Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет63/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Ключевые слова: 
Пресс, фразеологизм, лингвокогнетивный, этнолингистика, публицистика, репортаж, 
экспрессивный, декларативный, мифология, диахронический . 
Keywords: 
Press, phraseology, cognitive, ethnolinguistic, publicism, reportage, expressive, declarative, 
mythology, diachronic. 
Қазіргі кезде публицистика зор қарқынмен даму үстінде. Публицистика — қоғамның 
әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуіне ат салысатын айбынды кұралы. 
Публицистикалық шығармаларда еліміздің ішкі-сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль 
проблемалары сияқты актуальды мәселелері сөз болады. 
Публицистикалық стильге қойылатын талап — қандай тақырыпқа жазылса да, 
логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол — тілдік кұралдарды 
қолдана білуден байқалады. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған 
үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публицистикалық шығарманың тақырыбына, 
мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті 
синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар. 
Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды 
қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге 
жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі 
жағынан ғылыми стильге жақын екені байқалады. 
Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның 
тіл ерекшелігі болады. Бас мақала, информациялық хабар, очерк, халықаралық шолу
памфлет, радио мен телевизордан берілетін хабарлар және т. б.
Публицистикалық стильдің ауызша түрі — шешендік сөз. Публицистиканың бұл түрі 
өте ерте дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі 335 жылы жазылған Аристотельдің 
“Риторикасында” шешендік сөздің құрылысына жан-жақты талдау жасалынады. 1748 жылы 
Ломоносовтың “Краткое руководство к красноречью” деген кітабы басылып шығады. 
Публицистикалық стильге Бұқаралық ақпарат құралының тілі жатады. Ол қай кезеңде 
де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде 
публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық 
салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы 
публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. 
Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, 
тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда 
болуы – бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды. 
Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз 
алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты 
мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті. 
Ағылшын тілінің фразеологизмдерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В.Кунин есімімен
тығыз байланысты. Оның ағылшын тілі тіркестерінің табиғатын зерттеуге арналған біршама 
еңбектері жалпы тіл біліміне, оның ішінде салғастырмалы бағыттағы зерттеулерге негіз 
болды. Соңғы кезде қазақ фразеологизмдерін басқа түркі тілдерімен, орыс, неміс және 
ағылшын т.б. тілдеріндегі тұрақты тіркестермен салыстыра-салғастыра зерттеу мен сөздіктер 
жасау жақсы жетістіктерге жетуде. Бұл ретте А.К.Мырзашева етістікті фразеологизмдерді 


64 
қазақ және орыс тілдерінде салыстыра зерттесе, Г.К.Карбозова неміс және қазақ тілдеріндегі 
фразеологиялық теңеулерге құрылымдық және мағыналық жағынан талдау жасайды[1].
Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестердің құрылымын кешенді зерттеген Г.Л.Апперсон, 
А.Маккай, Линда және Роджер Флавэлдердің еңбектерін айтуға болады. Фразеологизмдер 
дегенде, оның ерекшеліктері туралы Р.Авакова былай дейді: «Тіл халықтың рухани 
байлығының ең қажеттілерін-мифологиясын бойына жинайды. Осындай тіл фактілеріне 
талдау жасау мәдени тамырларымызға үңіле түсуге, оның құпия сырларын түсінуге септігін 
тигізеді. Фразеологизмдерді мифтік танымға, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға әкеп жүктеу, оларды 
бір-бірімен байланысты дүние ретінде қарастыруға, оларды мәдениеттің құрамдас бір бөлігі, 
ұлттық тілдегі бейнесі деп тануға жол ашса, екінші жағынан, ғылымдар сабақтастығын (тіл, 
мәдениет, тарих, фольклор, этнология, әдебиет және т.б) жан-жақты теориялық тұрғыдан 
аша түсуге мүмкіндік береді» [23, 30]. Ендеше фразеологизмдер барлық ғылымдар 
саласымен де тығыз байланысты екен. Соған байланысты қазіргі кездегі 
лингвомәдениеттанудың диахрониялық, салыстырмалы, салғастырмалы және лингвомәдени 
лексикография сынды салалары дамып, оның мәселелері осы салалардан айқын көрініс 
табуда. Сондықтан да аталмыш ғылым саласы мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын 
танып, тілде көрініс табатын мәдени құндылықтардың қолданылу жүйесін қарастырады. 
Лингвомәдениеттану бағытында салыстырмалы-салғастырмалы түрде әр түрлі тілдердің 
тілдік ерекшеліктерін зерттеген А.Вежбицкая англо- саксондықтар мәдениетін былайша 
сипаттайды: «Культура, которая обычно смотрит на поведение, без особого одобрения 
оцениваемое как эмоциональное, с подозрением и смущением. В этой связи можно обратить 
внимание на то, что английские непереходные эмоциональные глаголы, как правило, 
выражают негативные неодобрительные оттенки. Англичанам не свойственно отдаваться 
чувствам. Сама культура побуждает их be glad, а не rejoіce,be sad но не pіne и be angry 
скорее, чем fume или rage и т.д.». Одан әрі автор: «Ағылшын тілінен орыс тілінің 
айырмашылығы оның «активті» эмоционалды етістіктерге (қуану, сағыну, мұңаю, қобалжу, 
мазасы кету, қайғыру, мақтану, қорқу, үрейлену, ұялу, қызықтау т.б.) бай екендігімен 
ерекшеленеді. Осы етістіктердің көпшілігі ағылшын тіліне аударуға да келмейді» дей 
отырып, орыс тілінің етістіктері «-ся» жұрнағының көмегі арқылы жасалған. Бұл сол 
етістікке сыртқы әсердің ықпалымен эмоциялық реңк үстеледі емес, олар өз-өзінен сондай 
бояуға ие болып тұрғандай әсер қалдырады» [2], - дейді.
1.The small boy was very brave. Even when the large dog grawled at him and showed its 
teeth 
he 
stood and 
did 
not 
turn 

head. Бұл жердегі идиома «did 
not turn a 
head».Кішкентай ұл өте батыл болған. Ол тіпті ит үрген кезде, қорықпай бір орында тұраберг
ен деген мағынаны білдіреді. Ал, идиомасын сөзбе-сөз аударсақ, 
«ол басынбірде-
бір қозғаған жоқ» десек, сөздің мағынасы өзгеріп кетеді де, тіпті түсініксізболып қалады[3]. 
2.He was too soft – hearted and could not refuse money to his children and relatives whenever they 
asked 
for 
it. Бұл жердегі идиома «He 
was 
too 
soft 
hearted» 
soft 
– 
hearted деген сөзінде жұмсақ жүрек деген мағынаны білдіреді. Ал былай негізіндеойланып кө
рсек, жүрек жұмсақ болмайды ғой, сондықтан бұл идиома. Толықаудармасы «Ол өте қайыры
мды адам болған. Егер балаға және өз туысқанынаақшалай көмек керек болса, ол көмектен е
шқашан аянбаған». 
3.When the boy asked his parents to allow him to learn to play piano, they agreed because 
they knew he had a good ear for music. Бұл жердегі идиома «good ear for music» ал, оны сөзбе-
сөз аударсақ good 
ear 
– жақсы құлақ. Толық, мағыналыаудармасы – бала өз әке-
шешесінен пианино оқуына баруын сұрады, олар балағарұқсатын берді, себебі балада әнге де
ген ынтасы, қабілеті болды[4]. 
4.In the old films when he heroine was about to be foully murdered the hero always managed 
to rescue her just at the eleventh hour идиома «he just at the eleventh hour». Ағылшын халқында
идиоманы тағы көбінесе жай диалогта пайдаланады. 
Тіл ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс екені баршаға белгілі. Бір тіл бір 
ұлтты танытады. Яғни, кез-келген халықтық ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс 


65 
табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Тіл қазынасына 
жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, 
заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе 
жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы 
жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, 
көлемі шағын-қабат тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе 
ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, 
бір ізге түсіру, олардың мазмұн мәжесіндегі кодқа салынған әр түрлі ақпараттарды айқындау 
тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр. 
Фразеология – «phrasis» – орам, сөйлемше «logia» – ұғым, ілім деген грек сөздерінен 
жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі 
тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл 
білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас 
жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, 
ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. 
Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-
ғұрпына, діни, наным-сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде 
қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның 
тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен тұтастығымен 
ерекшеленеді[5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет