қалыптастырып, қоректік жағдайына көңіл аудару, санитарлық-ағарту жұмыстарын
жүргізіп, медициналық және психологиялық талдау жасау.
Бұл кезде болашақ ата-анаға
ішімдіктің, нашақорлықтың, никотиннің және басқа жағымсыз заттардың ең аз
бөлшектерінің өзінің болашақ сәбидің ұрықтану кезеңінде
тигізетін залалының
айтарлықтай екенін түсіндіру керек.
Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ төмендегідей болып
бөлінетін, Н. П. Гундобин ұсынған жоба ыңғайлы болып келеді.
А. Құрсақішілік (жатыр ішінде) даму кезеңі 2 сатыдан тұрады:
1.
Эмбриондық даму сатысы (алғашқы 2–3 ай).
2.
Плацентарлық даму сатысы (3 айдан туғанға дейін).
Құрсақішілік (ұрықтық) кезеңі жыныстық клеткалар қосылған мерзімнен бастап, орта
есеппен, 270 күнге созылады. Бірақ жұмыстық жағдайда 280 күн (9 ай 9 күн) деп есеп б
телінеді. Есеп соңғы келген етек кірінің бірінші күнінен астап жүргізіледі.
Қазіргі кезде құрсақ ішілік (ұрықтық) дамуды бірнеше кезеңге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: