ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР
Балаларға тиісті медициналық көмек көрсететін балалар емдеу-профилактикалық
мекемелерінің бірнеше түрі бар. Оларға балалар ауруханасын (стационар, емханасы),
диспансер, перзентханалардың балалар бөлімшесі, балалар санаториялары жатады.
Сонымен қатар, емдеу-профилактикалық, оның ішінде профилактикалық көмек, балалар
үйі, бөбектер мен балалар бақшасы кешені, мектеп, лагерь (оның ішінде санаториялық
түрлері) сияқты оқу-тәрбиелік мекемелері де кіреді.
Әрбір мекеменің өзіндік міндеттері және жұмыс ерекшеліктері болады.
Балалар емдеу-профилактикалық мекемелер жүйесінде балалар ауруханасының орны
бөлек. Өйткені, ауруханаларға ауыр науқастар түседі, бұл жерде барлық керекті және
диагностикалық жабдықтар ұйымдастырылған, маман дәрігерлер мен мейірбикелер жұмыс
істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |