101
қосылып кетсе, сол арада белсенді аймақ пайда болып, астықтың қыза
бастауына себепші болады. Ылғалдығы тұрақты шектен жоғары астық
өзінің бос қозғалып тұратын немесе астықтың ақуыз сияқты заттары-
мен байланысы жоқ су басқа құрғақ дəнге шабады. Соның салдарынан
астықтың тыныс алу үдерісі жиілеп, жылу бөліне бастайды да, біраз
уақыттан соң астықтың өзінен-өзі қызу үдерісі басталып кетеді.
Егер астық қоспаларының ішіндегі əр дəннің мөлшеріне қатынасы
бар біркелкілік түсінікті алсақ, онда оны астықтың ірілігі түсінігімен
шатастырмау керек. Астық біркелкі ірі, орташа немесе ұсақ та біркелкі
болуы мүмкін. Егер ірі жəне ұсақ дəн аралас болса, онда мұндай
қоспаны біркелкі емес деп бағалайды. Бұл түсініктің астықты өңдеуде,
əсіресе, жарма алуда маңызы зор. Өзінің ірілік мөлшері біркелкі астық
партияларынан алынатын жарманың, ұнның түсімі едəуір көбейеді.
Неге десеңіз, жарма шығаратын машиналардың жұмыс органдары бір
тетікке қойылып, онан шығатын қалдықты азайтуға мүмкіндік береді.
Іс жүзінде ғылыми-зерттеу жұмыстар үшін астықтың біркелкілігін əр
дəннің линиялық мөлшерін жеке-жеке өлшеп, сонан соң математикалық
əдістер арқылы олардың ауытқу шектерін табады, ал өндіріс орында-
рында оларды тиісті елеуіштермен елеп, пайызын табады. Содан кейін
немесе əр елеуіштен өтпей қалған массаны, немесе екі елеуіште қалған
дəндердің массаларының қосындылары арқылы бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: