683
айналу, бас ауру, мазасыз ұйықтау, естен тану анықталады. Шеткі қанда анемия белгілері,
лейкоцитоз байқалады. Нәжіс жұғындысын микроскоп арқылы қарап, диагноз қойылады.
Емі
және
алдын-алу
аскаридозбен бірдей.
Энтеробиоз –
қоздырғышы – острица, үлкен емес, дөңгелек құрт, ұзындығы 1см,
ащы және тоқ ішектің төменгі бөлігінде орналасады.
Ауру көзі – адам. Аурудың берілу
жолы – қарым-қатынас. Берілу факторлары: лас қол, киім, төсек орын, үй шаңы арқылы
таралады.
Үлкен аналықтары жұмыртқаларын перианальды қыртысқа салып, содан соң өздері
өледі. Қалған жұмыртқалар 6 сағатта өнеді. Острица қозғалысы анус аймағында
(құйрығында) қышу сезімін туғызады. Науқастар қышыған теріні қасығанда құрт қолға
тиіп, тырнақтар астына жұмыртқалар жиналады. Баланың аузына лас қол немесе тағамдар
арқылы түсуі мүмкін, сондықтан қайтадан жұқтыруда мүмкін.
Острицалардың өмір сүру ұзақтығы 3-4 апта, бірақ қайталап жұқтырудан ауру ағымы
ұзаққа созылады.
Клиникалық көрінісі.
Негізгі – артқы тесік айналасының тұрақты қышуы, ол
ұйқысыздыққа алып келеді. Қышыма кешке немесе түнгі уақытта пайда болады. Бала
нашар ұйықтайды, тітіркенгіш, сирек ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы болады. Қыздарда
острицалар жыныс органдарына түсіп, вульвовагинит дамуы мүмкін. Ұзақ инвазияларда
балаларда нервті-психикалық бұзылыс дамып, ол есте сақтау қабілетінің төмендеуімен,
сабақ үлгерімінің нашарлауымен көрінеді.
Диагноз
нәжісті құрт жұмыртқаларына зерттеу, артқы тесік қатпарларынан алу
тексерілісімен қойылады.
Емі
. Медикаментозды емі барлық жұқтырған адамдарға тағайындалады: комбантрин,
пиперазин, вермокс (мибендазол) нафтамон, дифизил, пирантел, фенасал, декарис, асқабақ
дәні.
Ем уақытында және антигельминтті дәрілерді тоқтатқан соң, тазарту клизмасын
жасап кешке және таңертең душқа түсіріп, тәулігіне 2 рет іш киімін күнделікті төсек
орнын ауыстырып, тырнақтарын қиып және оны йод немесе спиртпен өңдеу қажет.
Алдын-алу.
Реинфекциядан (қайталап жұқтыру) сақтану үшін жеке бас гигиенасына
ерекше көңіл бөлу керек және бұл тек балалар ғана емес, олардың жанұя мүшелерінеде
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: