Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет434/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына.
Қызылшаның катаральды кезеңінде қатты және жұмсақ 
таңдайдың кілегеі қабатында формасы дұрыс емес қызыл дақ түрінде энантема пайда 
болады. Ұрт кілегей қабатында кішкене түбірлі тістер қарсысында, кейде ерін 
конюктивалар кілегейінде патогономиялық, қызылшаға тән белгі-Бельский-Филатов-
Коплик белгісі байқалады. Қызылша байқалатын балаларда ауыс қуысының гигиенасы 
маңызды орын алады. Кілегей қабатында, әсіресе көп тісжегісі байқалатын балаларда, 
жаралық-некротикалық өзгерістер пайда болуы мүмкін. Тағамы құнарлы, термикалық 
және механикалық аяушы болуы, 2-5% анестезиннің ертіндісімен немесе Лидохлор 
гелімен жансыздандыру қажет болады. Гексорал қолданылады, кілегей қабатты 
мирамистинмен өңдейді, чай ертінідісі, сорылу үшін лизобакт беріледі. 
 
20.2. Ж Ә Н Ш А У 
Қоздырғышы
– 
А тобының β-гемолитикалық стрептококкы, сыртқы ортада 
тұрақты болып келеді.
Эпидемиолгиясы.
Инфекция ошағы ауырудың басталғанына 10 күнге дейінгі науқас 
адам. 
Жұқтыру жолдары
: ауа-тамшы, тұрмыстық-қатынас жолдары. Қатынастық индексі 
жоғары емес. Жұғу қаупі стрептококктің вирулентілігіне және уыттылығына байланысты. 
Көбіне 1-ден 7 жасқа дейінгі балалар ауырады.
Иммунитет. 
Қайталап ауру байқалуы мүмкін.
Патогенез.
Көбіне инфекция жоғары тыныс жолдары, бадамша бездер 
(миндалиналар), сиректеу зақымдалған тері арқылы өтеді. Енген жерінде микроб тіндерде 
қабынулық және өліеттену процессінің пайда болуына ықпал етеді. Лимфатикалық және 
қан тамырлары арқылы қоздырғыш регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Қанға түскен 
гемолитикалық стрептококктің улары нерв жүйесіне, жүрек және тамырларға тропизм 
қасиетінің болуына байланысты жалпы уыттану белгілерінің, бөртпелердің, орталық және 
вегетативті нерв жүйелерінің және жүрек-тамыр жүйесінің зақымдалуының пайда 
болуына ықпал етеді.
Жіктелісі.
Түрі бойынша типті және типті емес (экстратонзилярлы, көмескі түрлері) 
болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша 
жеңіл, орташа ауыр, және ауыр түрлері
болады. 
Ағымы бойынша 
тегіс 
және
 асқынулы
(лимфаденит, отит, синусит, некротикалық ангина, 
бронхит, пневмония, ревматизм, гломерулонефрит) деп бөледі. А тобының гемолитикалық 
стрептококкоының ең ацыр асқынуы болып токсикалық шок синдромы есептелінеді: 
гипотензия, тамыр ішінде шашырап ұйыу синдромы, олигоурия және жедел бүйрек 
жетіспеушілігі синдромы, тыныс бұзылыстрының ересектік түрі болып келеді.
Клиникалық көрінісі
. Инкубациялық кезең 1 күннен 7 күнге дейін, даму кезеңі 3-4 
күнге, аурудың кері дамуы 4-5 күнге, сауығу кезеңі 10-15 күнге созылады. 


649 
Жалпы уыттану синдромы (жоғарғы деңгейдегі қызбамен науқастың жедел баста-
луы, басының ауруы) байқалады. Фарингит, тонзилит (араны айқын қызғылт, бадамша 
бездер гиперемиясы, іріңді жамылғы, лакуналардан бөліністер) анықталады. Баспаның 
катаральды, фолликулярлы, лакунарлы, өліеттену түрлері байқалады
(121 сурет)
. 5-ші кү-
ні региональды жақбұрышты лимфадениті және ауыз қуысы құрғақтанып, «таңқурайлық 
тіл» байқалады 
(122 сурет).
121 сурет
. Жәншуда байқалатын
122 сурет
. «Таңқурай» тіл 
өліеттенген баспа. 
Іріңді асқынулар (отит, синусит, перитозилярлы немесе жұтқыншақ арты іріңдігі, 
мойын лимфодениті) дамуы мүмкін. 
Бөртпелер алғашқыда мойын терісінде және дененің жоғарғы бөлігінде пайда болады 
(123 сурет)
. Терінің гиперемияланған немесе айқын бозғылт фонында қызыл нүкте немесе 
ұсақдақты сипатты бөртпелер пайда болады. Терінің бүгілетін жерлерінде орналасады, 
ауыз-мұрын ұшбұрышында болмайды, ақшыл болып қала береді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет