Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет441/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына.
Мойын лимфа түйіндері ұлғайғаны анықталғанда 
стоматолог ауыз қуысында жедел қабыну процессі туралы ойлауы керек. Жедел қабыну 
процессі жоқ болса бадамша бездерге көңіл аудару керек. Баспа байқалып, мойын, әсіресе, 
артқы мойын бездері ұлғайса инфекциялық мононуклеоз болжап, педиатрдің кеңесіне 
жүгіну керек. Ауызмұрын аймағында жедел қабыну процессі байқалғанда 
стоматологиялық манипуляциялар жүргізбеген жөн.
20.8. К Ө К Ж Ө Т Е Л 
Көк жөтел – 
ауа-тамшы жолымен жұғатын, циклды ағымды, спазмды ұстамалы 
жөтелмен білінетін жедел инфекциялық ауру.
Қоздырғышы.
Грам теріс Bordetella pertussis (Борде-Жангу) таяқшасы, қоршаған 
ортада тұрақсыз.
Эпидемиологиясы.
Инфекция ошағы болып арудың типті және типті емес түрлерімен 
ауыратын адамдар, алғашқы белгілері көрінген күннен бастап 4-5 апта бойына есептеледі.


662 
Инфекцияның жұғу жолдары: 
ауа-тамшы жолы
. Қатынас индексі жоғары. Ауру 
қаупі нәрестелік кезеңнен 5 жасқа дейін жоғары болып келеді. Иммунитет тұрақты, өмір 
бойына созылады.
Патогенез.
Қоздырғыш жоғары тыныс жолдарының кілегей қабатына түседіде, 
көбейеді. Қоздырғыш бөлетін улар тыныс жолдарының рецепторларын қоздырадыда,
жөтелдің пайда болуына және ОНЖ-де доминанты типтес қозу ошағының пайда болуына 
ықпал етеді. Осыған ұзақ уақыт кезкелген бейарнамалы қоздырғыштан кейін спастикалық 
жөтелге дайындығы сақталып қалады. Спастикалық жөтелдің пайда болуында көкжөтел 
микробының аллергиялық әсерінің маңызында болуы мүмкін. 
Жіктелісі.
Түрі бойынша 
типті 
және
 типті емес
(көмескі және белгілерсіз) болады. 
Ауырлық дәрежесі
.
Жеңіл, орташа ауыр, ауыр
болып бөлінеді. 
Ағымы бойынша
тегіс (асқынбаған) 
және
асқынған
(апноэ, мида қан айналым 
бұзылыстары, эмфизема пневмотаркс). Сонымен қатар, асқынулары пневмонияны, 
құрысуларды, энцефалитті қамтиды.
Клиникалық белгілері.
Инкубациялық кезең 6 күннен 20 күнге (жиі 7-10 күнге), 
алғашқы немесе катаральды кезең 14 күнге дейін, ұстамалы жөтелдің пароксизмальды
және инспираторлы ентігу кезеңі 1 ай және оданда көп, сауығу кезеңі 1-2 апта (1-2 айда 
болуы мүмкін) созылады. Ауру субфибрильді көрсеткіштерге дейін қызу көтерілуден, 
шамалы тұмаудан, құрғақ жөтелден басталады. 2 апта ішінде күшее түседі. Аурудың 
келесі кезеңінде жөтел пайда болады. Спазмды жөтелдің кезеңді (периодтық) бірінен соң 
бірі келетін, екпінмен (толчок) жүретін және кезеңді (периодты) ауысып тұратын, 
қиналып дем алумен, яғни қырылдаған дыбыс шығаратын, репризбен ауысып шырышты 
қақарықпен немесе құсумен аяқталатын ерекше механизмі бар. Жөтел ұстамасы кезінде 
науқас қиналып, беті қызарып, тілін трубка тірізді етіп бүктеп шығарып, склерасына қан 
құйылып, кіші немесе/ және үлкен дәреті жүріп, құсып қатты қиналып қалады 
(133 сурет). 
Ұстамааралық кезеңде кеудесінің эмфизематозды кеңеюі, баланың мазасызданып, 
қозғыштығы көңіл аударады. Ерте жастағы балаларда осы ауруға тән жөтел ұстамасы 
реприз байқалмауы мүмкін, бірақ жөтел кезінде тынысы тоқтап қалып, апноэ байқалуы 
соның аналогы болып есептеледі. Сауығу жөтел сирейді. 
Лабораториялық анықтау.
Тыныс жолдарының кілегейін Борде-Жангу қан агар-
ортасына екі рет көкжөтел таяқшасына себеді. Көкжөтелдің ретроспективті серологиялық 
диагностикасы. Қан анализіндегі өзгерістер: лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ қалыпты. 
133 сурет. 
6 жасар баладағы көкжөтел (3-ші апта). Екі көз алмасының склерасына 
қан құюлу. 
 
Белгілеріне сәйкес ем
. Жөтелді арандатын түрткілерді жою, антигистаминді 
препараттар (тавегил, супрастин), бронхолитиктер (эуфиллин, бронхолитин), жөтелді 


663 
басатын дәрілер (либексин, тусупрекс), тыныштандыратын дәрілер (реланиум немесе 
басқалары) тағайындалады. Көкжөтелмен ауырған 6 жасқа дейінгі және асқынулар 
байқалатын балалар ауруханаға жатқызылады. 
Сауығу шектері.
Көкжөтелмен ауырған адам ауыру басталғаннан кейін 25 күн 
бойына жұқпалы болып есептеледі. Ауыр жағдайларда педиатрдің, неврологтың, 
пульмонологтің бақылауында болады. Профилактикалық егу жазылғаннан кейін 1-2 айдан 
соң жүргізіледі.
Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқасты, ауру басталғаннан кейін, 25 күнге оңаша-
ланады. Қатынаста болған 7 жасқа дейінгі балалар 14 күн бойына карантинде болады. 
Алдын-алу
мақсатында, жасына және егілген-егілмегеніне қарамастан, жобамен 
азитромицин немесе кларитромицин тағайындалады. Науқастың жатқан бөлмесін 
күнделікті жинап, желдендіріп тұрады. 
Иммунизация.
АКДС вакцинациясы. 3 айлықтан бастап үш рет 1,5 ай үзіліспен 
жасалады. Ревакцинация 1,5 жылдан кейін жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет