62
кездесетін әрі бағалы жануар. Ақ пілді бағу иесінің байлығын ғана шайқалтып қоймай,
түбіне жететін масыл. Өйткені ақ пілдің иесіне ешқандай
пайдасы болмағанын былай
қойғанда, оның күнделікті азықтануының өзіне көп қаржы жұмсауға тура келеді екен.
Сондықтан да әдеттегі адамдардың оны бағуға шамасы бірден келе бермейді. Тайландта
патша егер әлде бір уәзірін жаратпаса, сол уәзірге ақ пілді сыйға
тару ретінде беретін салт
болған. Бұл тіркес ауыспалы мағынада ‘өзіне көп күтім талап ететін адам’ дегенді білдіреді.
Ағылшын тіліндегі
“white trash”
(сөзбе-сөз: ақ қоқыс) немесе
“poor white”
(сөзбе-сөз:
бейшара ақ) тіркестері “ақ нәсілден шыққан кедей”
мағынасын, “white slave” ақ нәсілден
шыққан құлды білдіреді. Сондай-ақ, “white slaver”/“white slavery” жеңіл жүрісті,
саудаға
түсірілген әйел, “white-slave traffic” тіркестері жеңіл жүрісті әйелдерді сипаттайды.
Бұдан басқа, ағылшын тіліндегі “white flag” (сөзбе-сөз: ақ ту) тіркесі – соғысты
тоқтатуды талап еткенде немесе жеңіліп, бағынышты болғанда көрсететін ақ ту, бейбітшілік
символы.
Ал “white coffe” сүт қосылғын кофені, “white meat” (сөзбе-сөз: ақ ет) құстардың сан етін
білдіреді.
Ағылшын жұртшылығының дүниетанымында, рухани мәдениетінде қалыптасқан ұғым-
түсініктер мен ағылшын тіліндегі “white” (ақ) сөзінің символикалық қолданыс
ерекшеліктеріне
негізделіп, ағылшын халықтарының ұғымында “white” (ақ) түстің пәктік,
адалдық, күнәсіздік, қасиеттілік, үміт мағынасын түсінуге болады. Жалпы ағылшындарда
“white” (ақ) түсі құдай, періште және ізгілікпен байланысты.
Ағылшын халқының
дүниетанымында “white” (ақ) түстің жағымды мазмұн құрауы басым түс екенін көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: