658
науқастарда бөртпелер кілегей қабықтарда да (ауыз қуысы, мұрында, жұтқыншақта,
көмейде, жыныс мүшелерінде және т.б.). Олардың пайда болуы
терідегі бөртпелерденде
ерте болуыда мүмкін.
Желшешектің ерекше ауыр жағдайларында ішкі мүшелердің кілегей қабаттары
зақымдалады. Желшешектің висцеральды түрлерінде болжамы өте ауыр болып келеді.
Бірінші және екінші реттегі (кортикостероидтар қабылдау, стероидты емес қабынуға
қарсы дәрі-дәрмектер қолдану) иммундық жетіспеушілік, тері және өкпе аурулары
байқалатын балаларда өте ауыр болып келеді.
Лабораториялық анықтау
. Гемограммаға тән ерекшеліктері: лейкопения, нейтропе-
ния, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ қалыпты деңгейде. Күлдіреудің
сұйықтығынан
жасаған жұғындысында алғашқы 3-4 күнде Aparay денешіктері анықталады. Комплимент
байланыстырушы реакция (КБР), желшешектік антигенмен ИФА, тест латекс-
агглютинация оң болып келеді.
32 сурет
. Желшешектегі әртүрлі элементтер.
Үйде емдеу.
Қызба кезінде төсектік режим тағайындалады. Емдәм жанашырлық,
тәулігіне 1 литрге дейін көп мөлшерде сусын ішкізу керек. Гигиенаны сақтауға ерекше
көңіл аударылады. Төсек орын, іш киім жиі ауыстырылады. Бөртпе элементтері күніне 2
рет анилин бояуының 1% ертінділерімен (метиленді көк, бриллиантты көк) өңделеді.
Кілегей қабығындағы элементтер анилин бояуының сулы ертінділерімен өңделеді.
Дене қызуы 38,5
о
жоғары көтерілгенде қызу түсіретін дәрілер (парацетамол)
қолданылады. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға Ацетилсалицил қышқылын
беру. Рей синдромының пайда болу қаупі туады. Желшешек ауыр дамығанда немесе
қауіпті топтарға кіретін балаларға венаға ацикловир (30 мг/кг 3 енгізуге) немесе 80 мг/кг
есебінен 3-4 рет ішкізеді) тағайындалады. Шет елдерде арнайы иммуноглобуллин
қолданылады. Теріде қатты қышу байқалса, антигистминдік дәрілер (супрастин, тавегил)
беріледі. Антибиотиктер бактериальды асқынулар байқалғанда тағайындалады.
Ауруханаға салу көрсеткіштері.
Біріншілік және
екіншілік иммундық жетіспеу-
шіліктер, асқынулар байқалатын науқастар ауруханада емделеді. Аруханада вирусқа
қарсы әсер ететін ацикловир, виралекс сияқты дәрілер қолданылады.
Болжам,
вицеральды түрлері болмаса, жағымды болып келеді.
Сауығу шектері.
Клиникалық сауығу аурудың басталғанына 10 күн толмай
байқалмайды. Қоршаған ортаға науқастар соңғы элемент пайда болғаннан кейін 5 күн
өткенше жұқпалы болып келеді.
Эпидемияға қарсы шаралар.
Науқасты жазылғанша оңашалау қажет (кестені қара).
Карантин желшешекпен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға ғана аурулардан айырған-
нан кейін 11-21 күнге жасалады. Қатынаста болған балаларға күнделікті термометрия,
терісі мен кілегей қабықтарын қарап отырады. Дезинфекция жүргізілмейді, күнделікті
659
дұрыс жүргізілген жинаумен бөлмені желдендіру жеткілікті деп есептелінеді. Біздің елде
алдын-ала егу қолданылмайды, бірақ дүние жүзінде бұл мәселе шешіліп жатыр.
Диспансерлік бақылау.
1 ай бойына алдын-ала егу жүргізілмейді.
20.6. ЭП И Д Е М И Я Л Ы Қ П А Р О Т И Т
Қоздырғышы
– РНК вирус, қоршаған ортада тұрақсыз.
Эпидемиологиясы.
Инфекция көзі: айналасындағыларға
аурудың клиникалық
белгілері пайда болғаннан 1-2 күн бұрыннан бастап, әсіресе аурудың алғашқы 5 күнінде,
қауіп тудыратын ауру адам. Кейде ауру слекей безі зақымданғанға дейін 7 күн,
зақымдалғаннан кейін 9 күн бойына жұқпалы болып келеді.
Таралу жолы:
ауа-тамшы жолы, бірақ ыдыс, ойыншық арқылы аурудың слекейінен
жұғуыда мүмкін. Қатынастық индексі жоғары.1 жастан асқан балалар және алдын-ала
егілмеген ересек адамдар ауыруы мүмкін. Аурып тұрғаннан кейін, иммунитет тұрақты,
өмір бойына сақталады.
Патогенез
. Организмге енген вирус жоғары тыныс жолдарының эпителияларында
өсіп, көбееді, қанмен организмге тарайды. Организмде оған
ең сезімтал болып слекей
және басқа бездер және ОНЖ есептеледі.
Жіктелісі.
Түрі бойынша
типті
және
типті емес
(көмескі, белгісіз) болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері
болады.
Ағымы бойынша
тегіс, асқынулы
(орхит, оофарит, панкреатит, менингоэнцефалит)
түрлері болды.
Клиникалық көрінісі.
Инкубациялық кезеңі 15-19 күн, бірақ 11 күннен 25 күнге
дейінде болуы мүмкін, алғашқы (продормальды) кезең – 0-1 күн, айқын даму кезеңі 10
күндей, сауығу кезеңі 1 айға дейін болады. Айқын даму және сауығу кезеңі аурудың
түріне байланысты ұзаруы мүмкін. Әдетте ауру дене қызуы 38-39
о
дейін көтеріліп, жедел
басталады. Кейбір жағдайларда жалпы интоксикациялық белгілер әлсіз болуы мүмкін.
Жиірек құлақ маңындағы сілекей бездері зақымдалады. Тексергенде
сілекей безі ісініп,
ауырсынп, балада осы ауруға тән түр (бет әлпеті) пайда болады. Бұл осы ауруға ғана тән
бет әлпетіне байланысты орыс халқында «свинка» (шошқа ауруы) ауруы деп аталады.
Ұрттың кілегей қабығында сілекей безінің өзегінің сыртқы тесігінің маңында қызарған
күлтәж (Мурсон белгісі) анықталады. Науқастар шайнағанда және жұтынғанда ауырсыну
байқалатынына шағымданады. Аурулардың 1/3-інде сілекей безінің үлкейгені байқалмай-
ды. Қабыну процессімен жақасты сілекей безі (субмаксилит), жыныс мүшелері (орхит,
оофарит), ұйқы безі (панкреатит) буындар (артриттер), қалқанша безі (тиреоидит)
зақымдалады. Бірінші, екінші апта бойына қабыну процессіне мидың қабығы араласса,
менингиттің клиникасы (қайталап байқалатын қызба, бастың ауруы, құсу, менингит
белгілері – желке бұлшық еттерінің тартылуы (ригидтігі), Керниг белгісі,
Брудзинский
белгісі және т.б.) байқалуы мүмкін.
Лабораториялық анықтау.
Қан анализі: салыстрмалы лимфоцитозбен лейкопения.
Биохимиялық зерттеу
: Панкеатитте қан сарысуында амилаза мөлшері анықталады.
Серологиялық зерттеулер
: КБР, РТГА ауру барысында (динамикада).
Үйде емдеу.
Сырқаттың клиникалық белгілері жойылғанша төсектік режим
сақталады, бірақ, 7 күннен кем болмауы керек. Емдәм: Панкреатиттің даму қауіпіне
байланысты ащы, майлы, қуырылған тағамдар жемеуі керек. Дәрі-дәрмектік ем
белгілеріне сәйкес жүргізілу керек.
Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер.
Нерв жүйесінің зақыдалуы, панкреатит,
орхит, оофарит байқалатын ауыр түрлері ауруханада емделуі керек.
Сауығу шектері:
Сауығу аурудың ең бірінші белгілері пайда болғаннан кейін 10 күн
өткеннен кейін, басқа мүшелердің
зақымдалу белгілері байқалмаса, байқалады деп
есептеледі.
660
Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқасты оңашалау аурудың басталған күннен
есептегенде, 10 күннен кем болмауы керек. Мүмкіндігінше, толық сауыққанша созылғаны
жөн.
Дезинфекцияны
қажет етпейді. Қатынаста болғандарды оңашалау қатынаста болған
соңғы күнінен есептегенде 11-ші күннен бастап, 21-ші күнге дейін созылады.
Иммунизация.
Активті тірі паратитті вакцинамен вакцинация жасау 15-18 айлығында
жасалады. Алдын-ала егілмегендер 7 жасқа дейін егуге болады.
Диспансерлік бақылау
. Менингитпен, панкреатитпен, орхитпен ауырғандар бақылау
1 жылдан кем болмауы керек. Профилактикалық егу қарсы көрсеткіштер әр жағдайда
жеке шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: