666
дамып, сусыздану байқалады. Энтероциттердің, оған
бекіген вибриондармен бірге
сылынып түсуі эпителияның қоздырғыштан тазалануына ықпал етеді. Науқастың нәжісі
сыртынан қарағанда «күріш қайнатпасы» сықылды болып көрінеді. Дамитын организмнің
дегидратациясы дерттің негізгі патогенетикалых көрінісі болып келеді. Оның дамуның
соңғы сатысы гиповолемиялық шоктың дамуы.
Декомпенсацияланған сусыздану салдарынан токсикоз, жедел бүйрек жетіспеушілігі,
гипокалиемия, ми қан айналымының бұзылуы пайда болады. Сонымен қатар гипоглике-
мия, кома, құрысу байқалуы да мүмкін.
Жіктелісі.
Қоздырғыш түрі бойынша
.
Түрі бойынша
: типті, типті емес
. Ауырлық
дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауырлық дәрежесі, ауыр, алгидті жағдай
.
Клиникалық көрінісі.
Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін
созылады. Дерт ішек диспепсиясы синдромымен жедел басталады.
Диспепсия кенеттен
басталады. Нәжіс жиілігі дерттің ауырлық дәрежесіне сәйкес келеді. Сыртынан қарағанда
нәжіс «күріш қайнатпасы» сықылды болып көрінеді. Дефекация ауырсынусыз, іш ауруы ,
әдетте байқалмайды. Құсумен білінетін асқазан дифункциясы синдромы аурудың келесі
сатысында байқалады.
Сұйық нәжіс пен құсу фонында эксикоз белгілері пайда болады:
- тері мен кілегей қабатының құрғауы;
- үлкен еңбектің төмендеуі, көздің шүңіреюі;
- терінің тургорының төмендеуі;
- олигоурия.
Бұлшық ет бұзыл ыст ары синдромы
–
тырысқақтың ерте пайда болтын
белгілерінің бірі. Ол айтарлықтай мөлшерде электролиттердің жойылуына байланысты
және айқын әлсіздікпен, адинамиямен, ауырсынумен, балтыр бұлшық етерінде мен
шайнау бұлшық еттерінде құрысудың пайда болуымен білінеді.
Дене қызуының
айтарлықтай жоғарлауы ерте жастағы балаларда байқалады, ал ересек адамдарда сирек
кездеседі. Жалпы иноксикация белгілеріде ерте жастағы балаларда байқалады.
Диагностикасы. Жалпы клиникалық анализ:
лейкцитоз, таяқшаядролы ығысулы
нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы.
Бактериологиялық зерттеу
нәжісте және құсықта тырысқақ вибрионын анықтаудан
тұрады.
Нәжіс пен құсықты фазово-контрасты зерттеу.
Емі:
Глюкозотұз ертінділерімен регидратация жүргізу
емнің ең маңызды бөлігі
болып есептеледі.
Этиотропты
ем
(эритромицин,
тетрацикли,
доксициклин,
невиграмон,
фуразолидон, эрцефурил, бисептол, ципрофлоксацилин).
Достарыңызбен бөлісу: