Зерттеу нәтижесінде үш өткізу жолағын:
біреуі кең беріліс
коэффициенті аз және екі түрлі жиіліктегі екі тар жолақты аламыз.
Электронды техникада сүзгілеу үшін арнайы сүзгілер
пайдаланылады.
Чебышев сүзгілері
— сызықты аналогты немесе цифрлық
сүзгілердің бірі, оның айрықша ерекшелігі басқа типті сүзгілерге
қарағанда өткізу жолағындағы жиілікте
амплитудалық-жиілікті
сипаттаманың айтарлықтай пульсациясы (І текті Чебышев сүзгісі)
және амплитудалық-жиілікті сипаттамасының (АЖС) айтарлықтай
күрт түсіп кетуі болып табылады. Сүзгі
ХІХ ғасырдағы орыстың
атақты математигі Пафнутий Львович Чебышевтың атымен
аталады,
себебі
бұл
сүзгінің
сипаттамасы
Чебышевтің
көпмүшелігіне негізделеді.
Чебышев сүзгісі сүзгі
көмегімен АЖС талап етілген
сипаттамасын қамтамасыз етуді біршама реттеу керек болғанда,
оның ішінде бәсеңдету жолағында
жиілікті жақсылап бісеңдету
керек болғанда пайдаланылады.
Сүзгінің Micro-Cap программасындағы схемасы 2.26-суретте
берілген.
Элементтер библиотекасынан шу (noise) көзін енгізу: Analog
Primitives ^ Function Sources ^ NFV. Value мәнінде 0.1*(RND-0.5)
енгізіңіз. Тікбұрышты импульс көздерінің
келесі параметрлерін
енгіземіз: VZERO=0, VONE=1, P1=0.1M, P2=0.11M, Р3=5E-3,
Р4=6E-3, P5=1E-2. ОК моделі — LM709.
2.12-кестеде
айнымалы үдерістерді баптау параметрлері
көрсетілген.
VCC VEE
2.26-сурет. Micro-Cap бағдарламасындағы Чебышев сүзгісінің схемасы
2.27-сурет. Micro-Cap-да Чебышев сүзгісіндегі айнымалы үдеріс
Чебышев сүзгісіндегі айнымалы үдеріс 2.27-суретте көрсетілген.
Жиілік сипаттамасының баптау параметрлері 2.13-кестеде
берілген.
Жиілік сипаттамасы 2.28-суретте берілген.
Бірінші график
жиіліктің децебельді өсуімен сигналдың өшуін көрсетеді, ал екінші
графикте жиіліктің артуымен фазаның өзгеруі көрсетілген.
2.28-сурет. Micro-Cap-да Чебышев сүзгісінің жиілік сипатамасы