Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Научный руководитель: к.п.н., доцент Ергазина А.А



Pdf көрінісі
бет55/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Научный руководитель: к.п.н., доцент Ергазина А.А. 
 

УДК 81 
 
БАҚ-дағы фразеологизмдердің аударылу 
Орымбасарова Г.М 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
 
Аннотация:
БАҚ-дағы фразеологизмдердің аударылуы. Перевод фразеологизмов в 
СМИ.
Translation of phraseology in Mass Media 
Ключевые слова:
Фразеология – Фразеология – Phraseology 
Эпитет - Эпитет – Epithet 
Литота – Литота – Litotes 
Параллелизм – Параллелизм – Parallelism 
Анафора – Анафора - Anaphora 
Эпифора - Эпифора – Epiphora 
Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз 
орамдары – фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, 
мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті-эмоциялық, 
суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі 
фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың 
талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір 
бөлігі. 
Фразеология – phrasis -«орам, сөйлемше»; logia – «ұғым, ілім» деген грек сөздерінен 
жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі 
тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл 
білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас 
жиынтығы дегенді білдіреді [1,124]. 
Фразеологизм,тұрақты тіркестер — екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас 
бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен 
фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, 


56 
фразеологиялық орам, сияқты атаулармен аталып жүр. Фразеологизмдер құрамына қандай 
тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу 
тиянақтылығын, мағына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады. 
Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан 
даяр қалпында жұмсалатын еркін сөз тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. 
Фразеологизмдердегі осы аталған тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес 
тұрақтылығы тілдің басқа да категорияларымен ерекшеленіп, өзіндік тұлға, бітім бейнесімен 
дербес тұрады. Бұл олардың тілдік бірлік (единица) ретінде танылуына мүмкіндік береді. 
Фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және 
поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың 
тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни, нанын-сеніміне байланысты 
туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін, тұрақталу негіздерін зерттеу, 
сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен 
қатар этнос өмірімен астасып жатқан мызғымыс тұтастығымен, этнолингвистикалық, 
экстралингвистикалық факторлармен қызықтырады. 
Фразеологизмдер және олардың зерттелу жайы, фразеологиялық бірліктердің қызметі 
және эмоционалдық-экспрессивтік бояуы, фразеологизмдерді аудару мәселелері, бейнелі сөз 
тіркестерінің көркем шығармалардағы стильдік қызметі және оларды аударудың кейбір 
амалдары т.б. да мәселелерге назар аударады. 
Сөзсіз, шет тілді меңгеру барысында, біз сол халықтың өмірінің
мәдениетін, тарихын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін ұғынамыз, рухани байи түсеміз. 
Фразеологиялық бірлікке Л.Аханов мынандай анықтама береді: «Мағынасы жағынан 
ажыратылмай, тұтасымен бір бүтін мағынаны білдіретін, бірақ сөз тіркестерінің бір бүтін 
мағынасы лексикалық сыңарлардың мағыналарының бірігіп тұтасуынан тұрақты 
фразеологиялық сөз тіркестері». Бұлардың лексикалық мағынасы толық сақталған сөздерден 
бірігіп, тіркестің бүтін мағынасы сөз тізбегінің мағынасымен астарлас, образды, астарлы 
болады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып 
кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Ал ағылшын тілінде: to give a person a blacklook – 
ашулы немесе ала көзбен қарау. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең 
алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған [2,24]. 
Фразеологизмдер мағынасындағы эмоциялы-экспрессивті реңктер публицистикалық 
стильде негізі ақпараттық және ықпал беруші қызметін атқарады, және сондықтан да 
публицистикада 
жиі 
қолданылады.Ағылшын 
публицистикасында 
кездесетін
фразеологизмдердің негізгі түрлеріне мысал келтірсек: 
1.
Атаулы (зат есім мәнді), заттың, ұғымның, құбылыстың атын 
білдіретін сөздер.
(on) the last leg of one’s trip – сапар соңында 
On the last leg of his trip, the Egyptian president will visit the Khrunichev Space Centre.
2. Етістікті, заттың қимылын, іс-әрекетін, күй жайын сипаттау. 
To hit the nail on the head – дәл үстінен түсу 
Yet it would be better advised to help Russia with money - this may sound cynical but it 
would hit the nail on the head, our independent environmentalists say. 
3.
Анықтауыштық, заттың сынын, сапасын, сипатын білдіреді. 
Blue blood –бекзат нәсілді 
Khodorkovsky's predecessors came from Chernigov, Kharkov, Moscow; an architect, a 
church icon restorer and an entrepreneur; there were Jewish raznochintsy (intellectuals not 
belonging to the gentry) on the one side, and blue blood on the other. 
4. Үстеулік, қимылдың, іс- әрекеттің сындық, сапалық, бейнелік сипатын білдіру 
to look like a million – керемет, әрлі көріну 
The Russian female spends her hard-earned money to look like a million bucks - while you, 
the male, return the favor by paying the dinner bill. 


57 
To look a like a million сөз тіркесін фразеологиялық тізбектің еркін және тұрақты тіркес 
қатарына жатқызуға болады. Бұған дәлел екінші мысалда келтірілген газет мақаласынан 
алынған to look like a million сөз тіркесі болып келеді.
5. Модальді, сөйлеушінің өз әңгімесіне деген әр түрлі қатынасын білдіреді. 
It’s not my cup of tea – бұл менің талғамыма сай емес 
But then it dawned on me that strict realism is not my cup of tea. 
1.
Салдарлық не байланыстырушы, яғни сөйлемнің жеке немесетұтас 
бөліктерін байланыстырушы кызметін атқарады 
All in all – тұтас,бүтіндей 
All in all, Rosinter is planning to expand to 12 restaurants in Ukraine by the end
of 2008. 
Газет стильдерінде кездесетін фразеологизмдердің түрлерінен басқа, құрылымдық-
семантикалық белгілеріне қарай идиомаларды да топтастыруға болады, атап өтсек: 
1. Салыстырмалылық, мысалы: 
as large as life – өмірдің ұзақтығына тең 
They knew Rachmaninoff personally and told lots of curious things about him, so that he 
emerged large as life. 
2. Binomials, яғни қос мүшелі, мәселен: 
odds and ends –алуан түрлі,әр текті заттар 
Apparently, the designer has a thing about putting household odds and ends to good use. 
Адамды суреттейтін, бейнелейтін идиомалар: 
to have a heart of gold –ақжүрек адам 
The murderer is not really a murderer but a man with a heart of gold. 
Hard as nails –дөрекі, қаһарлы 
On the domestic front, Thatcher proved equally hard as nails and slashed public spending 
every bit as ruthlessly as Ronnie back in the U.S. 
Сезім мен көңіл-күйді білдіретін идиомалар: 
to be on cloud nine –өте бақытты болу 
When you are smoking a cigar, you feel you are on cloud nine. 
to look (to be) down in the dumps - жабырқаңқы, көңілсіз болу
Hefner and Holly Madison, one of E!'s "The Girls Next Door," are no longer dating. Hefner 
said he's been "down in the dumps" about the split. 
Газет мақалаларының тақырыбы фразеологиялық орамнан тұруы мүмкін. Себебі 
тақырып ақпараттық мәннен гөрі, әсерлі қызметін атқаратындықтан, фразеологизмдердің 
қолданылуы орынды болып келеді. Сонымен қоса, олар оқырмандардың назарын аудару 
рөлін де атқарады.
Бұқаралық газет стилінде фразеология ең маңызды компонент болып табылады. 
Бұқаралық газет тілінде екеу араның қарама-қарсы диалектикалық қарым қатынасы болып 
табылады. Баспасөз беттерінде фразеологизмдерді қолдану ақиқаттық көзқараста ерекше 
маңызы бар [3,17].
Журналистер фразеологизмді кіріспе сөзде тақырыпта творчестволық қолданады. 
Мәтінді жариялау кезінде газеттің тақырыбына назар аудару үшін қолданылады. Осындай 
тақырыпта жазатын экспрессия қоғамда атақты бола алады. Осыған мысал жоқшылық, 
жоқшылыққа жолығу, еңсесі түсу. Семантикалық және құрылымдық-стилистикалық өзгеріс 
фразеологиялық тіркестерде фразеологизмнің тіркесіне бір бөтен сөз қосылған жағдайда 
мағынасы жойылып кетеді.
Тақырыптағы өзектіліктің қолданылуы сөз тіркесіне қызықты үлгі, құрылымның, 
фразеологиялық тіркестің ритмикалық шығысы енгізіледі: сыйға - сый, сыраға –бал [4,47]. 
Мұндай құрылымға тек фразеологиялық элементтер әсер етеді. Тақырыптық өзгерістің 
айналымы өзінің алғашқы мағынасынан семасиологиялық қолдау алады, мұндай қолдаусыз 
актуализациялық фразеологизм өзінің қызметін атқара алмас еді, яғни оқырмандарға ойды 
айқын, көркем жеткізе алмас еді. Қашықтық шектегі актуализация кезінде ішкі форма 


58 
(лексика-грамматикалық тұтастық) фразеологиялық тіркесте ешқандай өзгеріссіз тек 
мәтінде қайта ойлау болады. Материалдарды оқығанда негізгі ой басқа рең береді. Мұнда 
көптеген ойнақы сөздердің тізбегі, жеке сөздердің тура және ауыспалы мағынасында 
фразеологиялық айналымның құрамына кіретін сөздер жатады.
Қорыта айтқанда, жаңа өз бетінше құрылған метафорлық құрылым, және фразеологизм 
жалпы тілдік метафора мен үйреншікті фразеологиялық тіркестің нормативтік реңде 
қабылданады. Бұл екі жоспарлы ойды және көркемдік мүмкіндікті туғызады. Газет 
беттерінде фразеологизмдерді қолдану өз ойын, сезімін, сынын, көркемдігін, ана тіліміздің 
сөз байлығын, мәнерін жеткізе аламыз. Баспасөз беттерінде фразеологизмдерді жалпылай 
қолданып келуде[5,268]. 
 
Фразеологизмдердің қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылу деңгейі қай шамада, 
публицистикалық жанрға тән ерекшелікке байланысты тұрақты тіркестердің өзіндік қандай 
лингвостилистикалық табиғаты бар деген мәселелерге тоқталудың, зерттеудің маңызы зор 
болса керек. 
Зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып баспасөздегі фразеологизмдерді екіге бөліп 
қарастырсақ: 1) Баспасөздегі дәстүрлі фразеологизмдер.
2) 
Баспасөздегі 
авторлық 
қолданыстағы 
фразеологизмдер. 
Қазіргі 
баспасөзде 
жалпыхалықтық формадағы фразеологизмдер жиі қолданылады. Оған себеп халқымыздың 
қанына сіңген ерекше қасиеті, сөз шеберлігі мен шешендік өнеріне деген ықылас-ынтасы, сөз 
мағынасының тереңдігін көздеуі, «ақынжанды» болмысы, тағысын тағылар қаламгердің осы 
қазынадан
керегінше алуына мүмкіндік туғызады.
Фразеологизмдер ең алғаш ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазу тілінде қолданылып 
жалпыға танылады. Көптеген ғалымдар фразеологизмдердің өзіне тән негізі мынандай 
болады дейді: 
1. дайын тілдік бірлік ретінде қолданылады; 
2. жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады; 
3. мағына жағынан бірлігі сақталады; 
4. екі сөзден кем болмайды. 
Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын (идиома, сөз орам, мақал-мәтелдер) бәрі де 
ең алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық 
саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді [6, 37]. 
Фразеологизмдер өздерінің бейнелік құрылысы жағынан да әр алуан болады. Онда 
тұрақты эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты әсірелеу сияқты поэтикалық тіл үлгілерінің бәрі де 
бар. 
Тұрақты литота: Әсірелеуде белгілі бір зат не құбылыс шамадан тыс үлкейіп айтылса,
литотада, керісінше, өте кішірейтіліп айтылады. Мысалы, тізе бүкпеу, бел жазбау, кірпік 
қақпау т.б. Фразеологизмдерге образдылық мәндер беретін синтаксис, фонетика және ырғақ 
сияқты көптеген тәсілдер бар. Бұл тәсілдер тұрақты сөз тіркестерін поэтикаға жақындатады. 
Мәселен, фразеологизмдердің көпшілігі шендестіру, дамыту, параллелизм, анафора сияқты 
поэтикалық синтаксиске құрылған.
Шендестіру (антитеза) жолымен құрылған тұрақты сөз тіркестері: мың асуға бір тосу, 
бірде бие, бірде түйе т.б. 
Оксиморон – мағынасы қарама-қарсы антоним сөздер ара тіркесіп, бір ұғымды 
білдіреді: тірі өлік, (тірі аруақ), тірі жетім, жаман жақсы көру, ілгері басқан қадамы кері 
кетті, жіпсіз байланды т.б. 
Параллелизм: киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, гүл өссе жердің көркі, қыз 
өссе елдің көркі, сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес т.б. бұл құбылыс мақал мен 
афоризмдерде жиі кездеседі.
Анафора: Сөзді немесе сөйлемшені сөйлемнің басында бірыңғай қайталауды анафора 
деп атаймыз. Қол-қолды табады, көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады
бояушы-бояушы дегенге сақалын бояйды, ауыздан-ауызға таратады, т.б. 


59 
Эпифорада: қайталанатын сөз керісінше сөйлемнің аяғында келеді. Мысалы, жаз 
шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла, аласаны атқа санама, жақыныңды жатқа санама, т.б. 
Дәстүрлі фразеологизмдердің қолданылуы газет беттерінде, әсіресе тақырып, айдар 
беруде жиі көзге түседі. Себебі тілімізге ерекше көрік беретін, айтылар ойға терең астар 
беретін фразеологизмдер – оқырман назарын аударатын тәсіл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет