694
Желімді лентамен бекітіңіз
1-2 л/мин жылдамдығымен оттегі бере бастаңыз.
6 СЫЗБА. Санасы жойылған баланы қалай жатқызу керек.
■ Мойын жарақатына күмән жоқ болса:
Аспирация қаупін азайту үшін
баланы қапталына жатқызыңыз.
Мойны сәл созылған болуы керек,
бір қолын бетінің астына салып, осы
қалыпты бекіту керек.
■ Мойын жарақатына күмән туса:
Баланың мойнын шалқасынан жатқызып бекітіңіз:
Осы қалыпты сақтау үшін желімді лентаның
көмегімен маңдайынан және иегінен қатты
тақтайдың шетіне бекітіңіз
Баланың мойны қозғалмау керек, ол үшін мойнын
ұстау керек (мысалы,
екі жағынан веанаға
жіберілетін сұйықтық құйылған бір литрлік
пакетпен бекітіп тастау керек)
Егер бала құсса, баланы қырынан жатқызыңыз,
бірақ бұрғында баланың басы мен денесі бір
сызықтың бойында болып қала беруі
керек
22. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
Профилактика (Алдын-алу)
– халық арасында инфекциялық аурулардың
таралуының алдын-алуға бағышталған шаралар.
Инфекциялық аурулардың таралуын
алдын-алуда санитарлық ағарту және халықтың санитарлық-ағарту мәдениетін көтеруде
маңызды болып келеді. Арнай алдын-алу шаралары эпидемиялық процесстің 3 бөлігінеде
бағышталған болу керек:
инфекция көзі, берілу механизмі (берілу жолы) және адам
организмінің қабылдау мүмкіндігі.
Инфекция ошағына байланысты шаралар.
Инфекцияның негізгі ошағы ауру адам
болғандықтан, оны мүмкіндігінше ерте ұжымнан оқшаулау қажет. Бұл науқастың
мерзімінде қаралып, диагнозды уақытында қоюға байланысты. Ерте оқшаулауға (мерзімі
инфекцияның түріне байланысты) тек қана ауру балалар ғана жатып қоймайды, оған
күмән туған балаларда оқшаулану керек. Инфекциялық ауырған науқас баланың үйде
немесе ауруханада емделу керектігін дұрыс анықтаудың маңызы үлкен.
Мерзімінде
жүргізілген ем науқастың тез жазылып, қоздырғыштың тез эрадикациясына ықпал етеді.
Ауруханаға барлық бірдей инфекциямен ауырған науқастар жатқызыла бермейді, тек
айналасына қауіпті инфекциялармен ауырған (күлмен, іш сүзегімен, тырысқақпен)
695
балалар ауруханаға жатқызады. Көптеген инфекциялық ауруларда (жәншау, қызылша, жел
шешек, көк жөтел және т.б.) оқшаулап, үйде емдейді, ауруханаға жатқызу мәселесі
ауырлық дәрежесіне және баланы үйде оқшаулау және тиісті күтімді ұйымдастыру мүм-
кіндігі болмаған жағдайда шешіледі. Инфекциялық аурулардың барлығыда санитарлық-
эпидемиялық
органдарда есепке алынады, сондықтан барлық науқас туралы жедел
хабарламалар кешіктірілмей жіберілуі керек. Ауырып қалған және онымен қатынаста
болған балалар туралы мәліметтер ,ол қатынайтын балалар мекемелеріне хабарланады.
Инфекция көзі тек қана ауру адамдар ғана болып қоймайды,
дені сау
тасымалдаушылырдыңда маңызы үлкен. Оларды анықтау оңайға түспейді, дегенмен,
әсіресе балалар ұжымында, анықтауға мүмкндік бар. Балалар мекемелерінде науқас бала
анықталса, клиникалық және лабораториялық тексеруге барлық қатынаста болған
балалармен қатар мекеме қызметкерлеріде жатады. Дені сау балалар немесе қызметкерлер
арасында анықталған тасымалдаушыларды немесе жасырын түрдегі аурулар анықталса
оларды да оқшаулау, тексеру, қажет болса емдеу керек.
Қоздырғыштарды тарату жолдарын (механизмін) үзуге
бағышталған шаралар жеке
бір инфекцияның таралу ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы,
ішек инфекцияларында
инфекцияны тарату механизмі фекальды-оральды болғандықтан, эпидемияға қарсы шара-
лар негізінен тағамдық өнімдердің ластануының алдын-алу болып келеді. Сонымен қатар
балаларда ойыншықтың ластануы, лас қол арқылы тікелей берілуі мүмкін екендігінде
естен шығармау керек.
Ауа-тамшы жолымен берілетін инфекцияларда (қызылша, жел шешек, ұшпа, пароит-
ті инфекцияда, күлде, ОРИ-да) негізгі алдын алу шарасы науқасты тез оқшаулау болып
келеді. Балалар мекемелерінде бір жерде көп баланың шоғырлануына жол бермеу керек.
Қан арқылы берілетін
инфекцияларда қоздырғыш қан, лимфа жүйесінде, ішкі
мүшелерде орналасатын болғандықтан, инфекцияның тарауы қан сорушы жәндіктер
немесе қан құю арқылы, медициналық манипуляцияларда терінің немесе кілегей
қабатының бүтіндігі бұзылуында беріледі. Бұндай аурулардың
алдын алу шаралары
осындай жәндіктерді жоюды жолға қою, құрал-жабдықтарды стерильдеуді ұқыпты
жүргізу және донорлардың қанын ұқыпты тексеру арқылы іске асырылады. Сыртқы
ортаның, инфекцияны таратуға қатысатын механизмдерін дезинфекция, дезинсекция және
дератизация (кеміргіштерді жою) жолымен іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: