687
Барлық ауруларын түгел жіктегеннен кейін балаға қажетті арнайы ем түрін
анықтаңыз. Егер бала шұғыл түрде ауруханаға жіберуді қажет етсе ауруханаға жіберер
алдын-да қажетті емін жасаңыз. Егер баланы үйде емдеу қажет болса, емнің
интеграциялаған жоспарын жасаңыз, медициналық мекемеде дәрінің алғашқы дозасын
беріңіз. Егер балаға алдын ала егуді жасау керек болса, жасаңыз.
Емі бойынша, баланы күтішіні, дәріні қалай ішкізу керек, тамақты қалай беру және
сусынды қалай ішкізу керек, сонымен қатар жергілікті инфекцияны үйде қалай емдеу
керек екндігіне үйретуді қоса отырып, тәжрибелік ұсыныстар жасау қажет. Баланың
күтушісінен, болашақта баланы белгілі бір мерзім бойына дұрыс бақылап отыру үшін,
медициналық мекемеге хабарласып тұруын өтініңіз, сонымен қатар медициналық
мекемеге шұғыл түрде қайтып келуді қажет ететін белгілерді анықтауды үйретіңіз және
ол белгілер пайда болса міндетті түрде қайтып келу керек екенін түсіндіріңіз.
Тамақтануын, табиғи тамақтану тәжрибесін қамти отырып, бағалаңыз. Барлық
анықталған мәселелерді шешу үшін Кеңес беріңіз. Содан соң анасының өзінің денсаулығы
мәселелері бойынша кеңес беріңіз.
Тиісті мерзімде баланы кейін медицина мекемесіне әкелгенде, одан әрі бақылау
жасап, қажет болса, қайтадан бағаналар бойынша баланың жағдайын бағалаңыз.
БШАИЖ ұстамасы бәрін бірдей қамти алмайды, дегенмен науқас баланың медицина
мекемесіне түсуінің себептерінің негізгілерін қамтиды. Медициналық мекемеге
созылмалы мәселермен немесе сирек кездестен аурулармен қайта келген балалар арнайы
емді қажет етуі мүмкін. Науқастарды жүргізу тиімділігі от басыларының өз ауырған
балаларымен қандай деңгейде мерзімінде келгеніне байланысты. Егер медицина
мекемесіне келер алдында баланың жағдайының ауырлауын күтсе, немесе дайындығы
төмен мамандар көмегіне жүгінсе, баланың өміріне туыатын қауіп арыта түседі. Сонымен,
отбасына ауырған баламен медициналық көмекке қай кезде жүгіну керектігін үйретуде,
науқас баланы жүргізудің бір маңызды бөлігі болып келеді.
АУРУ БАЛАЛАРДЫ АУРУХАНАДА ЖҮРГІЗУ САТЫЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: