678
өзі жұмыстан босатылатын болса, 6 жасқа дейінгі балаларды үйде қалдыруға болады)
қоздырғышы анықталған ішек инфекциясы (дизентерия, энтеропатогенді ішек
таяқшасы) анықталғанда.
Ішек инфекциясы байқалатын балаларды
емдеу қағидалары
:
1.
Регидратация – дегидратация мен ацидозды жою үшін, жойылған су мен
элетролиттердің тез орнын толтыру.
2. Реалиментация-физиологиялық мұқтаждығын қамтамасыз ету және екіншілік гипо-
трофияның алдын алу үшін тиімді там атандырумен қамтамасыз ету.
3. Белгілеріне сай ем – ішектің бұзылған фукнциясын қалыптастыру.
4. Этиотропты ем – инфекция қоздырғыштарын жою.
Регидратацияны
ішкізіп немесе парентерально жүргізеді (135 сурет).
БІРІНШІЛІК РЕГИДРАТАЦИЯ
(су-тұз жетіспеушілігін қалыптастыру)
Глюкозатұзды ертінді per os
Тиімділігі байқалмайды
135 сурет.
Ерте жастағы балалардағы сусыздануда (эксикозда) регидратация
жүргізу жобасы.
Парентеральды регидратация жүргізуге көрсеткіштер:
1. балада гиповолемиялық шок белгілері байқалатын сусызданудың ІІІ, сонымен қатар ІІ
дәрежесі;
2. эксикоздың кезкелген ауырлық дәрежесінің ауыр токсикозбен қосарлануы;
3. оральдық регидратация жүргізгенде жойылмайтын олигоурия, анурия;
4. тіптен асқазанынын жуғаннан кейінде тоқтамайтын құсу;
5. тәулік бойына жүргізілген оральды регидратацияның тиімсіздігі;
6. оральды регидратация басталғаннан кейін 2 тәулік бойына нәжістің мөлшерінің артуы.
Оральды регидратация құрамына біріншілік (толықтырушы), екіншілік (қолдаушы)
және тағам жетіспеушілігін компенсациялау кіреді.
Біріншілік регидратация емдеуді бастау кезінде байқалатын су мен тұздың
жетіспеушлігін жоюға бағышталады.
су-тұз балансын
Достарыңызбен бөлісу: