20.4. Қ Ы З А М Ы Қ (R U B E O L A)
655
мойында пайда болып, тез арада бірнеше сағат ішінде барлық денеге тарайды. Бөртпелер
көбіне қол-аяқтардың жазғыш (сыртқы) беттерінде, арқасында, құйрығында орналасады.
Іште, кеудеде, әсіресе бетте сирек болады. Бөртпелер дөңгелек немесе овал тәріздес, кейде
терінің үстінен сәл көтеріліп тұратын дақ түрінде болады. Олардың мөлшері түйреуіш
басынан жасымық мөлшеріне дейін болады. Біреулерде ұсақ, біреулерде үлкендеу
элементтер басым болады. Бөртпелер қосылуға бейім болмайды.
Бөртпелер 2-3 күнде пигментация қалдырмай жойылып кетеді. Бөртпелену дене
қызуының 38
о
дейін дене қызуының көтерілуімен қосарланады.
128 сурет
. Сырқаттың денесінде қызамықта байқалатын ұсақ дақ-папулалық бөртпе
Лабораториялық анықтау
. Өзіне тән гемограмма ерекшеліктері болады: лейкопения,
лимфоцитоз, моноцитоз, плазматикалық жасушалар. Серологиялық зерттеу: Қызамық
вирусына иммуноглобулиннің титрін анықтау.
Үйде емдеу
. Қызба кезінде төсектік режим. Диета жанашырлық, сусынды көп ішкізу
керек. Дәрі-дәрмектік ем белгілеріне сәйкес жүргізіледі.
Ауруханада емдеу
көрсеткіштері: қызамықтық менигоэнцефалит, артрит, жабық
балалар мекемелерінен түскен балалар.
Болжамы
жағымды. Сауығу шектері: сырқаттың барлық белгілері жойылып кеткен-
нен кейін және асқынулары болмаса, 7 күннен кейін сауығу сатысы деп есептелінеді.
Асқынған түрлерінде бақылау – 1 айға дейін алдын-ала егу жүргізілмейді.
Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқас бөртпе шыға бастағаннан бастап 7 күнге
оңашаланады. Қатынаста болған адамдар 21 күн карантинде болады. Қызамықпен ауырған
адаммен қатынаста болған жүкті әйелге серологиялық зерттеу (әсәресе алғашқы 3 айлықта
өте маңызды) жүргізу маңызды. Дезинфекцияны қажет етпейді.
Иммунизация.
Қызамыққа қарсы егуге болатын «Рудивакс», «Мерувакс» вакцинала-
ры сынақттан өткен. Үшвакциналық егу (қызылша, паротит, қызамық) жұмысын жүргізу
керек деген ұсыныстарда бар.
Достарыңызбен бөлісу: