Ағымды (күнделікті) дезинфекция
отбасында, балалар мекемелерінде инфекциялық
аурулар анықталғанда, науқасты ауруханаға орналастырғанша, егер үйде емделсе
жазылғанша жүргізіледі.
Қортынды дезинфекция
– қоздырғыштары сыртқы ортаның әсеріне берікті
байқататын (іш сүзегі, вирусты гепатит А, күл, полиомелит және басқалар) инфекция
ошақтарында жүргізіледі. Ол науқасты араханаға орналастырғасын немесе науқас үйде
болса жазылғасын жасалады. Сыртқы ортаға беріктігі байқалмайтын инфекциялар
ошағында (қызылша, көкжөтел, жел шешек және бесқалар) ағымды да, қортынды да
дезинфекция жүргізілмейді, бөлмені жақсылап желдендіріп, ылғалды тазалау жүргізу
жеткілікті болп есептеледі.
Профилактикалық дизенфекция
эпидемиялық
ошақтармен байланысты емес. Ол
адамдар көп шоғырланатын жерлерде (балалар мекемелері, емханалар, қоғамдық асхана-
лар, вокзалдар және басқаларда) жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Ол күнделікті хлорлы
известінің 0,5% ақшыл ертіндісімен ылғалды жинау жүргізуден, ішетін суды хлорлаудан,
ыдыстарды, ойыншықтарды қайнатудан және басқадан тұрады. Емдеу-профилактикалық
және балалар мекемелерінде ауаны ультракүлгін және ртутты-шамдармен залалсыздан-
дырады.
БАЛАЛАРДЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДАН САҚТАНДЫРУ
(АЛДЫН-АЛА ЕГУ)
696
Жұқпалы аурулармен медициналық күресте ең маңызды шаралардың бірі болып,
алдын-ала егулер табылады. Қазіргі кезде сақтандыру егулері кең таралған. Әлемде жылы-
на 1,5 миллиардтай адам егіледі. Тек біздің елімізде ғана, негізінен балаларға миллионда-
ған егулер жасалады. Біздің елімізде алғашқы сақтандыру егу күнтізбесі 1959 жылы
бекітілді.
Қазір алдын ала егу жұмыстары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкметі 2009 жылғы «30» желтоқсандағы бекітілген № 2295
Қаулысы негізінде жүргізіледі.
Алдын-ала егу жүргізілетін аурулардың тізбесі:
Республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай инфекциялық және паразиттік
ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық
биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мынадай инфекциялық ауруларға қарсы
профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық
препараттарды енгізу) жүргізіледі.
«А» вирусты гепатит
Тұмау
Күйдіргі
Туляремия
Халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтар:
Инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егулерге халықтың
мынадай топтары жатады.
профилактикалық егулер жүргізу белгіленген мерзімдерге сәйкес жасы бойынша
адамдар;
инфекциялық аурулардың (көктемгі жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба)
табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық;
өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер топтарына жататын адамдар:
медицина қызметкерлері («В» вирусты гепатит, тұмау);
өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар: қан құйылған
адамдар («В» вирусты гепатит);
балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті (тұмау);
кез келген жануардың тістеуіне, сілекейлеуіне ұшыраған адамдар (құтырма)
жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабаттарының тұтастығы бұзылып
зақымдалған адамдар (сіреспе);
эпидемиологиялық айғақтар бойынша вакцинациялау жүргізілетін инфекциялық
аурушаңдық деңгейі жоғары өңірлерде тұратын адамдар «А» вирусты гепатиті, тұмау,
қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит).
Алдын-ала егу жүргізу ережесі:
Осы Профилактикалық егу жүргізу ережесі (бұдан әрі – ережелер) «Халық денсаулы-
ғы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18
қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және профилактикалық егулер жүргізу тәртібін
анықтайды.
Профилактикалық егулерді ересектерге және балаларға консультативті-диагностика-
лық және стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар болған
жағдайда медициналық ұйымдар жүргізеді.
Профилактикалық егулер осы Ережеге қосымша белгіленген мерзімдерде жүргізіледі
Жоғары және орта медициналық білімі бар, егуді жүргізу техникасы ережелеріне,
вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынулар дамыған жағдайда кезек күттірмейтін
көмек тәсілдеріне оқытылған егулерді жүргізуге рұқсаты бар адамдарға профилактикалық
егулерді жүргізуге рұқсат етіледі. Рұқсаты жыл сайын медициналық ұйым жағынан ар-
найы құрылған профилактикалық егулер жүргізуге рұсат беру жөніндегі комиссия береді.
697
Профилактикалық егу жүргізуді ұйымдастыруды, профилактикалық егулерді жүргі-
зетін мамандарды даярлауды медициналық ұйымдардың басшылары жүзеге асырады.
Профилактикалық егулер медициналық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының
арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде жүргізіледі. Профилактикалық егулер
жүргізілетін үй-жайлар қолдануға арналған нұсқаулығы бар кезек күттірмейтін және
шокқа қарсы терапия жиынтығы мен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.
Елді мекенде профилактикалық егулер жүргізу үшін жағдай болмаған кезде
(медициналық ұйым, медицина қызметкерлері немесе вакциналар мен басқа да иммундық-
биологиялық препараттарды сақтау үшін жағдайдың болмауы) профилактикалық егулерді
тиісті жылжымалы егу бригадасы жүргізеді. Жылжымалы егу бригадасының жұмыс
режимін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.
Профилактикалық егулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген медициналық
иммундық-биологиялық препараттар пайданылады.
Профилактикалық егулер парентеральды өздігінен жойылатын шприцтер арқылы
және пероральды-ішке қабылдау арқылы жүргізіледі.
Профилактикалық егулерді жүргізу алдында егілетін адамның медициналық
құжатына профилактикалық егуді жүргізуге рұқсатты рәсімдей отырып, егілетін адамды
міндетті түрде дәрігер, ал ол болмаған кезде фельдшер тексеріп-қарау жүргізеді. Дәрігер
немесе фельдшер тексеріп қарағаннан және азаматтардан, кәмелеттік жасқа
толмағандардың ата-аналарынан немесе Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қаблетсіз деп танылған азаматтардың басқа
да заңды өкілдерінен профилактикалық егулер жүргізуге келісім алынғаннан кейін егуге
вакцинациялаудан кейінгі реакция пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну
қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Профилактикалық егулер жүргізу алдында медицина қызметкерлері вакцинаның
және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың сапасын: ампуланың бүтіндігін,
жарамдылық мерзімін, таңбалауын, вакцинаның ертіндіге және қоса берілген нұсқаулыққа
сәйкестігін мұқият тексереді.
Профилактикалық егулерді жүргізу алдында дәрігер немесе фельдшер медициналық
құжаттарды зерделеу жолымен анамнез деректерін жинауды, сондай-ақ профилактикалық
егуге жататын адамнан, оның ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен деректерді
анықтауды жүргізеді.
Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамдарды медициналық зерттеп-
қарау ол денсаулығының жай-күйін нашарлауына шағымданған жағдайда және аурудың
объективті симптомдары бар болған кезде жүргізіледі.
Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамдар міндетті түрде
термометрия жүргізіледі.
Егілген адамдар вакцинациялаудан кейінгі реакциялар мен асқынулар пайда болған
жағдайда шаралар қабылдау үшін өздері профилактикалық егулер алған медициналық
ұйымда 30 минут бойы бақылауда болады. Профилактикалық егулерді жылжымалы егу
бригадасы жүргізген жағдайда егілген адамдар егуді жүргізген медицина
қызметкерлерінің бақылауында болады.
Барлық жүргізілген профилактикалық егулерді медицина қызметкерлері есепке алуы
және мына мәліметтерді қамтуы тиіс: препаратты енгізу күні, препараттың атауы,
сериясының нөмері, дозасы, бақылау номері, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге
реакцияның сипаты, шығарушы ел. Аталған деректер медициналық құжаттардың есепке
алу нысандарына енгізеді.
балаларда профилактикалық егу картасы (063/у), баланың даму тарихы (112/у),
баланың медициналық картасы (026/у), амбулаторлық науқастың медициналық
картасына жасөспірімге арналған қосымша парақ (025/у), жаңа туған нәрестенің
698
профилактикалық егулерін есепке алу журналы 064/у нысаны, вакциналардың
қозғалысы журналы 064-2/у нысаны;
ересектердің амбулаторлық науқастың картасы (025/у), профилактикалық егулерді
есепке алу журналы (064/у нысаны);
Профилактикалық егулер туралы мәліметтер нысанын денсаулық сақтау
саласындағы өкілетті орган бекітетін егу паспортына енгізіледі.
Есепке алу құжаттамасы мен егу паспортында профилактикалық егулерді жүргізу
туралы жазбаның дұрыстығын және шынайлығын профилактикалық егулерді жүргізетін
медициналық қызметкерлер қамтамасыз етеді.
Вакциналар мен басқа да иммунды-биологиялық препараттарды енгізудегі
реакциялар мен асқынулардың барлық жағдайлары осы ереженің 16 және 17-
тармақтарында көрсетілген медициналық құжаттардың есепке алу нысандарында
тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |