Болжамы.
Әдетте, ЖИТС-тің алғаш клиникалық белгілерінен өлімге дейін 2-3 жыл,
бірақ, бұдан ұзақ (5 немесе одан әрі) өмір сүруі де ықтимал. Перинатальдық кезеңінде
инфекцияға ұшырағандардың өмірі көбіне 5 жылдан көп болмайды. 2 жасқа дейін
оппортунистік инфекциялар қосылысы өлімді тездетеді.
ВИЧ-инфекцияға ұшырағандарды диспансерлік бақылау (КСРО ДСМ методикалық
ұсынысы «Балалар ВИЧ-инфекциясы», М., 1990) тұратын жерінде жүргізіледі: қалада
учаскелік педиатр, аудандарда аудандық педиатр.
Ұсыныста 3 топ бөлінеді: I – ВИЧ жұқтырғандар – аурудын клиникалық белгілері
жоқ; II – ВИЧ жұқтырғандарда клиникалық белгілері бар (ұзақ қызба, лимфоаденопатия,
көп терлеу, энцефалопатия т.б.); III – ВИЧ жұқтырғандарда оппортунистік инфекциялар
көріністері (пневмоцисталық пневмония, герпес-инфекция, цитомегалия, жайылмалы
кандидомикоз бұзылыстары және т.б.) бар.
І-топ балаларын дәрігер 3 ай сайын қарайды. Жылына 1 рет оларды арнайы
стационарға жатқызады, мұнда толық бақылау-диагностикалық тексеріс жүргізіледі: ВИЧ-
ке антиденелер, Т- және В- лимфоциттермен қатар, хелперлерді, супрессорларды анықтау,
ЦИК, жалпы кан, зәр сынағы т.б. Клиникалық-иммундык тексеру корытындысы негізівде
алдын алу емін жүргізу мәселесі шешіледі. Бұл балалар жалпы режимде болып, жасына
сай қалыпты тамақтанады, ауру алдындағы жағымсыз жайлар, басқа аурулар болуы
ескеріледі. Физикалық ауырлық шектелмейді, мектепке баруына болады.
ІІ-бақылау топтың балалары мамандандырылған стационардан шығып, онда толық
клиникалық-иммундық диагнозы қойылған соң, оларды учаскелік педиатр айына 1 рет
қарайды. Олар аялы режимде болып, күндіз қосымша демалады. Оқушыларға үйде оқуға
рұқсат беріліп, емдік жаттығу ұсынылады. Тамақтану күніне 4 рет, емдәм құнарлы,
витамині мол болуы тиіс. Бұл топ балалары жылына 2 рет клиникалық-иммундық
тексеруден өтіп, мамандандырылған аймақ орталығында емделеді.
Ш-бақылау тобының балалары стационарда оппортунистік инфекциядан таза
жазылғанша немесе құбылыс тұрақтанғанша болады. Бұдан шыққан соң бұл балаларды
учаскелік дәрігер айына 2 рет жағдайына қарай қарайды. Қозғалыс режимі физикалық
даму, қосалқы аурулар мен олардың ауырлығына байланысты тағайындалады: қатаң
төсектік, жартылай төсектік, төсектік режим болуы мүмкін. Емдәм асқорыту ағзалары
жайына, диарея синдромы, тәбетіне және т.б. қарай шешіледі.
641
Бұл балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштеріне интеркурренттік ауру (ЖРВИ,
пневмония, пиелонефрит және т.б.) қосылуына байланысты хал-жағдайының нашарлауы
немесе оппортунистік инфекция пайда болып, оны емханада емдеу қиындығы, бұған қоса,
дистрофия үдеуі жатады.
ВИЧ-жұқтырғандарға хирургиялық, травматологиялык, стоматологиялык, офтальмо-
логиялық және т.б. көмек көрсету керек жағдайларында баланы тиісті ауруханаларда
қарайды. ВИЧ-инфекция ошағы отбасыларына отбасылық бақылау тағайындалады (тиісті
деректемелерді қараңыз). ВИЧ-инфекциясына ұшыраған балаларға алдын-ала егу мен
туберкулез сынақтарын жүргізуге болады (тек тірі вакциналарға мүлдем тиым салынады).
Бұндай ауруларға мынандай құжаттар тіркелуі тиіс: 1. Амбулаторлық аурудын
дәрігерлік кітапшасы (№112-у Ф). 2. Диспансерлік бақылау кітапшасы. 3. Есеп-тіркеу
кітапшасы.
Алдын алу жолдары.
ВИЧ-инфекциясының арнайы иммундық алдын-алу жолдары
анықталмаған. Алдын-алу әрекеттеріне жататындары:
—
қан тапсыратындарды (донор), қауіпті топ адамдарын, шетелдіктер мен шетелден
қайтатын азаматтарды (егер ол жақта айдан аса тұрса) тексеру;
—
ВИЧ-ке антиденелерді барлық жүкті әйелдерден іздестіру;
—
Инфекцияға ұшыраған әйелдердің бала тууын бақылау және бұл туылған балаларға
емшек емізбеу;
Медициналық мекемелерде инфекция жұғудың алдын-алу тиісті эпидемиологиялық
режимді қатаң сақтау арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда мыналарды ескерген жөн:
1.
ВИЧ таралуына қауіпті қан мен сілекей.
2.
Ең қауіптісі – инфекиияға ұшыраған заттардың (материал) закымданған тері мен
шырышты қабаттардан өтуі.
3.
Аурулармен қатынасқанда және олардан алынған биоматериалдармен жұмыс істей-
тін медицина қызметкерлері резіңке қолғап пен маска киеді. Бұған қоса, В вирустык
гепатит ауруларымен катынаста қарастырылған сақтық жайлары орындалады.
4.
Қолғап, өзіне ғана арналған киімді шешкен соң, бұл орыннан кетер алдында
(потенциальды инфекциялық материалмен жұмыс істеген жер) міндетті түрде мұқият
қол жуу керек.
5.
ЖИТС аурулары мен ВИЧ-инфекциясына ұшырағандарды ауруханаға жатқызған
кезде инфекция таралуын болдырмау іске асырылып, жоғары нерв жүйесі бұзылысы
бар ауруларды бақылап, күту шаралары орындалуы тиіс.
6.
ВИЧ-инфекциялы балаларды емдеуде аспаптар мен шприцтер тек 1 рет қана
қолданылуы тиіс.
7.
Үй-іші, киім-кешек және т.б. аурудан бөлінген заттармен ылғи дезинфекция
жасалады (натрий гипосульфитінің 5,25 % ерітіндісі, натрий гипохлоридінің 0,2 %
ерітіндісі, этил спирті).
ВИЧ-инфекциясымен күрес әрекеттеріне инфекцияға ұшырағандарды дер кезінде
анықтап, ауруларды мамандандырылған мекемелерге орналастыру жатады. Әдеттегі жай
сақтану ережелерін орындау аурулармен қатынасты толық қауіпсіз етеді.
Ремиссия бойында балаларға мектепке дейінгі ұжымдар мен мектепке баруына
болады. Бірақ 3 жасқа дейін балалар ұжымдарына қатыспағаны дұрыс, себебі бұл балалар
жеке күтімді, тәрбиені керек етеді.
ВИЧ-инфекциясына ұшырағандар туралы денсаулық сақтау қызметкерлеріне еш
мәлімет таратуға жол жоқ.
20. БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ
Балалар патологиясының жұқпалы аурулар ең жоғарғы орынды алады. Жұқпалы
642
аурулар –
Достарыңызбен бөлісу: |