Конрад Аденауэр атындағы Қор


Opportunity (мүмкіндіктер)



Pdf көрінісі
бет81/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Opportunity (мүмкіндіктер)
Threat (қатерлер)
1. Президенттік- парламенттік 
жүйені құру, оның орнықтылығын 
арттыру жолында билікті трансфор-
мациялаудың үлгісі
1. Тұңғыш Президенттің күтпеген жер-
ден кетіп қалуы жағдайында биліктің 
дәйекті механизмін құрғанға дейін 
саяси тәуекелдердің деңгейін арттыру
2. Елдiң экономикалық бәсекеге 
қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн негiз 
ретiнде Ұлттық қор түрiндегi қар-
жылық «қауіпсіздік жастығының» 
болуы
2. Орталықтандырылған жүйе тез және 
тиімді орталықсыздандырылмайды
3. Жергілікті өзін-өзі басқару инсти-
туттарымен емес, төменгі деңгейде 
сайланған әкімдерді, соның ішінде
өзін-өзі ұсынған кандидаттар-
дың қатысуымен жұмыс жасау 
арқылы мемлекеттік басқару тетігін 
жетілдіру
3. Президенттің айналасындағы 
көлеңкелі ойыншылардың басым 
көпшілігі билікке заңды құқығының 
жоқтығы
4. Әлеуметтік- саяси шиеленістердің 
өсуі. Маргиналды массаның өсуі, 
әсіресе ірі қалаларда. Эксклюзия – 
халықтың белгілі бір бөлігінің, оның 
ішінде жастардың кедейлік деңгейінде 
үмітсіз қалып қоюы


134
Қазақстан экономикасының трансформациясы
5. Террористік тәуекелдердің өсуі
6. Адам капиталы деңгейінің апатты 
құлдырауы, бұл әлеуметтік маргинал-
дану процесін жеделдетеді
7. Елдегі ауқымды саяси дағдарыс 
жағдайында үшінші елдердің араласу 
тәуекелі
Тәжірибе көрсеткендей, кез келген уақытта түрлі себеппен әлеуметтік 
жарылысқа қатысушылардың әртүрлі құрамы болуы мүмкін, ең бастысы 
бұл үшін қолайлы жағдайлар бар болуы ықтимал. Сонымен бірге, көп 
жағдайда билік тарапынан «детонаторлар» осы әлеуметтік жарылыстарға 
негізделген, әлеуметтік және экономикалық саясатты тиімсіз жүзеге 
асырады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, билік органдарында аймақтық 
немесе ұлттық деңгейде жанжалды жағдайларды шешуде бірыңғай тиімді 
делдал жоқ. Олардың пайда болуына байланысты тек қана коммуника-
цияларды қалпына келтіру ғана емес, сонымен бірге бүкіл саяси жүйені 
саяси реформалар арқылы қалпына келтіру қажет. Осы реформалардың 
мақсаттарының бірі, оның ішінде екі деңгейде саяси коммуникация үшін 
тиімді инфрақұрылым құру:
1. Мемлекеттік аппараттың өзінде.
2. Қоғам, билік пен бизнес арасында.
Осындай инфрақұрылымның маңызды элементтері бәсекеге қабілетті 
саяси партиялардан бастап, жергілікті билік органдарына дейінгі көпте-
ген саяси институттар болып табылады. Яғни, біз тігінен де, көлденең де 
саяси орталықсыздандыру туралы айтып отырмыз. Көптеген баламалы 
ақпарат көздерінің болуы мемлекеттік құрылымдармен саяси тәуекел-
дерді тиімді басқару үшін негіз бола алады. Бірақ бұл тек көлденең сапалы 
өзгеру жағдайында ғана мүмкін, мұнда ең алдымен Қазақстанда азамат-
тық қоғамның трансформациясы туралы айтылады.


135
Қазақстандағы саяси тәуекел- менеджмент


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет