Стоматологтар назарына.
Жәншаудың жедел кезінде стоматологиялық ем тек шұғыл
жағдайда, санитарлық-гигиеналық қатаң сақтау барысында (бетперделік ереже, құрал –
жабдықтарды қолданғаннан кейін ұқыпты стерилизациялау) ғана жүргізеді. Стоматологта
жоспарлы түрде емделу оңашалау кезеңі біткеннен кейін жүргізіледі.
20.3. К Ү Л (Д И Ф Т Е Р И Я)
Қоздырғышы: грам оң Леффлер дифтериялық таяқшасы (Corinebacerium
diphtheriae): қоршаған ортада тұрақты, қайнатқанда және құрамында хлор бар
залалсыздандыратын заттардың әсерінен өледі.
Спора құрамайды, қозғалмайды, уытты
және уытсыз штаммдары болады.
Эпидемиология.
Инфекция көзі дифтериямен ауыратын науқас, теріде, мұрынжұт-
қыншақта дифтерия таяқшасының уытты штамы байқалатын бактерия тасымалдаушы.
Инфекцияны беру жолы
негізінен ауа-тамшы жолы, тұрмыстық қатынас жолыменде
берілуі мүмкін. Қатынастық индекс жоғары емес (25-30%) және дифтерия қарсы
антитоксикалық иммунитетке байланысты.
Иммунитет
тұрақты емес. Қайталап ауру
мүмкін.
Алдын-ала
егуден кейінгі антитоксикалық иммунитет жұғуға қарсы тұра алмайды,
ауру жеңіл түрде өтеді.
Патогенез.
Инфекцияның енетін жері аранының, мұрынының, жоғары тыныс жолда-
рының, сиректеу көз, жыныс мүшелерінің кілегей қабаттары, сонымен қатар, зақымдалған
тері жамылғысы. Кірген жерінде қоздырғыштар көбейіп, экзотоксин түзейді. Сол экзоток-
синнің жергілікті әсерінен тіндер өліеттеніп, фибриндік қабыршақ пайда болады. Жалпы
уытты әсерден жүрек, шеткі нерв жүйесі, бүйрек үсті безі, бүйрек зақымдалады. Токсин
рефлекторлы әсеріне және тамыр эндотилийлердің зақымдалуынан микроциркуляцияның
653
бұзылуына әкеледі. Стеноздық тыныстың дамуында көмей бұлшық еттерінің спазма
айтарлықтай орын алады.
Жіктелісі.
Орналасуы бойынша жиірек
көмей
,
жұтқыншақ күлі
, сиректеу
тері
,
құлақ, көз
және
жыныс мүшелері күлі
болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
уытты емес, субтоксикалық, токсикалы
қ (І дәрежелі,
ІІ дәрежелі, ІІІ дәрежелі),
геморрагиялық, гипертоксикалық
болып бөлінеді.
Ағымы бойынша:
асқынбаған
және
асқынған
(асфиксия, пневмония, инфекциялық-
токсикалық шок, токсикалық ісік, жұмсақ таңдайдың толық және жартылай салдануы,
дифтериялық токсикалық нефроз, миокардит).
Клиникалық көрінісі
. Инкубациялық кезең 12 күнге (жиі 2-7 күнге) созылады. Жалпы
интоксикациялық белгілер дене қызыуының субфибрильді көрсеткіштен, аурудың
ауырлық дәрежесіне қарай, 40
о
дейін көтерілу, жалпы әлсіздік, басының ауруы, жұтынған-
да ауырсынумен сипатталады. Катаральды синдром ринитпен, фарингитпен, тозиллитпен,
ларингитпен білінеді. Сырқаттың жалпы ерекшелігіне науқастың 2-3-ші күндері дифте-
риялық қабыршақтың (пленканың) пайда болуы. Алғашқы күндері қабыршақ жұқа болады
және жеңіл алыптастауға болады. Содан кейін сұр-ақ түс алып, тегіс және жылтырауық
болады. Олар клегей қабықтың бетінен көтеріңкі тұрады, онымен тығыз беріккен, қиын
алынады, алып тастағанда қансырайды және орнына қайтадан қабыршақ пайда болады.
Алынған қабыршақ суда батпайды, заттық шынылар арасында езілмейді. Катаральды
синдром токсикалық дифтерияда регионарлық лимфаденитпен, мойын тері шел майының
ісінуімен білінеді. Ісіктің таралу деңгейі аурудың ауырлық дәрежесіне (І дәрежесінде –
ісік мойынның ортасына дейін, ІІ дәрежесінде – ісік бұғана сүйегіне дейін жетсе, ІІІ
дәрежесінде – бұғана сүйегінен төмен түседі) байланысты. Көмейдің зақымдалуы,
тұншығуға әкелуі мүмкін, дифтериялық круптың көрінісімен сипатталады.
Алдын-ала
егу
жүргізілген балаларды сырқат жеңіл жергіліктен түрінде дамиды. Бұл жағдайда сырқат
айқын емес интоксикациямен, онша жоғары емес дене қызуымен, мұрынжұтқыншақтың
айқын емес қызырумен лимфа түйіндерінің шамалы реакциясымен сипатталады.
Диагноз
эпиданамнез және бактериологиялық зерттеулер нәтижесі негізінде қойылады.
Лабораториялық анықтаулар.
Бактериялогиялық зерттеулер (араны мен мұрнынан
BL-ға жұғынды алынады) жүргізіледі. Дұрыс жүргізілсе, дифтерияның токсигендік штамы
анықталады.
Серологиялық зерттеу әдістері: антимикробтық антиденелер (РПГА) және анатоксин
титрін аурудың басталуынан 7 күн өткесін динамикада анықталады.
Емдеу.
Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Ем тиімділігі дифтерия
қарсы сарысудың немесе анатоксиннің енгізі мерзімімен анықталады.
Күлге қарсы егілетін сарысу мөлшері: ҚҚС мөлшері (АЕ)
142 КЕСТЕ
Күл түрі
Бірреттік
курстық
1. Мұрын күлі
2. Жергіліктенген ауыз-жұтқыншақ күлі
3. Жайылмалы ауыз-жұтқыншақ және көмей күлі
4. Ауыз- жұтқыншақ күлінің субтоксикалық түрі
5. І дәрежелі токсикалық күл
6. ІІ дәрежелі токсикалық күл
7. ІІІ дәрежелі токсикалық күл
15-25 мың
20-30 мың
30-50 мың
50-60 мың
60-80 мың
80-90 мың
90-100 мың
-
50-60 мың
60-70 мың
90-100 мың
100-120 мың
100-120 мың
Анафилактикалық шоктың алдын-алу үшін Безредко бойынша әуелі тері астына 0,1
мл сарысу жіберіледі, 30 минуттан кейін 0,2 мл, содан соң 1,5 сағат өткесін бұлшық етке
қалған бөлігін жібереді. Сырқаттың жеңіл түрлерінде орта есеппен 40000 бірлік, ауырлау
түрлерінде – 80000 бірлік қолданылады. Антибактериальдық ем 2 апта бойына
пенициллинмен (100000-150000 бірлік\кг\тәулік) немесе макролидтармен (эритромицин 50
654
мг\кг\тәулік, кларитомицин 15 мг\кг\тәулік) жүргізіледі. Токсигенді емес штамның
тасымалдаушылар бір апта бойына осы антибиотиктермен ем алады.
Сауығу шектері.
Жазылу 14 күннен бұрын байқалмайды. Ол үшін барлық
клиникалық белгілері жойылып, мұрыннан және аранынан үш рет алынған жұғындыны
себу дифтериялық таяқшаларға теріс нәтиже беру керек. Реконвалесцент 3-6 ай бойына
педиатрдың, ЛОР дәрігерінің, кардиологтың, неврологтың бақылауында болуы керек.
Дифтерия мен ауырып тұру бір рет қайта алдын-ала егумен теңестіріледі.
Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқастар оқшауланады. Қатынаста болған адамдар 7
күн карантинде болады. Қатынаста болғандарды бақылау ЛОР-дың қарауын,
термометрияны, күнделікті кілегей қабатарын және аранын қарауды және арыны мен
мұрнынан дифтерия таяқшаларына жұғынды алуды қамтиды. Алдын-ала егілмегендерге
бір рет бұлшық етке 0,5 мл анатоксин салады. Бациллотасымалдаушыларға жергілікті ем
жүргізіледі: эритромицин немесе пенициллин бұлшық етке 10-14 күн бойына жүргізіледі.
Қортынды дезинфекция хлораминнің 1% ертіндісімен жүргізіледі.
Иммунизация.
АДС, АКДС-М, АДС, АДС-М вакциндермен 3 айдан бастап
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |