664
Менингококктық назофарингит сирек анықталады,
анықталғандада ауру адаммен
қатынаста болғаны анықталып, мұрынжұтқыншақ кілегейінен жұғынды алынып,
жұғындыдан менингококк сеуіп шығарылғанда ғана осы диагноз қойылады.
Менингококкцемия немесе менингококктық сепсис аурудың науқас баланың өміріне
қауіп тудыратын түрі. Менингококкпен инфекциялаған 1000 баланың 1-уі науқасқа
шалдығады. Аурудың бұл түрінің негізгі белгісі – үдемелі ауыр интоксикация және
уртикарлы немесе макулопапулезді бөртпе. Бөртпелер геморрагиялы сипатты болады
(134
сурет).
134 сурет.
Менингококк инфекциясы. Менингококцемия: а)бетте, б) ұсақ бөртпе, в) ірі
бөртпе, г) беткей өліеттенумен ірі бөртпелер.
Алғашқы сағаттарда бөртпелер аяқ басында, балтырында, құйрығында пайда болады,
содан соң аяқ-қолына, бетіне және енесіне тарайды.
Бөртпелер қып-қызыл, көкшіл,
дөңгелек немесе жұлдызша түрлі байқалады, олардың бірімен қосылуы мүмкін.
Үлкен қан құюлулар байқалады, кейін орнында олардың ойылып түсіп қалуына
байланысты, мүкістіктер мен тыртықтар пайда болатын, өліеттену (некроз) байқалады.
Менигококкцемияда буындар (полиартриттер), көз (увеит, иридоциклит, панофтальмит),
жүрек (энд-, мио-, перикардиттер), бауыр (гепатолеанальды синдром), бүйрек (пиелиттер,
гломерулонефриттер), бүйрек үсті безі (бүйрек безінің жедел жеістпеушілігі – Уотерхауз-
Фридериксен синдромы) зақымдалып, ТІШҰ- синдромы дамиды.
Менингококкты менингит (менигоэнцефалит)
жедел басталумен, айқын жалпы ин-
токсикация белгілерімен, басының ауруымен, қайталап байқалатын құсумен, менигиальды
белгілермен (желке бұлшық еттерінің тартылуы, Керниг, Лесаж, Брудзинский белгілері,
үлкен еңбектің көтерілуі немесе пульсациясы) сипатталады. Ошақтық белгілер пайда
болса, энцефалиттің даму куәсі болады.
665
Менингитте 5-10% жағдайда науқастың өлуі байқалады. Науқастардың есту
қабылетінің төмендеуі 5-31 % жағдайда анықталады.
Лабораториялық анықтау.
Мұрынжұтқыншақтан менингитке себеді (ИФА).
Менингитке қан және жұлын суы бактериоскопия жасалады. Серологиялық диагностика:
Аурудың ағымы
барысында РПГА, ВИЭФ.
Гемограмма
: лейкоцитоз, солға ығысқан нейтрофилез, аэозинофилия, ЭТЖ-ның
артуы білінеді.
Ажырату диагноз: менингококкты менингитте
гемофильді таяқшалармен,
пневмококкпен шақырылған менингиттермен жүргізіледі
Емдеу.
Менингококктық инфекцияға болжам туған барлық науқастар аруханаға жат-
қызылады.
Этиотроптық ем.
Үлкен мөлшерде бір апта бойына күніне 4-6 рет пеницил-
лин немесе эритромицин, менингитте – цетриаксон (роцефен)
немесе цефотаксим, левоми-
цитин венаға жіберіледі. Бір жасқа дейінгі балаларға менингитте дексазаонмен қысқа курс
жүргізеді: тәулігіне 0,6 мг (4 рет енгізіледі) 2 күн бойына антибиотикотерапия фонында.
Жергілікті ем
– антисептикалық ертінділермен тамағын шайып, мұрнын жуады.
Жедел бүйрекүсті безі жетіспеушілігінде:
10% глюкоза ертиндісін 30 мг/кг есебінен
венаға ағымды жіберу, гидрокартизон 20-50мг-нан. Пульс анықтала бастағанда, тамшыла-
тып жіберуге ауысады (преднизолонның тәуліктік дозасын 5-10 мг/кг-ға, гидрокартизон-
ның дозасын 20-30мг/кг-ға жеткізеді). Гормонотерапияның жалпы ұзақтығы 3-5 күнге
созылады.
Сауығу шектері:
клиникалық белгілерінің толық жойылып кетуі. Антибиотикотера-
пияның толық курсын жүргізу. Мұрынжұтқыншақ кілегейінен 2 рет менингококкқа
алынған жұғындының нәтижесі теріс мәнді болуы керек. Сауыққан кейін бір жыл бойына
педиатрдің бақылауында болады.
Эпидемияға қарсы шаралар.
Науқасты толық клиникалық-лабораториялық
сауыққанға дейін оңашалау керек. Қатынаста болғандар оңашалағанан бастап, 10 күн
карантинде болуы керек. Қатынаста болғандарға күнделікті термометрия жүргізіліп,
бақыланып отырады. Менингококкты инфекцияның инвазивті түрлерінде (менингит,
менигококкцемия) химио-профилактика жүргізіледі: 2 күн рифамицин немесе бір рет
цефтриаксон.
Қатынаста болғандарға, араға 3-7 күн салып, 2 рет мұрынжұтқыншақ
кілегейінен жұғынды алынады, күнделікті ылғалды жинау және желдендіру жүргізіледі.
Вакцинация.
Ауру эпидемиясында қауіпті топтағы балаларға (аспления, 2 жасқа
дейінгі балаларға, алғашқы иммунодефицит байқалатын балаларға менингкокктық A, C,
Y- вакцина енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: