қолдау
І дәрежелі - 40-
50 мл /кг 4 сағат
ішінде
Қолдаушы регидратация
(патологиялық жойылуын
қалыптастыру): глюкозотұз ертіндісі 50-100мл сұйық нәжіс
(құсу) + 10 мл/кг 1
0
С>37
0
С + 10 мл/кг 10 тынысқа > N
Эксикозды жою
ІІ дәрежесі-60-90
мл \кг 6 сағат
ішінде
ІІІ дәрежесі -
венаға + per os
100-120 мл/ кг
8 сағат ішінде
Сұйықтыққа физиологиялық мұқтаждықты су
ішумен қалыптастыру
(ішетін су мөлшері тағамның
есептелген мөлшері мен қабылдаған тағам мөлшері
арасындағы айырмашылыққа тең)
679
Регидратация үшін балаға глюкозатұзды ертінділерді жиі-жиі, аз-аздан бөліктен
беріп отырады. Емшек жасындағы балаларға 2-3 шай қасықтан (немесе емізік арқылы) 3-5
минут сайын береді, бірақ бала 20 минут бойына 100 мл-ден артық сусын ішпеуі керек.
Бұдан ересектеу балаларға 1-2 ас қасықтан 3-5 минут сайын береді. Егер баллада құсу
байқалса 5-10 минут ертінді бермейді де, содан қайта бастайды. Егер бала сусынды
ішуден бас тартса назогастральды зонд арқылы енгізеді немесе венаға жібереді.
Біріншілік регидратацияның көлемі және ұзақтығы баланың дене салмағына, жасына
және сусызданудың ауырлық дәрежесіне сәйкес анықталады
(150 кесте):
-
жеңіл түрінде - 40-50 мл/кг 4 сағат ішінде;
-
орташа ауыр дәрежесінде 60-90 мл/кг 6 сағат ішінде;
-
ауыр дәрежесінде - 100-120 мл/кг 8 сағат ішінде.
150 КЕСТЕ
ЖЕДЕЛ ДИАРЕЯЛЫҚ АРУЛАРДА БАЛАЛАРҒА БІРІНШІЛІК ОРАЛЬДЫ
РЕГИДРАТАЦИЯ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГЛЮКОЗОТҰЗДЫ
ЕРТІНДІЛЕРДІҢ ШАМАЛАНҒАН КӨЛЕМІ (мл)
Баланың салмағы,
кг
Жасы
Сусыздану дәрежесі
Жеңіл
Орташа ауыр
3-4
5-6
7-8
9-10
11-12
1-2 ай
3-4 ай
6-9 ай
1-2 жас
2-3 жас
120-200
200-300
300-400
400-500
450-600
300-400
500-600
700-800
900-1000
1000-1100
Біріншілік регидратацияны сусздану белгілері толық жойылғанға дейін жүргізеді.
Регидратацияның жеткілікті екенін көрсететін белгілер:
- терінің тургорының қалыптасуы;
- зәр шығаруының қалыптасуы;
- көңіл- күйінің жақсаруы;
- дене салмағының қалыптасуы.
Қолдаушы регидратация гипертермия, ентігу салдарынан жойылып жатқан және
құсу және іштің өтуінен жалағасып жатқан сұйықтықты толықтыруға бағышталған.
Біріншілік регидратациямен бірге, диареялық синдром біткенше және су мен тұздың
тепетеңдігі толық қалыптасқанша жүргізіледі. Сусыздану белгілері қайтадан байқалса,
қалыптаструшы (біріншілік) регидратацияны қайта бастап жүргізу қажет.
Диспепсияның айқындылығына байланысты және екі әдіспен анықталады:
1. 2 жасқа дейінгі балаға әр болған нәжістен кейін 50-100 мл, 2 жастан асқан балаларға
100-200 мл-ден глюкозотұз ертіндісін беру ұсынылады.
2. 6 сағат бойына, осының алдындағы 6 сағат бойына нәжіспен және құсықпен жоғалтқан
сұйықтық мөлшеріндей, глюкозотұз ертіндісін ішкізу ұсынылады.
Организмнің су балансы алғашқы 6 сағат ішінде қалыптаса бастауы маңызды болып
келеді. Егер олай болмаса, парентеральды регидратацияны бастау керек.
Парентеральды регидратация.
Венаға орташа молекулярлы плазмаалмастыру-
шылар (реополиглюкин) немесе плазма 10-20 мл/кг есебінен алғашқыда ағымды, содан
соң тез тамшылатып жібереді.
Содан соң натрий хлоридтің изотониялық ертіндісі глюкозаның 5% ертіндісіне
араластырылып (1 жасқа дейін 1:3, 1 жастан балаларға 1:2 қатынаста), сағатына 30 мл/кг
есебінен жіберіледі.
Диурез қалыптасқаннан кейін (сағатына 0,5 мл-ден артық), барлық енгізілетін ертін-
ділерге бірдей бөліп, тәулігіне 1,5 мл/кг есебінен 7,5% калий хлорид ертіндісін қосады.
680
Инфузиялық ем
кезінде әрбір 20 сайын қан қысымын, пульс жиілігін және дене
қызуын бақылап отырады. Науқастың жағдайы жақсарса регидратацияны ішкізу тәсілімен
аяқтауға болады.
Реалиментацияны баланың жасын және тамақтану түрін еске ала отырып
қалыптастырады.
Табиғи тамақтануда:
- біріншілік регидратация кезінде науқас баланы, қосымша тағамды емшек сүтімен ал-
мастыра отырып, немесе емшек сүтін бейімделген қоспамен жартылай сұйылтып,
емізе береді;
- 1-2 күн бойына, қосымшы тамақты алмастырған қоспаның сұйылтқан бөлігін, азайтады
- емдеудің 2-ші және 3-ші күндері, ауырмастан бұрын қабылдаған қосымша тамағын
қайта бере бастайды;
Жасанды тамақтандыруда :
- біріншілік регидратация кезінде баланы тамақтандырмайды, берілмеген тамақ мөлше-
рін сусын алмастырады;
-
біріншілік регидратацияны аяқтағаннан кейін барлық тамақтандыруда, ауырғанға дей-
ін ішкен қоспасын, үйреншікті режимде береді. Емдеудің бірінші күні әр тамақтанды-
руға, әдеттегі мөлшердің 1/3 бөлігін, қалған мөлшеріне (немесе сұйылтып) сусын
ішкізеді;
-
соңғы 2-3 күнде әр тамақтандыруда қоспаның мөлшерін біртіндеп, физиологиялық
мұқтаждығын сусынмен толтыра отырып, көбейтіп қалыпты деңгейге дейін жеткізеді;
-
3-4 күні әдеттегі үйренген қосымша тамағын береді.
Белгілеріне сәйкес ем
бұзылған функциялар сипатына байланысты жүргізіледі.
Жеңіл және орташа ауыр түрлерінде қолданылады:
- микроб жасушаларын, олардың токсиндерін және метаболикалық өнімдерін активсіз-
дендіретін және оларды байланыстыру қабылеті бар энтеросорбенттер (смекта, поли-
фепан, лактофильтрум) береді. Көрсетілген сорбенттердің, арнайы емес сорбенттер
(карболен, ионалмастыратын смолалар) қарағанда, ортада дизентерия, сальмонеллез
және кампилобактериоз қоздырғыштар концентарциясын селективті азайту қабылеті
бар және ішектің қалыпты флорасына ингибирлеуші әсер етпейді. Смектаны ½ - 1
пакеттен күніне 3 реттен 3-5 күн бойына қолданады;
- пробиотиктер, көпіршік басушылар, ферменттер, фитотерапия қолданылады.
Этиотропты ем тағайындау көрсеткіштері:
- аурудың ауыр және жайылған түрлерінде;
- ерте жастағы жағымсыз преморбидті фон байқалатын балаларға;
- «инвазивті» ішек инфекцияларында (дизентерия, сальмонллездерде, эшерихиоздарда,
кампилобактериозда, иерсиниозда):
• дизентерияда амоксициллин немесе аугментин, оральды цефалоспориндердің ІІ және
ІІІ ұрпақтарының өкілдерін, бактрим тағайындайды;
• токсикоз байқалатын сальмонеллезда жоғарыдағылармен қатар аминогликозидтер
қолданады;
• кампилобактериозда макролидтер (сумамед, клартромицин) пайдаланады;
• иерсиноз бен эшерихозда аминопенициллиндер (аугментин, амоксициллин) немесе
амингликозидтермен оральды цефалоспориндер қолданылады;
• ротавирустың тез немесе жеделдеу ағымында ішуге 5 күн бойына күніне 1 ампуладан
1 рет ротавирусқа қарсы иммуноглбуллин қолданған тиімді.
• кішкене балалар эшерихиозында ішуге бактрим немесе аминогликозидтер, эрсефурил,
энтерофурил берумен шектелуге болады;
• бірінші жылдықтағы балаларға ішек инфекциясында антистафилококкты пенициллин-
дердің (оксациллин, метициллин) бір өзін немесе амингликозидтермен қосарлап, ал
тиімсіз болса- ванкомицин+рифампицин тағайындауға болады.
Сауығуының негізгі критериялары:
681
- дене қызуының қалыптасуы;
- интоксикация белгілерінің болмауы;
- емдеу аяқталғаннан кейін 2-3 күнде нәжісінің қалыптасуы;
- копрограмманың қалыптасуы;
-
бактериялық себулердің нәтижелерінің теріс болуы.
Этиологиясы анықталмаған жедел ішек инфекцияларында (бактериялық себудің
нәтижелері теріс болғанад) сауығуын бактериялық себумен дәлелдеу қажет емес.
Этиологиясы дәлелденген ішек инфекцияларында балалар мекемелеріне баруға тек толық
клиникалық сауығу байқалғанда және нәжістің бактерялық себу нәтижелері теріс
болғанда рұқсат етіледі.
Ішек инфекцияларының алдын-алу жалпы гигиеналық және эпидемияға қарсы
шараларды қамтиды:
- инфекция ошағын анықтау және оқшаулау;
- күнделікті (ағымды) және қортынды дезинфекция;
- инфекцияны қабылдауын төмедету.
Науқасты және бактрия тасымалдаушыны үйде немесе ауруханада 14 күнге дейін
оқшаулайды, қатынаста болғандарды 7 күн бақылайды (дене қызуын өлшеу, нәжісін
қарау, нәжісін бактериялық себу).
Ағымды (күнделікті) дезинфекцияны туысқандары барлық ауру кезеңінде жүргізеді.
• Ыдыстар мен күтуге қолданылатын заттар бөлек бекітіліп беріледі және басқа от басы
мүшелерінің ыдыстарынан бөлектеп өңдейді. Ыдыстарды ағымды суда жуып, 15-30
минут бойына қайнатады немесе 1 сағатқа хлорлы известтің түссізденген 1%
еритіндісіне батырып қояды. Тамақ ішетін стөлді де осындай ертіндімен өңдеп, содан
соң ыссы сумен жуады.
• Ойыншықтар мен күтуге қолданылатын заттарды залалсыздандыру үшін күніне 2 рет
30-60 минутқа 1% түссіздендірілген хлорлы известь ертіндісіне немесе 3% хлорамин
ертіндісіне батырып қояды да кейін жуып, қайнатады.
• Нәжіс пен зәрді құрғақ хлорлы известь 1:5 қатынасында сеуіп, бір сағатқа қалдырады.
Содан соң канализацияға немесе әжетқанаға жібереді.
• Түбекті 3% хлорлы известь ертіндісімен өңдейді.
• Бөлмеде күнде ылғалды жинақтау жүргізеді. Еденді жуғанда суға хлорлы известтің
түссізденген ертіндісін немесе 3% хлорамин ертіндісін қосады.
Қортынды дезинфекцияны науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін немесе науқас
толық сауығып кеткеннен кейін жүргізеді. Сонымен қатар жүргізіледі:
• төсек-орынды және іш киімді залалсыздандыруды 30 минут бойына сабын ертіндісіне
немесе хлораминнің 3% ертіндісіне батырып қояды.
• Сыртқы киімді жазылып кеткеннен кейін камералық дезинфекциядан өткіген дұрыс.
Диспансерлік бақылау.
Ерте жастағы балаларда эшерихиозды емдегеннен кейін екі
рет бактриологиялық зерттеу өткізу қажет. Сальмонеллезден және Зонне дизентериясынан
кейін екі рет, ал Флекснер дизентериясынан кейін- үш рет бактериологиялық тазалуды
дәлелдеу қажет етеді.
Мектепке дейінгі мекемелерге қатынайтын жедел іш инфекциясы реконвалесцент-
теріне, бір ай өткен соң тағы бір нәжісті бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. Нәтижесі
теріс болса реконвалесцентті бақылауды тоқтады.
Достарыңызбен бөлісу: |