672
Патогенезі.
Балаларда жедел ішек инфекциясын қабылдауы жоғары болуы олардың
организмінің келесі ерекшеліктеріне байланысты:
-
анасына алған (трансплацентарлы) иммуноглобулиндер ішінде ішек инфекциялары
қоздырғыштарына қарсы антиденелер жоқтың қасы;
- өзінің А және М иммуноглобулиндер түзу қабылеті текбастапқы қалыптасу сатысында
ғана болады, ал клегей қабатының секреторлы иммунитетті қалыптастыруы өте баяу
жүреді.
Асқазан мен ішек сөліністердің бактриоцидтік қасиеті төмен, ішектің клегей түзу
қабылеті төмен болады;
-
ішек биоценозы тұрақсыз және ана сүті құрамындағы иммуноглобуллиндер, лизоцим
және басқа қорғаныс факторларының көмегімен ғана қалыптасады. Емшекпен
тамақтандырмау ішек-қарын жолдарын ішек инфекцияларымен жиі ауруға бейімдейтін
негізгі факторлардың бірі болып келеді;
- жедел ішек инфекциясымен аурғаннан кейінгі иммунитет типті арнамалы, тұрақсыз,
сондықтан ішек инфекциясымен қайталап ауру қаупі жоғары болып келеді.
Қоздырғыштардың және олардың токсиндерінің әсерінен клегей қабатының бүрлері
деструкциясы, критптілерінің гипертрофиясы, ферменттер активтілігінің төмендеуі, қабы-
нулық және деструктивті өзгерістер (жара пайда болуы, некроз ошақтары) пайда болады.
Микробтар токсиндері әсерінен, ішектің негізгі функциясын реттейтін, оның кейбір
гастроинтестинальды гормондарының (вазактивті интестинальды пептид, нейротензин,
мотилин, серотонин) түзілуі бұзылады. Олар моториканың және сорылудың, секреция мен
жергілікті және жалпы тамырлық реакцияның бұзылуына әкеледі.
Диарея әртүрлі механизмдер әсерінен пайда болуы мүмкін.
Осматикалық диарея. Кейбір инфекцияларда (энтеропатогенді вирустар-ротави-
рустар, реовирустар және басқалар) осмотикалық активті дисахаридтердің жинақталуына
байланысты, дисахаридозаның аткивтілігінің және натрийдің транспортировкасының
төмендеуі нәтижесінде ішектің дистальды бөлігіндегі сұйықтықтың осмолярлығы
арытады. Осының салдары ішек саңалауында сұйықтықтың жиналуына әкеледі. Нәжісте
натрий мөлшері, әдетте қалыпты; сусыздану түрі сужетіспеушілік, гипернатриемиялық.
Секреторлық диарея. Кейбір қоздырғыштар (тырысқақ (холера) вибрионы,
энтеротоксигенді эшерихиялар, ботулизм) нартий хлоридтің абсорбциясын бұзып, ішек
қабырғаларында аденилатциклазаның активтілігін көтеріп, Na
+
, K
+
, NC0
3
және судың (10
мг/кг-нан артық) секрециясын жоғарлатады. Нәжісте натрий мөлшері қалыпты көрсет-
кіштен 2-3 есе (10-50 ммоль/л) арытады, сусызданудың гипонатриемиялық түрі дамиды.
Инвазивті диарея. Кейбір қоздырғыштар (шигелдер, сальмонеллдер, энтеропато-
генді эешрхиялар, клостридиилер) бір уақытта асқорытуды, сорылуды және ішек клегей
қабатының басқа функцияларын бұзады, ішектен электролиттер мен судың түзілуін
артырады және оның абсорбциясын тежейді. Изотониялық сусыздану дамиды.
«Құрғақ диарея» (ішектік қызба). Иерсинилер, кампилобакторлар, сальмонелл-
дердің, шигеллдердің кейбір штаммдары бұзылмаған клегей қабатының энтероцитар-
лыаралық құрылымы арқылы қанға енедіде инфекциялық токсикоз пйда болады.
Жеделдетілген транзитке (ығысуға) байланысты диарея. Бұндай механизм
алиментарлық диспепсия, тиреотоксикозда, қант диабетінде, қысқарған ішек синдромында
байқалады.
Ерте жастағы балалар жедел ішек инфекциясының негізгі ерекшелігі сусызданудың
және «екіншілік токсикоздың» тез дамуы болып келеді. Бұл кейбір жағдайларға
байланысты:
• ерте жастағы балалардың, заттек алмасу процессінің жоғары қарқынды болуына
байланысты сұйықтыққа мұқтаждығының жоғары болуы
Достарыңызбен бөлісу: