ауырғандарды емдеу үшін триметоприм (20 мг/ кг)
мен сульфаметоксозил (100 мг/кг) қоса тағайындалса, бұл мөлшер 4-ке бөлініп 2-3 апта
639
бойына ішуге беріледі (бұны көтермеген жағдайда осы мөлшерде қанға жібереді) немесе
пентамидин 4 мг/кг (қанға 2 бөліп 12 сағат) есебінен бұл да 2-3 аптаға тағайындалады.
Пентамидиннің жанама әсерлеріне қан қысымы төмеңдеуі, жүрек аритмиялары, құсу,
қандағы мегалобластық өзгерістер, лейкопения, алмасу бұзылыстары (гипогликемия, ги-
покальциемия, гиперкалиемия), тері бөртпелері тіпті Стивенс-Джонс сиңдромына дейінгі
көрініс жатады. Триметоприм мен сульфаметаксозол асқынулары: фолий қышқылы
кемістігі (асқорыту жолдарының бұзылысы, гипотрофия, лейкопения, мегалобластық
анемия және т.б.), метгемоглобинемия, гемолитикалық анемия, метаболикалық ацидоз,
олигурия мен лейкоцитурия -сульфаниламидтердің бүйрек өзекшелеріне тұнуы себебінен.
Осы жағдайларды ескеріп, кейбір асқынулардың алдын-алу үшін екі дәріні қабылдау
кезінде балаға фолий қышқылы (лейковорин) күніне 5 мг, ішуге берілуі тиіс.
Герпес-инфекция жүрісі жайылмалы ми бұзылыстары, пневмониямен ерекше-
леніп, ацикловир (зовиракс) тағайындау көрсеткіші болады; бұл дәрі герпес вирустарының
І-ІІ-типі – тимидинкиназа ингибиторы, бұл желшешек, оралмалы герпеске (герпес
вирусынын ІІІ-типі) де қатысты. Энцефалитте дәрі қанға тамшымен 5-10 мг/кг есебінен
тәулігіне 3 рет (8 сағат сайын) 10-21 күн бойы беріледі. Женіл ағымында осы мөлшерде
ішуге де берілуі мүмкін. Сәбилер мен нәрестелерде жанама әсерлері өте сирек кездеседі,
бірақ үлкендер мен ересек балаларда энцефалопатиялық әсерлер, бас ауыруы,
артериальдық гипотензия, диспепсиялық өзгерістер, қанаққыштык жоғарылауы және
аздап иммунодепрессия байқалады. Ацикловирден көмек болмаса, герпетикалық
энцефалитте қанға 10 күн бойы видарабин (15 мг/кг есебінен тамшылатып 12 сағат бойы)
жібереді. Жанама әсерлері жоғарыдағыдай, бұған гемопоэз тежелісі қосылады.
Цитомегаловирустық инфекцияның жайылмалы ағымы өте мұқият емделуі
тиіс. Цитомегалдардың зәр, нәжісте табылуы бұл көрсеткішке жатпайды, себебі бұл жағ-
дай сау балаларда да болуы ыктимал. Цитомегалдык энцефалит, колит, пневмонияларда
ганцикловир қанға 14-21 күн бойы жіберіледі (2,5-5,0 мг/кг есебінен 8 сағат сайын). Кейін
ганцикловирді қолдау емі ретінде тәулігіне 5мг/кг есебінен аптасына 5 реттен
тағайындайды. Емделгендердің 10-20 %-да ганцикловир ауыр гранулоцитопения әкеледі.
Ең тиімді дәрі фоскарнет болуы ықтимал (60 мг/кг қанға тамшымен тәулігіне әр 8 сағат
сайын 10 күн бойы). Асқынулары: бүйрек жетіспеушілігі, неврологиялық бұзылыстар.
Бүйрек жетіспеушілігінде ганцикловир ең аз мөлшерде беріледі.
Жайылмалы кандидоздарда флюконозол (дифлюкан) ішуге тәулігіне 3-8 мг/кг
(бұл бір реттік те мөлшер) есебінен немесе анкотил (бұл да ішуге) тәулік мөлшерін 4 бөліп
(100-150 мг/кг) немесе амфотерицин В қанға (тәулік мөлшерін 0,25 мг/кг-нан бірте-бірте
0,5-1,0 мг/кг-ға дейін көтереді, күніне 1 рет 4-6 сағат бойы) қолданылады. Бұл дәрілердін
бәрі сүйек майы жұмысын тежеп, бүйрек жетіспеушілігін беруі мүмкін, айқын гепато-
кардиотоксикалық әсері аллергиялық анафилактика шогына дейінгі көрінісімен қауіпті. В
амфотерициннің улық әсері өте жоғары. Жаңадан шығарылатын санырауқұлаққа қарсы
денелердің ішінен жанама әсері ең кемдеуі дифлюкан (тәулік мөлшері 3-6 мг/кг).
Кандидоздардын әдеттегі жүйелі курстық емі 2-3 апта, бірақ кейде бұдан да көп уақыт
жүргізілуі мүмкін.
ВИЧ-ке ұшырағандарда бактериальдық инфекциялар өте жиі сепсистік ағым алады,
сондықтан барлық қолда бар тексеру мүмкіндіктерін пайдаланса (микроскопия,
микробиология әдістерімен қан, зәр, нәжіс, ірің, тыныс жолдары кілегейі, ликвор және т.б.
зерттелуі), диагнозы ерте қойылуы мүмкін.
ВИЧ-инфекииясына ұшыраған балаларды алдын-ала егу өте-мөте керек, себебі
иммундық тапшылық негізде олар инфекцияларға өте сезімтал келеді. Бұл балаларға тек
тірі полиомиелит вакцинасын беруге (ішуге) мүлдем болмайды. Оны парентеральдық
(яғни өлген) вакцинамен ауыстыру керек. Басқа вакциналар бұл балаларға түгелдей
қолданылады. ДДҰ ВИЧ-инфекциясына ұшырағандарға ВСG вакцинасын жасаудан
қашпауды, ал инфекцияның симптоматикалық формасында мұны қолданбауды ұсынады.
640
ВИЧ-инфекцияға ұшыраған балалар желшешек ауруларымен қатынасатын болса,
соңғыларының қанына арнайы иммуноглобулин жіберілуі тиіс.
Егер ЖИТС-пен ауыратын науқас жарақат алса (столбнякқа қауіпті), балаға қанына
міндетті түрде арнайы (столбнякқа қарсы) иммуноглобулин жіберілуі керек (немесе етке).
ВИЧ-инфекциясын жұқтырған балалар қызылша ауруларымен қатынаса қалса,
бұларға міндетті түрде етке 0,25 мг/кг, ал ЖИТС науқасына – 0,5 мг/кг есебінен
иммуноглобулин жіберу керек.
ВИЧ-инфекциясын жұқтырған балалар аурухананың инфекция бөлімше-сіне
жатқызылуы тиіс (дұрысы арнайы бөлімше немесе бөлмелер). Бұлармен қатынасатын
қызметкерлер сынаққа қан алу, қанмен байланысты әрекеттерде, интубация, эндоскопия,
«ауру» тістерді емдеу, ірің, жараларды жуып-тазарту, венесекция, тамырлар пункциясы,
қан катетерлерін ауыстыру, трахеостомия және стоманы күтіп-бағу, жұлын пункциясы,
түрлі қуыстарға пункция жасау (плевра, іш т.б.) кезінде бір жолға қолданылатын қолғап
киеді. АҚШ орталығының ұсынысында егер медицина қызметкерлерінің терісінде (жара,
экзема және т.б.) болмаса, зәр, нәжіс, құсық, көз жасы, мұрын-ауыз секреттерімен
араласқан кезде немесе ВИЧ-инфекциялы баланы құндактағаннан соң қолын тазалап жуса
болғаны.
Егер қолғап жыртылып (немесе басқа жолмен), қызметкерлер ВИЧ-инфекциялы ауру
қанымен қатынасқан жағдайда бірден 72 сағат бойы азотимидин қолданса (ішуге 200 мг
әрбір 6 сағат сайын ай бойына), ВИЧ-инфекция өрбуін тоқтатуға болады деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |