60
сөзін кірме, араб тілінің “һәкқ” сөзі: 1. құқық; 2. әділдік, шындық; 3. міндет, парыз; 4. құдай
деп анықтама берілген [2, 21].
Ағылшын мәдениетінде “ақ” түс салауатты да, кіршіксіз таза түс. “White” (ақ) түс
ағылшын халықтарының дүниетанымында
адалдықтың, пәктіктің, мейірімділік пен
бейкүнәліктің, үмітті болашақтың, қуаныш, бақыттың символы. Яғни, ағылшындарда “white”
(ақ) түс құдай, періште және ізгілікті символдайды. Бұл жағынан ағылшын, қазақ тілдерінде
ортақ символдық мәнге ие. Мысалы, Американың әйгілі жазушысы R. Waldo Emerson-ның:
“The grey past, the white future” (өткен заман, үмітті болашақ) деген сөзінде “white” (ақ)
түстің символдық мәні бейнеленген. Інжілдегі әңгімелерде, періштелердің аппақ қос қанаты
мен бастарындағы қалықтаған ақ күміс сақиналары кіршіксіздіктің символы. “White” (ақ) түс
пәктіктің
символы ретінде, балалар ертегілеріндегі “Аққар ханша” (Snow White) сұлу да
сымбатты, зерек те ақ пейіл ару бейнесінде суреттеледі. Ал ағылшын әдебиет, көркем
өнерінде періштелер үнемі
аппақ бейнеде сипатталса, Інжілде ақбоз ат адалдықтың
жаршысы ретінде Исусхристоспен бірлікте әділдік үшін күрес жүргізеді деп суреттеледі
[3, 122]. Әрине, әр халықтың дүниетанымында, символдық жүйесінде ақ
тазалық пен
пәктікті
сипаттайды.
Біз ағылшын тіліндегі “white” (ақ) сөзі қатысқан келесі сөз тіркестерінен ақ символының
мағынасын ашар тілдік бейнелерді айқын көре аламыз.
Ағылшын халқының дүниетанымында “white” (ақ) түс – пәктік, кіршіксіздік символы.
Ағылшын тіліндегі
“whiter than white”
(сөзбе-сөз: ақтан да аппақ) “сүттен ақ, судан тұнық”,
“lily white”
(сөзбе-сөз: ләйлі гүліндей ақ), “white rose of innocence/virginity”
тіркестері
“пәктік, кіршіксіздікті” білдіреді. Ағылшын тіліндегі “white lie” (сөзбе-сөз: ақ өтірік) зияны
жоқтық, “white magic” (сөзбе-сөз ауд.: ақ дұғалау, ұшықтау ) “ұшықтау”, “white witch”
(сөзбе-сөз ауд: ақ бақсы әйел) “бақсы әйел” тіркестері де “white” (ақ) символының күнәсіздік
мағынасын ашады.
Ағылшын тілінде “white” (ақ) түс – адал, ақ көңілдік символы.
Мысалы, “white soul”
(сөзбе-сөз: ақ жүрек) “адал, ақ көңілділікті”, “white spirit” (сөзбе-сөз: ақ көңіл) “адал, ізгі
ниетті” жанды, “white man” (сөзбе-сөз: ақ адам) “адал, тәрбиелі адам” мағынасын аңғартса,
ағылшын тілінде “white hands”,
“white-handed”
(сөзбе-сөз: ақ қол) “адал, кіршіксіз, пәк”
тіркестері
“red-handed”
(сөзбе-сөз: қызыл қол) “қанды қол” тіркесімен қарама-қарсы
мағыналық жұп құрайды. “white sheep” (сөзбе-сөз: ақ қой) “бұзақылардың
тобындағы ізгі
ниетті адамды” көрсетеді. Ал “make one’s name white again” (сөзбе-сөз: біреудің атын қайта
ағарту) “жаман атын жуып-шаю” деген мағынаны білдіреді.
Ағылшын жұртшылығының танымында “white” (ақ) – киелі, қасиетті түс. Ағылшын
тілінде “white” (ақ) түс – қуаныш-бақыттың символы. Мысалы,
“white day”
(сөзбе-сөз: ақ
күн) тіркесі “бақытты күн” мағынасын білдіреді. “Christmas” – еуропалықтардың ерекше
салтанатты, думанды мерекесі, “A white Christmas” тіркесі ақша қарлы, әрі қуаныш, шаттығы
мол “Christmas” мерекесін сипаттайды. Ағылшын халқының үйлену салтында қалыңдық
дәстүр бойынша ақ түсті той көйлегін киеді. Яғни, ағылшын тіліндегі “full white dress”,
“white wedding veil” тіркестерінің құрамындағы “white” (ақ) пәктіктің, кіршіксіздіктің
нышаны ретінде айнымас адал махаббатты символдайды.
Ағылшындар, әдетте, дәстүрлі
үйлену тойын
“white-runner”
,
“white wedding”
тіркестері арқылы бейнелейді. Бұл
күнәсіздіктің, қуаныш-бақыттың, жақсылықтың символы. Сонымен, ағылшын тіліндегі
“one
of the white days of sb’s life”
(сөзбе-сөз: біреудің өміріндегі ақ күндер) “бақытты шақ”, “white
moments of life” тіркестері бір адамның өміріндегі қуанышты, бақытты күндерін көрсетеді.
Сонымен бірге ағылшындарда “white” (ақ) түс – “кереметтілік” символы. Мысалы:
“white
crow”
(сөзбе-сөз: ақ қарға) “өте сирек кездесетін бағалы зат”.
“White” (ақ) түс – ағылшын тілінде үміттің, болашақтың символы ретінде көрініс
табады. Мысалы: “white future” нұрлы болашақ; “white hope” (сөзбе-сөз: ақ арман) “зор үміт”.
Ағылшындарда “white” (ақ) түс – “жоғары
дәрежелі билік орнының, құқықтың”
символы. Мысалы, ағылшын тілінде “Ұлы Британия үкіметі”
“Whitehall”
(Ақ сарай),
Америка үкімет сарайы
“the White house”
(сөзбе-сөз: Ақ үй) “Ақ үй”, “Ақ сарай”,
“White
61
House Office”
деп аталады. Ал “white book” немесе “white paper” (сөзбе-сөз: ақ қағаз, ақ
кітап) тіркестері “үкіметтің саяси құқық қағазын” білдіреді.
Әлеуметтік шығу тегіне қарай ағылшын мәдениетінде “white” (ақ) түс ақ сүйек – жоғары
саты, аристократияны құрайтын генеологиялық жағынан бөлінуді, “ақ нәсілді,
тәрбиелі,
тектілікті” символдайды. Мысалы, “white man” (сөзбе-сөз: ақ адам) “ақ нәсіл, текті, тәрбиелі
адам”, “white man’s burden” тіркесі “ақ нәсілділердің борышын” және “white single male”
тіркесі “ақ нәсілді бойдақ” мағынасын білдіреді.
Ағылшын тілінде “white” (ақ) сөзі “ой жұмысын” сипаттайды. Мысалы,
“white-collar
workers”
Достарыңызбен бөлісу: